ұстаз Ерсін Әміре


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


🕌 "Сейітжан қари" мешітінің Бас имамы
☀️ Құраннан бес қырағат иесі | Хафиз
🌐 Ресми парақша

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2024» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шарада «Жыл уағызшысы» номинациясын ұстаз Ерсін Әміре иеленді.

✈️ t.me/yersin_amire


🗣Тәкаппарлық - 6 бөлім
ұстаз Ерсін Әміренің
«Ихъя улюмид-дин» кітабы бойынша «Нәпсіні тәрбиелеу» тақырыбындағы дәрістер жинағы
@yersin_amire #ihya_audio




сол жақ: 2005 жыл 17 желтоқсан.
Студенттік кез

оң жақ: 2024 жыл. Еркінбек ұстаздың PhD докторлық диссертациясын қорғау сәтінен.
Қос ұстаз, ғалым, дос, Құран хафиздары, 5 және 7 қырағат иелері, елге танымал әрі сыйлы азаматтар, "Сейітжан қари" және "Төле би" мешіттерінің бас имамдары, бірнеше кітаптың авторлары және редакторлары, жүздеген дәріс және уағыздың авторлары.

t.me/yersin_amire

тағы не қосып кетер едіңіз👇🏼


Өзіне ұнамайтын іс болып қалғанда немесе шарасыз халге тап болғанда

قَدَرُ اللَّهِ وَمَا شَاءَ فَعَلَ

Аудармасы: «Бұл - Алланың тағдырға жазғаны, әрі Ол қалағанын істеді».

t.me/yersin_amire #dua #zikir


Артыңа алғыспен, алдыңа үмітпен, жан-жағыңа махаббатпен қара.

- ұстаз Ерсін Әміре
t.me/yersin_amire


🗣Көреалмаушылық - 3 бөлім
ұстаз Ерсін Әміренің
«Ихъя улюмид-дин» кітабы бойынша «Нәпсіні тәрбиелеу» тақырыбындағы дәрістер жинағы
@yersin_amire #ihya_audio




Күнә жасамас алдын өзіңе мына сұрақтарды қой

•Егер саған қазір өлім періштесі рухыңды (жаныңды) алуға келсе, осы істі істегенің сен үшін абзал болар ма еді немесе істемеген болсаң соған қуанар ма едің?
•Ертең қиямет күнінде адамдарға кітаптары беріліп жатқан кезде, кітабың оң жағыңнан беріледі ме сол жағыңнан беріледі ме білмей қиналып тұрған кезде, осы істі істесең сол үшін қуанышты болар ма едің немесе істемесең қуанышты болар ма едің?
•Адамдар Сырат көпірінен өтіп жатқан кезде, сен де солармен өтіп жатсың өтіп кетесің бе, құлайсың ба білмейсің. Сондай қиналып тұрған кезде, осы істі істеді деген сенің кітабыңда жазылып тұрғаны сен үшін жақсырақ па, істемеді деген сен үшін жақсырақ болар ма еді?
•Амалдарың таразыға тартылып жатқан кезде, осы істі істегенің сен үшін жақсырақ болар ма еді немесе істемегенің сен үшін жақсырақ болар ма еді?
•Алланың алдында сұрақ жауапқа тартылып тұрған кезіңде, істерің үшін жауап беріп жатқан кезіңде, осы іс істелген істердің қатарында тұрғаны сен үшін жақсы ма еді немесе істемеді деп тұрған сен үшін жақсырақ болар ма еді?

('Убайд ибн Умайр өзін азғыруға келген әйелге қойған сұрақтары)

- ұстаз Ерсін Әміре
«Рисалятуль мустаршидин»
дәрістерінен
t.me/yersin_amire


Шынайы тақуалардың сипатынан:
- өзіне қатысты болмаған нәрсемен айналыспайды
- өзіне жететін нәрседен артыққа шаршамайды
- өзі мұқтаж болмаған нәрсені алмайды
- өзіне тапсырылған нәрсені тастамайды
- адамдар одан амандықта, рахатта; нәпсісі одан шаршауда, қиыншылықта.


Яғни, шынайы тақуа адам, бұл - адамдар оның тілінен, қолынан рақат тапқан, тыныштықта, амандықта болған, ал нәпсісі одан қиындық көрген, шаршаған адам.

Біз, өкінішке орай, зиянымыз адамдарға тиеді, адамдарды шаршатамыз, ал бірақ нәпсімізді рахаттандырып, демалдырып қоямыз. Шынайы Алланың тақуа құлдары, Алланың достары керісінше болады.

- ұстаз Ерсін Әміре
«Рисалятуль мустаршидин»
дәрістерінен
t.me/yersin_amire


🗣Ашулану - 2 бөлім
ұстаз Ерсін Әміренің
«Ихъя улюмид-дин» кітабы бойынша «Нәпсіні тәрбиелеу» тақырыбындағы дәрістер жинағы
@yersin_amire #ihya_audio


ӨЗІНЕ ҚИЫН БОЛЫП КӨРІНГЕН ӘЛДЕБІР НӘРСЕГЕ ЖОЛЫҚҚАН КЕЗДЕ

اللَّهُمَّ لَا سَهْلَ إلاَّ مَا جَعَلْتَهُ سَهْلاً، وأنْتَ تَجْعَلُ الحَزْنَ إذَا شِئْتَ سَهْلاً

Аудармасы: «Я, Алла! Өзің жеңілдеткен істен жеңіл еш нәрсе жоқ, әрі егер Сен қаласаң, осы қиындықты да жеңілдетесің»

t.me/yersin_amire #dua #zikir


Кімде-кім айыпсыз дос іздесе, жалғыз болып өтеді.
Кімде-кім кемшіліксіз жар іздесе, бойдақ болып өтеді.
Кімде-кім проблемасыз өмір іздесе, бұл дүниеге келмей-ақ қойсын!

• ұстаз Ерсін Әміре
t.me/yersin_amire


🗣Риякершілік - 5 бөлім
ұстаз Ерсін Әміренің
«Ихъя улюмид-дин» кітабы бойынша «Нәпсіні тәрбиелеу» тақырыбындағы дәрістер жинағы
@yersin_amire #ihya_audio


Адамдардың қияметте ең көп айтатын сөзі: “Ертең, ертең” деген сөз мені құртты, мені осы жағдайға түсірді.
Қанша адамдар “Ертең, ертең” деп жүріп өлімнің қалай келіп қалғанын білмейді.

Имам Әбу Хамид әл-Ғазали (Алла оны рақым етсін) осыған қатысты айтады: Негізінде адам шәһуат талына балта шауып, Алла жолында болуы керек. Бір адам бойында күш-қуаты бар кезде қолына балтасын алып келіп бір шыбықты шаппақшы болды. Сөйтті де, ерініп, кейінірек шабамын деп кетіп қалды. Бірнеше жылдан кейін қайтіп келді. Бұның бойынан күші кетті, әлгі шыбық тал болды, бұл болса бойынан күші кетіп шал болды. Сол кезде әлгі балтамен шабамын деген адамға ұқсайды. Шыбық күн өткен сайын күшейе береді, үлкен талға айналады. Ал, жігіт болса күші кеткен сайын, күн өткен сайын шалға айналады. Шал болған кезде, ол әлбетте ана талды шаба алмайды.

Сол секілді бүгін шәһуатыңды жеңе алмасаң, ертеңге қалдыратын болсаң, сен тағы бір күнә жасадың. Күнә жасаған сайын жүрегіңе бір дақ түсті. Тағы ертеңге қалдырдың — тағы жүрегіңе дақ түсті. Сөйтіп жүрек қатая береді, нәпсі күшейе береді, шайтан семіре береді, сен әлсірей бересің. Бүгін саған қиын болған нәрсе бір айдан кейін ешқашан жеңіл болмайды. Алла Тағала құлшылықтардың нәпсіге жеңіл болған күнін жаратқан емес. Ондай күн жоқ. Бүгін саған қиын болған құлшылық, ертең де қиын болады, одан арғы күні де қиын болады. Себебі Алла Субханаһу уа Тағала ондай бір күнді жасап қойған жоқ, сол күнге келген кезде бүкіл жақсы амалдардың барлығы жеңіл болып қалады, жаман амалдардың барлығы саған жиіркенішті болып кетеді. Ондай күн жоқ. Әр күні шәһуат бар, әр күні шайтан бар. Сол үшін де адам үмітің қысқартып, амалын жасауы керек.

ұстаз Ерсін Әміренің «Рисалятуль мустаршидин» кітабы бойынша өткен дәрістерінен
t.me/yersin_amire


АЛЛАДАН ҚАРЫЗЫН ӨТЕУГЕ КӨМЕКТЕСУІН СҰРАП ОҚИТЫН

اللَّهمَّ اكْفِني بِحَلالِكَ عَن حَرَامِكَ، وَاغْنِني بِفَضلِكَ عَمَّن سِوَاكَ

Аудармасы: «Я, Алла! Мені халал еткен нәрселерің арқылы харам еткен нәрселеріңе жүгінуден сақтай гөр, әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаларға мұқтаж етпе!»

t.me/yersin_amire #dua #zikir


🗣Атақ құмарлық дерті - 3б.
ұстаз Ерсін Әміренің
«Ихъя улюмид-дин» кітабы бойынша «Нәпсіні тәрбиелеу» тақырыбындағы дәрістер жинағы
@yersin_amire #ihya_audio

17 last posts shown.