Президент Іс басқармасының апталық басты оқиғалары
Кеш жарық! Өткен аптада ПІБ ұйымдастырған маңызды іс-шаралар мен жаңалықтарға шолу ұсынамыз!
❇️ПІБ МО ауруханасындағы Ядролық медицина орталығы 2024 жылды маңызды жетістікпен аяқтады. Қатерлі ісіктерді диагностикалауға арналған тағы бір радиофармацевтикалық препараттың өндірісін іске қосты. Осылайша, шығарылатын препараттардың жалпы саны жетіге жетті, оның алтауын циклотрондарда өндіреді. Орталықтың 2025 жылға арналған жоспарларымен толығырақ мына жерден таныса аласыз.
❇️ҚР ПІБ Президенттік орталықтың қызметкерлері ардагерлерге қамқорлық көрсету аясында, 88 жастағы Социалистік Еңбек Ері Валентин Петрович Щербаковты құттықтап, оған құрмет пен алғыс білдірді.
❇️Мерекелер алдындағы дайындық аясында ПІБ қызметкерлеріне Этикалық кодекс талаптарын сақтау керектігі ескертілді. Семинар-кеңес қорытындысы мына сілтемеде.
❇️Президенттік орталығының Экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру қызметінің басшысы Нұржамал Шырымбаева бұқаралық ақпарат құралдарына Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында қойылған міндеттердің жүзеге асырылуы туралы айтты. Орталық ұжымы бұл бастамаларды өз қызметіне белсенді енгізіп келеді.