Асхана | Рецепт


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


✔️ | Асхана тақырыбына ашылған алғашқы Канал
😍 | Пайдалы рецепттер | Дәмді тағамдар
😊 | Күн сайын бізбен бірге дайындаңыз
🍽️ | Асхана ханшайымдарына арналған
Сұрақтар бойынша: @arushkkk
сілтеме: https://t.me/joinchat/AAAAAE26OvaEuMqStnhHBA

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Рафаэлло 😍
Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻


Наполеон тортының крем құрамы:
Сүт - 1 литр
Шекер - 300 грамм
Жұмыртқа - 4 бас
Ұн - 120 грамм
Сары май - 320 грамм
Ванильді қант - 10 - 15 грамм
Шекер ұнтағы бетіне себуге - 3 ас қасық


Кастрөлге сүтті құямыз үстіне шекерді саламыз да отқа қоямыз, шекер ерігенше араластырып тұрамыз. Отты жай басып қоямыз. Бөлек ыдысқа жұмыртқаны жарып саламыз да үстіне ұнды салып араластырамыз, отта тұрған сүтті ожаумен жайлап жұмыртқа үстіне құямыз, араластырып тұру қажет (жұмыртқа пісіп қалмас үшін). Түгел араластырып болған соң отқа қойып, крем дайын болғанша яғни қоюланғанша пісіреміз. Оттан түсіріп салқын жерге шығарып қоямыз.

Кремге қосатын сары майды тоңазытқыштан шығарып қойған дұрыс, жұмсарып тұруы керек. Сары майды миксермен жақсылап араластырамыз да үстіне аздап алдында дайындаған кремді салып тұрып араластырамыз, арасында ванильді қантты да қосып жібереміз, мұқият араластырылған соң крем дайын болады.
Дайын болған кремді пәтірдің арасына, сыртына түгел жағамыз. Қалған пәтірді мыжып майда үлпіршек қылып шекер ұнтағымен араластырып торттың бетіне, сыртына түгел сеуіп шығамыз.

Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻


Торт Наполеон
Қамыр құрамы:
Ұн - 750 грамм
Сары май немесе маргарин - 600 грамм
Жұмыртқа – 2 бас
Тұз - 1 шай қасық
Сірке қышқылы (уксус) 5 - 7% - 1, 5 ас қасық
Су - шамамен 220 миллилитр


Екі жұмыртқаны жарып үстіне тұз, сірке қышқылы және суды құйып жақсылап араластырып тоңазытқышқа салып қоямыз. Ұнды електен өткіземіз оның үстіне сары майды үккіштен өткіземіз де ұнмен майды араластырамыз, мыжымаймыз. Үстіне тоңазытқышта тұрған суды әкеліп құямыз да ұнды біріккенше жаймен араластырамыз. Мұқият илеу қажет емес. Ұн шашылмайтындай болып тұрса жеткілікті, содан соң, целлофанға орап тоңазытқышқа кем дегенде 4 - 5 сағатқа салып қою керек.

Тоңазытқыштан қамырды шығарып қалауыңызша бөлікке бөліп жұқалығын 3 - 4 мм болатын етіп жаямыз, жайылған қамырды шанышқымен тесіп - тесіп қойған дұрыс, 200 градус ысытылған пеште 20 минуттай пісіреміз. Бетіне себуге арналған пәтірді 25 минуттай пісірген дұрыс, қаттырақ қызарып піскені дұрыс.

Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻


Фаршталған қызылша😋😋😋

Қажет азық-түліктер тізімі:

- 400 г қызылша;

- 300 г сиыр еті;

- 2 бас пияз;

- қаймақ;

- өсімдік майы;

- тұз;

- қара бұрыш.

Әзірленуі:

Қызылшаны қайнатыңыз. Ет пен пиязды және дәмдеуіштерді бұқтырыңыз. Піскен қызылшаның қабығын аршып, ортасын ойып алыңыз. Осы ортасына бұқтырған ет пен пиязымызды салып, бетіне қаймақ жағып, 15 минутқа пешке салыңыз. Артынша дайын болған тағамды көк шөппен безендіріңіз. Фаршқа күріш немесе мейіз, күріш, қатық пен қант қосылған тәтті фарш қосуға болады. Осымен салаттарымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻


Сондай-ақ құрманың құрамында қанттың көп болатынын ескеру қажет. Құрмада 100 килокалория бар. Сусамырмен ауыратындар құрмадан түбегейлі бастартуы керек. Толық піспеген құрма асқазанда безердің не қатты "тастардың" жиналуына әсер етеді. 

Құрманы жер алдында оның қабығына назар салыңыз. Қара дақтары бар, қабығына зақым келген құрмадан аулақ болған жөн. Өйткені оның сыртында зиянды микробтар болуы мүмкін. Ол іштің өтуіне, жүректің айнуына және ағзаның әлсіреуіне сеп болады.

Шамадан тыс тұтынбай, белгілі бір мөлшерде жесеңіз ғана құрманың пайдасын сезінесіз. Оның құрамында көптеген пайдалы микро және макроэлементтар бар. Магний тамырларды босаңсытса, калий ағзадағы артық заттардың шығып, қан-қысымының төмендеуіне әсер етеді. Пектиндер болса токсинді заттарды жояды. Оған қоса құрма – йодтың таптырмас көзі. Дәрігерлер күніне екі құрмадан көп жемеуге кеңес береді.

Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻


Құрма пайдасы|зияны

Біле жүріңіздер😊


Құрмада қызғылт сары пигмент бета-каротин көп кездеседі. Ол аллергияның қозуына әкеледі. Үш жастан асқан балаларға құрма жеуге болады. Дегенмен оны көп тұтынбау қажет. Өйткені шамадан тыс жеу терінің сары түске боялып, каротинді сары ауруға себеп болады.

Дәмі ауыз қуыратын құрманың құрамында танин көп кездеседі. Танин дегеніміз – медицинада дәрі үшін, тұрмыста қырғыш ретінде қолданылатын емен және басқа ағаштың қабығынан жасалған ұнтақ. Оның асқазанға әсері қатты. Оның әсерінен ересектердің іші қатса, әлі асқазаны әлсіз балалардың ас қорытуы бәсеңдейді.

2-бөлігі👇🏻

Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻




Буглама 🍖

✅ Ет – 500 гр.
Картоп – 1 кг.
Пмяз – 250 гр.
Курдюк – 90 гр.
Тəтті болгар бұрышы – 500 гр.
Баклажан – 400 гр.
Қызанақ – 500-600 гр.
Петрушка – 1 бума
Тұз – 2 ас қасық

✅ Қазанға бірінші слой қылып курдюкты саламыз. Оны пласт қылып тураймыз. Үстіне ет саламыз, бірақ ірі қылмаңыз. Үшінші слой - жартылай дөңгелектеп туралған пияз.
Ары қарай картоп қосыңыз. Егер майда болса бүтіндей, егер ірі болса екіге бөліңіз. Сосын баклажанды ірі дөңгелектеп туралған. Ары қарай тəтті бұрыш, оны тазалап, 4 ке бөліңіз.
Соңғы слой - қызанақ. Тұз қосып, үстінен аскөк себіңіз. Қақпағын жауып, орташа отқа қоямыз. Арада 1,5 сағат өткен соң тағам дайын. Ас болсын!😍

Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻


Варенье косылган кекс!

Кажетты заттар:
-3 жумыртка
-200 гр кант
-200 гр сары май
-200 гр ун
-0.5 ш.к разрыхлитель
-варенье (суйыктыгын коспаныз)

Жасалуы:
-жумырткага кантты косып араластырыныз (миксермен копырту кажет емес, тек кант араласса жетеды)
-онан сон ерыген сары майды косып араластырыныз
-сонында разрыхлитель мен унды косып араластырыныз
-формаларды майлап камырды куйыныз (немесе одноразовая форманы колданыныз)
-камырды формаларга 2/3 болыгын толтырып куйыныз
-0.5 ш.к варенье косыныз (камырдын устынен)
-180 градуста, алдын ала ысытылган духовкада 20-25 минут пысырыныз

Кекс дайын! Ас болсын ☺

Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻


🥟 Көк пиязды тұшпара диеталық түскі аc
✅Рецепт:
Ұн
Тұз
Су
1 Жұмыртқа
✅Салмасына:
4 Жұмыртқа
1 буым көк пияз
Сары май жұмсақ
Тұз
✅Дайындалуы:
1жұмыртқа қосып суға жұмсақ қылып қамыр илейміз.Қамырдың бетін 20минутқа жауып қоясыз.Оған дейін салмасын дайындаңыз ☝🏾️2.Жұмыртқаларды суға пісіріп аласыз.Піскен соң сыртын ашып,майда төртбұрыштарға турайсыз.Көк пиязды да дәл осылай турайсыз да бірге қосып,қалауыңызша тұз сеуіп,бір кішкене жұмсақ сары (бөлме температурасындағы)майды қосып араластырасыз.Дайын 👍🏻
3.Қамырыңызды тағы бір басып,бетін жауып қойып қоясыз да ,5 мин соң алып жұқа етіп ұн себе жаясыз.Төрт бұрыштарға кесіп салмасын салып тұшбара жасайсыз.Қайнап тұрған кәстрөлдегі тұзды суға тұшбараларды салып,2-3 мин немесе қамыры піскенше пісіресіз.Дайын 😊Дайстарxанға берерде айран немесе қаймақпен немесе йогуртпен беру керек.👍🏻Бізде айран (СНЕЖОК)тәтті Ас болсын 🌹

Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻


🍔 Үй бургерлерінің рецепттері

✅Құрамы (порциялар саны 6 адам)

Сиырдың тартылған еті — 900 г Ұнтақталған сарымсақ — 1 асқасық
Тұз — 1 шай қасық
Жаңа ұнтақталған қара бұрыш— 1 шай қасық
Балқытылған ірімшік— 12 тілім
Күнжіті бар бургерлерге арналған тоқаш — 6 дана
Домалақтап туралған қызанақ— 12 дана
Қызыл басты пияз— 12 тілім
Аз тұздалған қияр — 24 бөлік
Айсберг салаты — 6 жапырақ
Кетчуп және майонез — қалауыңызша

✅нұсқаулар

Үлкен ыдысқа тартылған етті, ұсақталған сарымсақты, тұз бен бұрышты араластырыңыз.

6 бірдей бөлікке бөліңіз және тоқашқа сәйкес өлшеммен жалпақ котлетті пішімге келтіріңіз.

Грильді немесе табаны жоғары температураға дейін қыздырып, котлеттерді қызарғанша бір жағынан қуырыңыз.

Котлеттерді екінші жағына аударыңыз да, үстінен ірімшіктің екі тілімін қойыңыз. Тағы бір-екі минут қуырыңыз да, оттан алыңыз.

Тоқаштарды екі бөлікке бөліңіз, оларға тұздық жағып, арасына барлық салманы салыңыз

Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻


Шайға ұсынылатын рулет

✅ Құрамы:

Қамырына:

🔸 Жұмыртқа — 3 д.
🔸 Қант — 5 ас қ
🔸 тұз
🔸 құрғақ сүт — 5 ас қ
🔸 ұн — 5 ас қ

Крем:
🔸 Қоюлатылған сүт — 1 банка
🔸 Банан — 1-2 д.

✅ Дайындау:

1. Жұмыртқаны миксерде қозғаймыз. Қант, тұз қосамыз. Құрғақ сүт, ұн, сода қосамыз. Құймаққа арналғандай қамыр шығуы тиіс.
2. Ас парағына құямыз, шетін түзейміз. 180 °C духовкада 5 -7 минут пісіреміз.
3. Ыстық коржға қою сүт пен банан жағып, жылдам ораймыз.
4. үстіне тәтті нәрсе жақсаңыз болады

Ас болсын! 😋

Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻


МЕДОВИК ТОРТЫ

✅ Қажетті заттар:

✅ Қамырға:

🔹 3шт. жұмыртқа
🔹 1ст. қант
🔹 3 ас қасық сұйық бал
🔹 1шай қасық сода
🔹 3 ст. ун

✅ Кремге:

🔹 0.5 майлы қаймақ (сметана)
🔹 1 ст. қант

✅ Жасалуы:

Эмальды ыдысқа жұмыртқа, қант және балды араластырасыз. Ыдыстагы смесьты газдың баяу отына қойып, қант ерінгенше жиі араластырып тұрыңыз. Смесь оте сұйық болуы тиіс. Қою қылып жібермеуге тырысыңыз. Газдан алып, бір қолымен араластырып тұрып, екінші қолыңызбен аздап ун салып тұрыңыз. Қамыр қолға жабысатындай жұмсақ болуы керек. Ең бастысы ұнды көп салып жіберменіз. Әйтпесе коржиктарды жаю қиынға соғады.

Қамырды 5-10 бөлікке бөліп, оқтаумен коржиктарды (ұнды аямай салып) жаясыз. Жайылған коржиктарды вилкамен тесесыз. Коржиктарды духовкага салып, 220 градуста, 5-7 минут пісіресіз. Піскен коржиктарды духовкадан шығарып, тегіс жерге қойып, болашақ торттын формасын шығарып кесесіз. Коржиктарды бірін үстіне бірін қоймаңыз, әйтпесе олар жабысып қалады, крем жагылмай тұрып.

Ал енді кремді жасау үшін қаймақ пен қантты қосып, миксермен араластырамыз. Әр қабатқа крем жағып, коржиктарды бірін үстіне бірін қоя береміз. Торттын үстіне де, жан-жағына да крем жағып, кара шоколадпен әсемдейміз. Тортты холодильникке 12 сағатқа коямыз. Кремы әбден сіңген торт жұмсақ және өте тәтті болады. Торт дайын.

😋 Асыңыз дәмді болсын! 😋
Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻






😍 10 минутта дайын болатын табадағы пицца 😍
✅ Құрамы: Қамырға
🔹 4 ас қасық қаймақ
🔹 4 ас қ майонез
🔹 2 жұмыртқа
🔹 9 ас қ ұн
🔹 ірімшік
✅ Дайындау:
1. Қамыр сұйық болады. Табаға құйып, үстіне қалаған өнімді сала береңіз (томат, шұжық, қияр, зәйтүн, қызанақ)
2. Майонез құйып, қалың қатпар ірімшік саламыз
3. Орта отта бірнеше минутқа қоямыз
4. Қақпағын жабамыз. Ірімшік ерігенде, пицца дайын Астарыңыз дәмді болсын!😍💖

Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻


Творожный пирог рецепт 🥧🥯🥞
Қамырға:
🔸 500гр ұн
🔸 1 шәй кесе қант
🔸 1 сарымай 200гр
🔸 1 қасық сода


Салмасына:
🔸 350 гр творог
🔸 3 жұмыртқа
🔸 1 кесе қант
🔸 1 ванилин

Дайындалуы:
Бірінші ұнның үстіне майды тёркадан өткіземіз, артынан қант пен соданы қосып песочное тесто жасаймыз. Формаға қамырды жайып саламыз, дайын болған салманы салып, қызып тұрған пеште 180 градуста 40-45 қызарғанша пісіреміз.

Ас болсын🥰

Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻


Торт «Панчо»❤❤❤❤
Бисквит
🔸6 жұмыртқа
🔸1 стақан қант
🔸1,5 стақан ұн
🔸2-3 ас қ какао

Крем
🔸900 г қаймақ 25%
🔸200 г қант

Глазурь
🔸1/2 шоколад
🔸2-3 ас қ сливки 10-20%

1⃣ жұмыртқаны қантпен миксерлеңіз. Ұн мен какао қосып жақсылап араластырыңыз. 26 дм форма. 180 градуств, 40–45 минут. Суытып қойыңыз.
2⃣ қаймақ пен қантты миксерлеңіз. Қаймақтың % көп болғаны дұрыс. Ананас, жаңғақ қосыңыз.
3⃣ бисквитті бөліктерге бөліп тастаңыз.
4⃣ ананастың сиропын сепкілеп жіберіңіз. Әр бөлікті кремге батырып, торт жинаңыз. Ананас , жаңғақты салуды ұмытпаңыз арасына.
5⃣бетін қалауыңызша әрлеңіз. Ас болсын.
Түнге қалдырыңыз. Ас болсын!


БАНАН НАЧИНКАСЫ БАР КƏМПИТТЕР ✅

✅ Қоспалары:
● печенье - 1 пəшкі
● вареная сгущенка - 1ас қасық (толтырып)
● бананның жартысы
● 2 ст.л. грецкий жаңғағы (майдалаңыз)
● ақ шоколад - жарты плитка

✅ Дайындалуы:
1. "Юбилейное" печеньесі. Аздау істегім келді, тек бір пəшкісін қолданып. Алдымен печеньені үгітіп алыңыз.
2. Үгілген печеньеге бір тола қасық сгущенка қосыңыз. Бір қалыпты қоюланғанша қозғаңыз. Бананды тураңыз. Массадан лепешка жасаңыз, үстіне банан салыңыз. Шарик жасаңыз.
3. Үстіне ащы шоколад құйыңыз, пирожное дайын.
4. Бөлшектеп турадым. Ақ шоколадьың жарты плиткасын ерітіп, шет шетіне құйдым. Үстіне үгілген печенье септім.
5. Бірнеше минутқа мұздатқышқа салыңыз. Шоколад кебуі керек.

Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻


Бал мен банан оралған құймақ🥰
Құрамы:
Ұн - 200 гр
Сүт - 150 мл
Йогурт – 2 шай қасық
Жұмыртқа - 1 бас
Ванильді қант - 1 шай қасық
Көпсіткіш (разрыхлитель ) – жарты шай қасық
Шекер - 2 ас қасық
Тұз – бір шымшым
Сұйық май – пісірген кезде қажет
✅Қоспасы:
Банан - 1
Бал (мёд) - қалауыңызша
Даршын (Корица) - 2 шай қасық
Қант ұнтағы - 1 шай қасық

Жасалу тәсілі: Үлкенірек ыдысқа сүтті құйып, барлығын қосып араластырыңыз. Дайын болған қоймалжыңды бір ожаудан табаға құйып тұрып пісіріңіз. Бауырсақ пісіріп жүрген таба болса, асты жабыспай жақсы піседі.
Бананның қабығын аршып, дөңгелектеп тураңыз. Дайын құймақтың үстіне бананның 2 - 3 бөлігін қойып, үстіне 1 шай қасық бал жағып, корица мен қант ұнтағын сеуіп ораңыз. Оралған құймақты ортасынан екіге бөліп қоюға болады.
Дәмді рецепттер осында♥️👈🏻

20 last posts shown.

3 148

subscribers
Channel statistics