KUSPEKOV OLZHAS🇰🇿


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Education


Мәжіліс депутаты

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Education
Statistics
Posts filter


Солтүстік Қазақстанда 45 ауылдың жабылуы – жан-жақты қарастыруды талап ететін маңызды мәселе. Рас, халық саны аз ауылдарды ірі елді мекендерге қосу инфрақұрылымды жақсартып, қызметтерді қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Бірақ мұндай шешімдердің екінші жағы да бар.

Әр ауыл – туған жердің бөлшегі, тарих пен мәдениеттің куәсі. Жетім қалған жердің босап, иесіз қалуы – тек табиғатқа емес, ұлттық рухқа да зиян. «Жетім жер жау шақырады» дейді халқымыз. Қаңырап қалған ауылдар болашақ ұрпаққа мұра емес, тек өкінішке айналуы мүмкін.

Туған жерінен айырылған адам тек баспанасын ғана емес, өмірінің мәнін, тамырын жоғалтқандай күй кешеді. Оның үстіне, жаңа ортаға бейімделу қиындықтары, жұмыссыздық және басқа да әлеуметтік мәселелер туындайды.

Сіз қалай ойлайсыз, бұл мәселенің шешімін қалай табуға болады?




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🚨 Жүргізушілердің жанайқайы: мәселе шешілді!

19 қараша күні «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 12-424 км учаскесінде жүргізушілерден шағымдар келіп түсті. Толассыз жауын-шашын салдарынан жол жабындысы бүлініп, шамамен 30 көлік кептелісте қалған.

Автомобиль жолдары комитетін дереу жұмысқа жұмылдырып, жағдайды шештік:
🔹 Барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
🔹 Жол жабындысын қалпына келтіру және кептелістегі көліктерді шығаруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
🔹 6 арнайы техника тартылды: тиегіштер, автогрейдер және жол тазалау техникасы.

Қазіргі уақытта жол учаскесінде арнайы техника кезекшілік етуде, жағдай толық бақылауда.

Жүргізушілерге жол ережелерін сақтап, ауа райының өзгерістеріне назар аударуды сұраймыз.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram








Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы мен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Анварұлы қала кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, сондай-ақ қаланың экономикалық әлеуетін арттыру жолдары талқыланды.




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысындағы сұрағым Ұлттық экономика министрлігі вице-министіне:


Қайғылы қаза: Әскердегі әділдік мәселесі

Кезекті әскери қызметшінің қазасы жайлы жаңалық жүректі ауыртты. 27 жастағы капитан Дархан Нұрланұлының өмірі Жаркент гарнизонында қайғылы түрде үзілді.

Ресми деректер бұл өлімді зерттеу барысында барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтқанымен, Дарханның туыстарының пікірінше, істің шынайы себебі толық ашылмаған. Олар әділдік іздеп, тиісті органдарға арыздануда.

Бұл жағдай тек бір отбасының емес, бүкіл қоғамның мәселесі екенін түсінуіміз қажет. Әскердегі тәртіп, қызметкерлердің құқықтары мен қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс.

Дарханның жақындарына қайғырып көңіл айтамын.




Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Forward from: PRO КАДРЫ KZ
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Республиканец Айдарбек ХОДЖАНАЗАРОВ о сложившейся ситуации на рынке зерна

Подпишись на t.me/prokadrykz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Бүгін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің I форумы өтті

Шара Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Форум барысында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, тың игеру науқанының 70 жылдығына тоқталды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің I форумында айтқан бастамаларына қолдау білдіремін. Ол алғашқы тыңгерлердің және қазіргі диқандардың еңбегін ерекше атап өтіп, биылғы рекордтық көрсеткіш – 26,7 миллион тонна астық жиналғанын мәлімдеді. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Сонымен қатар, форум аясында ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері көрсетілген көрме ұйымдастырылды. Отандық өнімдердің сапасы жоғары бағаланып, олардың көпшілігі экспортқа шығатыны атап өтілді.

Бұл форум ауыл шаруашылығы саласының маңызды мәселелерін талқылауға және жаңа шешімдер қабылдауға үлкен мүмкіндік берді. Барша ауыл еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы келесі жылды «Еңбек адамы жылы» деп жариялады. Бұл бастама еліміздегі еңбек адамдарының құндылығын арттырып, олардың қоғамға қосқан үлесін жоғары бағалауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Мен осы бағытта еңбек адамдарына қолдау қозғалысын бірінші болып бастаған едім.

Биылғы WorldSkills Kazakhstan 2024 чемпионаты да осы бағытта атқарылған ауқымды шаралардың бірі. Чемпионат техникалық және кәсіптік білімді дамыту, білікті мамандар даярлау және жастарды еңбекке баулу бойынша маңызды қадамдар жасауға мүмкіндік береді.

WorldSkills қозғалысы аясында Қазақстанда өңірлік және республикалық чемпионаттар өткізіліп, онда еліміздің экономикалық салаларының өкілдері бақ сынайды: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, көлік қызметі, өндірістік және инженерлік технологиялар, құрылыс, әлеуметтік және жеке қызметтер, шығармашылық және дизайн.

20 last posts shown.