Qaytalanbas


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Blogs


Қайталанбас тағдырдың ерікті куәгерлері.
Verba volant, scripta manent. - Айтылған - ұмытылады, жазылған - жоғалмайды.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Blogs
Statistics
Posts filter


75 мыңға дәрі алдым;)


Махаббатты білеміз сойқан қару,
Қорған оттан, суықтан жанға дәру,
Бас киімін елемей тастап кетті,
Ақ орамал басына таққан ару.

Жақсылыққа әр істі балаңыздар
Жақсы сөз, ақ тілекке жараңыздар,
Қолғабын шешіп жүрсін, көптен күткен,
Сақинасы тағылды, қараңыздар.

Гүл шықты, мәуе пісті, мұз да қатты
Бұл күнді күтіп едік ұзақ қатты,
Қалың мал, ана сүті, махірін бер,
Бұ қазақ мұндай қызды ұзатпапты.

😀 “Ернар, ұзатуыма арнау жаз” деген қызға арнау жазуды бастап кеттім😂


Менің Нұрсұлтан деген туроператор досым бар екенін білесіңдер. Сол Нұрсұлтан Жаңа жыл қарсаңында күшті күшті шетелдік турларды ұсынып жатыр.

Мәселен, 27-і ұшып кетіп, 1-2-3 қаңтарда ұшып келуге болады. Мен солай жасадым. Көбірек уақыт өткізейін деген ем, оған уақытым сай келмеді, себебі 4-і Шымкентте болауым керек.


Коронавируспен тиімді күрестіңіз, енді футболдағы вирустарды жеңе аласыз деп сенемін, Мәке!


Сен:
Insta-ны өшіріп, елдің жырақ жүргің келеді

Жұмыс:
әлбетте, Ернар, ма саған сілтеме және жаңа трендтер


Мынандай хат келсе, алаяқтар екенін біліңдер.

Қалай білдім дейсіз бе?

Ну во первых, Дорчик ешқашан ондай сыйлық жасамайды.


Тик-ток

Бұған дейін бірнеше тик-ток аккаунты жүргізіп, тым жоғары нәтижеге жеткізген едім. Оларды алды "Сұрауы бар" мен "Халық үні" аккаунттары. Әр аккаунттың стратегиясы болды. Бірақ, басынан біздің аудитория ел ойлаған "тик-ток" аудитория болады дегенмен келіспедік. Яғни, біздің аудитория о бастан жастар болмайтынын білдік, себебі оларға лайық контент жасау тым қиын.

Бірақ, мен бұл жобаларға кірісерде бір нақты дүниені білдім: адамдардың жас ерекшелігіне қарай әлеуметтік желі қолданысы бар деген өтірік әңгіме. Яғни, интстаграм әйелдердікі, тикток жастардікі деген әңгімені мойындамадым және ел аралап, сапарларда жүргенді үнемі тиктокты ересек адамдар көретінін білдім.

соң-соң, "Халық үні" мен "Сұрауы бардың" принципиал айырмашылығы болды. "Халық үні" - массовый продукт, ел ел жайлы айтады, халықтың шынымен үні болады. Ал "Сұрауы бар" - биліктегілер мен басшыларға сұрау салады. Яғни, кез-келген адамды сөйлететін жер емес.

соған сай сөздер, сұрақтар, процесстер түзелті һәм реттелді. Және журналистердің жеке "мен"-ін ұтымды қолдандық. Оларға атақ керек болды, бізге контент керек болды. Демек, олардың жанарын көпшілікке көрсетуге бағытталған жұмыс атқардық. Және ол да өз жемісін берді.

Әр аккаунтымыз айына 10-12 млн қаралым алып келетін. Сол Холдингтің әлеуметтік желілеріне кіріскенде жалғыз едім, 2023-тің қаңтарында жұмыстан кеткенде 10 шақты адам тек SMM-мен айналысты. Басында барлығын жеке өзім жасайтын едім, тым жақсы нәтижеге жеткен соң тіпті араласпайтын болдым. Тек, сырттай қадағалап, бақылап жүрдім. Бірақ, мен кеткен соң жұмыс атқарған команда айтарлықтай өзгеріс жасай алды дегенді байқамадым, оған ол керек те емес еді, себебі жақсы жұмыс істеп тұрған механизмді құртып керек емес еді.

Бірақ, қанша қаралым жинап, өзім контент жасауға атсалыссам да, тик-токты тұрақты көру һәм қолдану әдеті менде қалыптаспаған екен. Тіпті 2-3 минуттан көп отыра алмаймын осы әлеуметтік желіде. Қалай жасайтындарыңды білмеймін де.


Тик-ток көру дегенді сол күйі түсіне алмай кеттім.


Біз Асель Машанова көп адамға үлгі болатын қоғамда өмір сүреміз.

Мына қоғамнан алшақтағым келетіні содан, бірақ, ерінбей күресу керектігім де содан.


Сонда тәуелді болған жаман ба деген бір ғана сұрақ бар. Жаман емес, егер маған тәуелді дүнием өзім берген уақыт пен махаббатты, өзім салған еңбекті қайтара алар болса.


Ломка

Кеше түнде инстаграмымды уақытша өшірдім.

Күнімен қайта-қайта кіргім келіп, мазам кетті. Қайткенмен соңғы 1 жылда ең басты ақпарат алаңына айналған желі ғой. Күнде де, түнде де ойландым. Ақтардым, сонда қаншама қызық күндер өтті. Бар сапарымның естелігі сол желі.

Бірақ, өшіріп тастадым. Уақытша деймін, тым ауыр тиді.

Инстаграм біреуге қажет екеніңнің псевдо көрінісі іспетті еді. Қайта-қайта көре бересің, ақтара бересің. Әйтеу, сонда бірдеңе бар, сонда бақытың бар, сонда қажетің бар, сонда маңыздысын. Сондай псевдоәлемнің шырмауына кіріп кеттім.

Енді шығу керек. Тәуелсіздік деген сол ғой. Мен шынайы тәуелсіз болғым келеді. Көлікке де тәуелділікті түсінген сәтте бірден сату жайлы ойға келдім.

Мен 30 жасымда ең үлкен тәуелділік пен қысымға, сезімге бас ұрдым. Енді еркіндікке ұмтылғым келеді. Еркін болғым келеді. Сірә, өзім болуы керек жерге өзгелерді салып қойып, соны “мен” деп ойладым. Ал анығында 4 қабырғаның ортасында жалғыз қалғанда мен де, менікі де жоқ екенін ұғындым.

Бұл — адам өміріндегі кезекті кризис шығар. Одан есен-аман өту де керек шығар. 30 жастағы еркек — осы текстінің авторы. Оқыған да оңай емес, ә?!


"Ол менің қызметкерім емес"

Қазір threads-те керемет тренд жүріп жатыр: ФФБ басшысы Тимур мырза АҚШқа бара жатып, ұшақтағы уақытын пайдаланып осы әлеужелідегі сұрақтар мен ұсыныстарға жауап беріп жатыр.

Бәрі негізі бір жігіттің досым жұмыстан бір күнге босатуды сұрағаннан басталды. Сосын мыңдаған адам Турловқа жауап жазып, есін шығарып жатыр, ол да қайтпайды, қолынан келгенше жауап беріп отыр. Ұшақтағы бизнес-класста отырып, көңілі біраз көтерілген шығар.

Аз уақытта контент ұсынушылар, жарнама іздеушілер, стартаперлер мен бизнеске ұмтылғандар төтелеп сұрағын жаудырды. Енді бұл да бір бөлек тренд. Өте сәтті шыққан тренд. Тимур мырза да қоймайды "Сұрақтарға өзім жауап беріп жатырмын, басқа ешкім емес, уақытымды құнсыздандырмаңдар" - дейді.

Негізі, өте сәтті тренд және дәл қазір оны пайдаланып кетудің бір амалы бар. Трендске кіріп, өзіңізді таныстырып, "ал, сұрақтарыңды жаудырыңдар" дейсіз де, сұрақтарға жауап бере бересіз. Және асырып, өзгеше, қайталанбастай жасауыңыз қажет.

Бірақ, шынымен де, өзіңіз өмірде осындай қарапайым һәм арманшыл болмасаңыз, бәрі бекер. Халық сенбейді, үміт ақталмайды.

Осы оқиғада маған тағы бір ұнағаны - Тимур мырзаның жауапкершілікті өзіне алмай, әріптестеріне ысырғаны. "Бұны мен шешпеймін, маркетинг шешеді", "бұл қызметкер менің қол астымда жұмыс істемейді, мен басшысы емеспін" дейді. Яғни, әр басшы өз деңгейінде жауап беру керек деген ұстанымды айқын ұғынған.

Демек, жауапкершілік деген дүние болу керек қой. Сол дүние әркімнің өз деңгейінде толық ұсталуы керек. Министр болып, басқарма басшысына сөз айту жоғынан. Ол өз деңгейінде тиісті шешім қабылдайды. Қабылдауы керек.

Айтпақшы, әлгі трендсті бастаған баланың досын жұмыстан бір күнге жіберіпті.




Маркетиң мен пиардың қайсы бұрын деп сұрады бүгін. Күнімен ойланамын деп жүріп, уақыт таппадым. Енді қазір ойымды жинақтадым.

Айырмашылық мынада:

Маркетиң — қолданушының қажеттілігін өтеу арқылы қаражат табуды көздейді.

Пиар — қолданушымен сенімге толы қарым-қатынас құру арқылы қаражат табуды көздейді.

Бұл мен білетін ең маңызды, ең үлкен айырмашылық. @azamaxambet -тің пікірін білсек те артық емес.


Инстаграмымды уақытша өшірдім. Негізі, баяғыда жасағым келген дүние еді, тек, жұмыс бойынша керек болған.

Енді мынау телеграм-арнам бар.
Фб аккаунтымды жұмыс себепті өшіруге болмайды.


Өкінішті,

Сенің бойыңда махаббатқа бой берер батылдықтың жетпегені өкінішті.

Менің бойымнан саған деген сезімдерге масыл болғанға қарсы тұрар күштің жетіспегені өкінішті.

Өкініш өзекті өртеп, адамның ең қатыгез әрі қапалы әрекеттерге итереді.

Осындайда кішірейетін мен бармын, мойындай алатын сен болғаныңда бақытты болмас едік?!


Люди очень предсказуемые и начинают поступать именно так, как от них стоило ожидать.


Сіз — менсіз.
Ендігі менсіз.
Сіз.

тым қатал шешімге бой ұрып,
тым нашар халдемін, байқашы?!
қиялсыз, армансыз ой құрып,
тоқтайын, өзің де тасташы…

бейшара күй кешіп күні-түн,
беймаза сәттерді ұмытқын,
бөлшекке айналды бір бүтін,
сындырдың,
жиналмас
сынықпын.

өлікпін, мен енді үмітсіз,
сынықпын, жарасы емделмес,
сағынып келіп тұр біреулер,
сен емес.

таңғы аспан, адам аз көшеде,
ай жарық, қапырық, таңертең.
тоқтайық, көлікті өшірдім
ендігі — сен бөтен, мен бөтен…


Forward from: Dei saldym
Марсқа
Кім қайратты
Кім кімге асқар тұлға,
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға?
Неткен ғажап,
Биіктен құлаған тас
Сынғанымен қалады тас қалпында.
Құзар шыңда,
Ойпаңда,
Бұралаңда,
Талайларды сын күтіп тұрады алда...
Быт-шыт болып кетпей ме қам кесектер
Кіп-кішкентай жырадан құлағанда.
Алуан тағдыр берілген бұл адамға
Есегінен ез жігіт құлағанда
Жұбатыңдар,
Аяңдар,
Өйткені оның,
Құм боп кетер жігері жылағанда.
Алуан тағдыр берілген бұл адамға,
Тұлпарынан ер жігіт құлағанда,
Жұбатпаңдар!
Ер адам от-жігерін
Намысына жаниды жылағанда.

Шаханов


Шахановтың “Танакөзін” қазір Мәмбетов театры қойып жатыр ғой. Соған өткенде бардым, бірақ, кіммен барғанымды есіме түсіре алмай басым қатып отыр.

20 last posts shown.