Кешірім сұрау - мойындау ма?
Кеше Ресейбасы Путин Әзербайжан басшысы Әлиевке хабарласып, ұшақтың Грозныйға қона алмағаны үшін кешірім сұрағанын жұрттың бәрі жазды. Бірақ, юұл кешірім сұрау - ұшақты атып құлатқанды мойныдау ма?
Путин не деді?
Путин ұшақ Грозныйға екі кезек қонуға тырысқанын айтты. Сол сәтте Грозный, Моздок және Владикавказға Украина дрондары шабуыл жасап, Әуе қорғаныс жүйесі шабуылды тойтарып жатқанын айтты.
Осылайша: “Украина шабуылдамағанда, бұлай болмас еді”, - дегенге келтірді, астарлап. Бірақ ПВО іске қосылғанда, әуежай жабылмағанын, жұмысы уақытша тоқтатылмағанын, аталған әуежай сол сәтте кез келген ұшақ үшін қауіпті екені ешкімге ескертілмегенін айтқан жоқ.
Қайғылы оқиғаның Ресейдің әуе кеңістігінде болғаны үшін кешірім сұрады. Бірақ: “Ұшақты біз шатасып, атқыладық”, - демеді.
Путин Қазақстан басшысы Тоқаевқа да хабарласты. Онда ла көңіл айтудан басқа артық сөз жоқ.
Ал басқалар не дейді?
Қазақстанның вице-премьері, ұшақ апатын тергеу комиссиясының жетекшісі Қанат Бозымбаев: “Ұшақ сыртқы зақымданудан соң ұшақ Ақтауға ұшқан. Қазақстанның әуе кеңістігіне апатты жағдайда жеткен”, - деді. Яғни, ұшақ Ресейде зақымданған.
Ұшақ ішіндегі жолаушы (кәлима келтірген ер адам): “Грозныйға қонарда соққы даусы естілді. Үшінші соққы қатты болды”, - деді.
Аман қалған стюардесса: “Ұшақ ішінде баллон жарылған жоқ. Өйтсе, ешкім аман қалмас еді. Ұшақ сыртында соққы даусы естілді”, - деді.
Аман қалған қырғыз жолаушы: “Қатты соққы даусы естілді. Сонан соң Каспийдің үстімен ұшып бара жаттық. Бір көзімізді ашсақ, құтқарушылар бізді шығарып жатыр екен. Кімдер екенін, қайда құлағанымызды сұрадық. “Қазақпыз” дегенде жылап жібердік”, - деді.
Батыс барлауы: “Ақтауда құлаған ұшақты Ресей ПВО-сы Украина дронымен шатастырып атқан”, - деді.
АҚШ-тың Ақ Үйі: “Ұшақты Ресей ПВО-сы дронмен шатастырып, атқылаған”, - деді.
Президент Әлиев: “Ұшақ Грозныйда сыртқы зақымданудан кейін Ақтауға ұшуға мәжбүр болған”, - деді.
Қысқасы: Ресейден өзгенің бәрі: “Ұшақты Ресей, нақтырақ Грозный ПВО-сы дронмен шатастырып атқанын”, - айтады.
Шешенбасы Қадыровтың Әзербайжанға жалма-жан көмек ұсынуы мен Путиннің кешірім сұрауы да осы кінәні мойындағанмен тең. Бірақ, Ресей ашық түрде оны мойындамайды. Орыс ақпараты кешірім сұрауды “мойындау” емес, “көмек ұсынған жанашырлық” деп сипаттайды.
Сөзсіз: Қаза тапқан Қазақстан, Әзербайжан және Ресейдің өз адамдарының обалы - Ресейге!