ULYS


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Саналы азаматтарға қазақша сапалы саяси контенттер. Салиқалы сараптамалар ордасы.
Қазақстан және жаһандағы ең соңғы жаңалықтар мен Орталық Азия және Түркі әліміне қатысты ақпараттарды осы жерден табасыздар.
Сайт: http://www.ulys.kz/

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


🍌 Нью-Йоркте қабырғаға жапсырылған банан 6,2 млн долларға сатылды

«Комик» атты инсталяцияның авторы - Маурицио Катталена есімді суретші. Ол бананды Манхэттеннің жеміс-жидек базарынан небары 35 центке сатып алған.

Экспонатты криптовалютамен айналысатын кәсіпкер Джастин Сан сатып алған. Ол бұл бананды «бірегей өнер туындысы» ретінде алдағы күндері жейтінін мәлімдеген.

@ulys1


ҚР Президенті Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл тапсырма берді

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды», — деді Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасына.

«Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат — тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын», — деп олықтырған Президенттің Баспасөз хатшысы.

@ulys1


Су тасқынына жиналған 1,5 млрд теңгені ұрлаған: танымал блогер Перизат Қайрат ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысына қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Қайырымдылықтан түскен ақшаның көбі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалған», - дейді агенттік. Толығырақ

@ulys1


Египетте автобус апатқа ұшырады, үш қазақстандық зардап шекті

Оңтүстік Синайда автобус аударылып, 41 адам жарақат алды, олардың ішінде үш Қазақстан азаматы бар.

«Автобус аударылғаннан кейін 41 адам жарақат алды. Жарақат алғандардың арасында Ресей мен Украинадан келген 31 турист, Қазақстаннан келген үш азамат, Әзербайжаннан үш азамат және төрт мысырлық бар», – делінген хабарламада.

@ulys1


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️ Рудныйда жылу құбыры жарылды

Апатты жағдай қаладағы Топорков көшесінде болды. Жылу құбырлары жақында салынған. Апат болған аймаққа жақын үйлер түн ішінде жылусыз қалған. Тұрғындардың сөзінше, бұл жерге жылу құбырлары жақында салынған.

Жер астынан атқылап жатқан ыстық судың видеосын жергілікті «Наша газета» сайты жариялады.

@ulys1


‼️ Ертең Астанада сол жағалауда жылу мен ыстық су беру тоқтатылады

«8 қарашада Астананың Есіл ауданы сағат 08.30-дан 17.30-ге дейінгі аралықта жылу желісінен ажыратылады. Осыған байланысты жылу мен ыстық су болмайды», - деп хабарлайды «Астана-Теплотранзит» компаниясы.
Компанияның мәлімдеуінше, желіде апат болмаған тек кран ғана ауыстырылады.

Жылуды өшіру бейсенбіге жоспарланған, ауа райының қолайсыздығына байланысты жөндеу жұмыстары жұмаға ауыстырылды.

@ulys1


⚡️ Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетті

Бұл туралы Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон мәлімдеді.

Дәл қазір Трамп Палм-Бичтегі штабта жақтастарының алдында сөз сөйлеуге дайындалып жатыр. Суретті ұлы Эрик Трамп жариялады.

@ulys1


Алматылықтар, жер сілкінісін сезіндіңіздер ме?

📈ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен бүгін, 5 қараша күні Астана уақытымен 10:01 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ.

@ulys1


⚡️ Оралда 1,5 млн теңге пара алған сот төрағасы ұсталды

Қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды. Судьямен бірге екі адвокат та құрықталды.

1,5 млн теңге көлеміндегі ақшаны сотталған азаматқа оң шешім шығару мақсатында алмақ болған тергеу шарасын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен облыстық департамент қызметкерлері жүргізіп жатыр.

@ulys1


“Хутор“ ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі делінген Хасан Қасымбаев ұсталды

Өңірдің ПД баспасөз қызметі мәліметінше, азамат К. 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол 2021 жылдың маусымында А-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.

"Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

@ulys1


«Жақын арада оң шешімін табады»: Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытай түрмесінде жатқан Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімдеме жасады.

«Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты біз Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Біз ол жұмысты тоқтатқан жоқпыз. Ол жұмыс белсенді түрде атқарылып жатыр. Менің ойымша, жақын арада оң шешімін табады деп сенемін. Бұл оңай жұмыс емес.

Ол өз жазасын елімізге келіп өтеуге қатысты оның арызы бізге түскен. Ол жазасын елімізге келіп өтегісі келеді. Ол өзінің адвокатымен тұрақты түрде байланыста», - деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Айта кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайынан 4 жарым келі есірткі алып өтпек болды деп айыпталған. Бір жылдан соң Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал отандасымыз өзін шетелдік досы, яғни Адиндо Нонсо Фортуненің арбауына түсіп қалғанын айтқан еді.

@ulys1


Қытайда ұшатын көлік шығаратын зауыттың құрылысы басталды

XPeng Қытайдың Гуанчжоу қаласында ұшатын көлікті зерттеу, дамыту және өндіру орталығының құрылысын бастады.

Жаңа өндіріс орны 180 мың шаршы метрді алып жатыр және төрт шеберхана, сонымен қатар сырлау және жалпы жиналыс бөлмелері болады.

Болашақта кәсіпорын жылына 10 мың автокөлік жасап шығаруды жоспарлап отыр.

Ұшатын көлікке алдын ала тапсырыс беруге болады. Сериялық өндіріс 2026 жылы басталады.

@ulys1


❗️Шерзаттың өліміне қатысты іс бес бап бойынша тергеліп жатыр

ҚР ІІМ мәліметінше, Талғардағы Шерзаттың өліміне қатысты қылмыстық істі Алматы облысының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергеп жатыр. Олар:

🔹адам өлтіру;
🔹бұзақылық;
🔹қорқыту;
🔹қылмысты жасырып қалу;
🔹қылмыс туралы хабарламау.

«Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеп жүр», - деп жазды Ішкі істер министрі Ержан Саденов депутаттардың сауалына берген жауабында.

@ulys1


Белгілі сазгер, ақын Құрманай Бахтиярқызы өмірден өтті

Бұл туралы ақынның балалары Instagram әлеуметтік парақшасында жазды.

Құрманай Бахтиярқызының қазақ өнеріндегі заманауи музыкаға сіңірген еңбегі өлшеусіз. Ол хит әндердің авторы, көркем сөз оқу шебері. Сондай-ақ «Тәттісің балам» әнінің авторы және орындаушысы.

@ulys1


Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады

Иран Израильдің   шабуылы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрап отыр.

Бұл туралы Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі мәлімдеді. Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Иравани Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке арнайы хат жолдады.

«Иран Ислам Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасынан осы ауыр заңбұзушылықты және заңсыз әрекеттерді қарастырып, бұл қылмыстық режимді жауапкершілікке тарту үшін шұғыл отырыс өткізуін сұрайды», – делінген Иранның ресми мәлімдемесінде.

@ulys1


⚡️Талғарда кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады делінген уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

https://t.me/ulys1


⚡️Анкарада терактіден 5 адам қаза тапты

19 адам ауруханада жатыр. Олардың екеуінің халі мүшкіл.

📎Түркияның ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, шабуылға елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясы жауапты болуы мүмкін.

🇹🇷
Оқиға «Тусаш» түрік аэроғарыш компаниясы ғимаратының кіреберісінде болды. Бұл оқиғадан кейін Түркия ұлттық қорғаныс министрлігі Сирия мен Ирактың солтүстігінде әуе операциясын жүргізді. Оның барысында 32 нысан жойылған.

@ulys1


📌 Олжас Бектенов Астанадағы LRT құрылысын тексерді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек нысанның дайындық деңгейі және мегаполистің көлік жүйесін одан әрі дамыту келешегі туралы баяндады.

LRT эстакадасының арқалықтарын төсеу аяқталды. Cтанциялардың  темірбетон конструкциялары құрылысын жыл  соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жеңіл рельсті желінің жалпы ұзындығы 22,4 шақырым. LRT құрамына 18 станция кіреді. 652 адам сыятын 19 жылжымалы құрамды іске қосу жоспарланып отыр.

Төлем көлік картасымен немесе QR-код арқылы төлеу  қарастырылған.

«City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, барлық құрылыс жұмысын аяқтау және LRT-ны іске қосу 2025 жылдың соңына жоспарланған.

@ulys1


Forward from: ERLAN KARIN
Мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтардың елге сіңірген еңбегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтқан жалпыұлттық құндылықтарымен толық үндеседі.
Біріншіден, мемлекеттік марапатқа ие болған азаматтардың басым бөлігі, яғни 450-ден астам адам – жұмысшы мамандықтарының өкілдері, атап айтқанда шахтерлер, көлік қызметкерлері және басқа да өндіріс саласының мамандары. Сондай-ақ жалпы жұмыс өтілі жүздеген жылдарды құрайтын еңбек династия өкілдеріне де айрықша мән берілді. Осылайша, Мемлекет басшысы еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтарын идеологияның маңызды бағыты ретінде дәріптеудің өзекті екеніне назар аударды.
Екіншіден, «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағын алған төрт адамның үшеуі ғылым мен білім саласының өкілдері екенін ерекше атап өту керек. Мұның бәрі ғылым мен білімді дамытуға, ғалымдар мен ұстаздардың мәртебесін көтеруге қатысты нақты іс-шараларды жоспарлы түрде жүргізіп жатқан Президент саясатының бірізділігін көрсетеді. 137 мұғалім мен 80 ғалымның марапатталуы – мемлекеттік саясаттың озық ойлы қоғамды қалыптастыруға, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын насихаттауға бағытталғанын айғақтайды.
Үшіншіден, марапатталған азаматтардың арасында Сержан Шәкірат, Нұрлан Өнербай, Секен Тұрысбеков, Майра Мұхамедқызы, Самал Еслямова және т.б. сияқты өнер саласының майталмандары да аз емес. Сол арқылы Мемлекет басшысы ұлт руханиятын дамытудың және қоғамда жоғары мәдениет қалыптастырудың маңыздылығын паш етті.
Президент Ұлттық құрылтайдың отырысында білім, ғылым және мәдениетті қазіргі қоғамның үштағаны деп атады.
Жалпы, Президенттің Атыраудағы отырыста айтқан идеологиялық тезистері нақты қадамдар мен бастамалар арқылы жүзеге асырылып жатыр.


ҰҚК Қазақстаннан заңсыз жанармай тасымалдаудың 1 205 әрекетін әшкереледі

Қазанда Жамбыл облысы бойынша, Шекара қызметінің департаменті Мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 дерегінің жолын кесті.

Мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып автокөлікпен тасымалданған.

"Жыл басынан бері осы учаскеде ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алдын алынды", - делінген хабарламада.

Аталған деректер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілгені айтылды.

@ulys1

20 last posts shown.