Maqsache Arzaman
Жаңа сөздік (ЖС) чаты/парақшасы жайлы және оның ережелері мен миссиясы:
"Мен қандай чатқа кіріп кеттім?"
- JanaSozdik - қазақша сленг, жаргон, ауызекі тіл, каламбур, метафора және сөз ойынын жинақтайтын сөздік. Бұл сол сөздікті құрастыратын не ұнататын адамдар жиналған қауымдастық.
"Чатта нені ескеруім керек?"
- JanaSozdik-те қазақ тіліндегі лексиканың барлық түрі мен реңі болуы мүмкін, соның ішінде сізге ұнайтын да, ұнамайтын да сөздер. ЖС чаты/парақшасы тәрбие беретін немесе тәрбие алатын жер емес, бұл жай ғана тілдік шынайылық пен сөз ойынын көрсететін жер екенін ескергеніңіз лазым.
"Дін, ұлт, қазақ халқының арман-мұңы һәм жастардың бұзылу мәселесін қалай шешеміз?"
- Бұл жерде ешкім бір-біріне өмір жайлы ақыл айтып, мораль оқымайды. Ел мәселесін шешу және оны көпіріп талқылау - ЖаңаСөздіктің құзыретінде емес. Бұл - жай ғана көңілмен сұхбаттаса отыра, қазақша контент жасауға арналған чат.
- Әлдебір мәселе талқылағанда адамның жеке басына өтіп, балағаттауға қатаң тыйым салынады.
- "Қара" әзіл мен сықақ құпталады.
- Бұл жерде ешкім бір-біріне жау емес - бұнда бәрі әріптес, таныс, дос, бауыр-қарындас.
"Сіз" әлде "Сен"?
- Чаттастар бір-біріне аутоматты түрде "сен" деп сөйлей алады және ол үшін ешкім сізді айыптамайды.
- Арандату, ұлттық және діни тұрғыдан бір-бірін кемсітуге болмайды. Дегенмен адамдар арасында өмір сүргеніміздіктен, қоғамдағы әртүрлі жағымсыз құбылыстарды сипаттайтын сөздерді ойлап тауып, талқылауға және тіркеуге болады. Ол талқы қызу балағатқа, мораль оқу мен қазақ халқының жауларын түгендеу процесіне айналып кетпеуі керек.
Ереже ұстамағандар чаттан қуылуы мүмкін. Әкімші ережені кез келген уақытта өзгертуге құқылы, бірақ ескертуі міндетті.
Жаңа сөз ұсыну ережелері:
1. ЖС-те жасанды сөздер ғана емес, халық аузында бұрыннан бар сленг те қабылданады.
2. Өзіңіз ойлап тапқан не ауыл-аймағыңызда қолданатын кез келген сөзді ұсына аласыз. Мысалы, "зың", "қоянның ізін салу", "қазыны қуу", "нәйіс" сияқты сөздерді де жинақтап, анықтама беріп, тіркеп отырамыз. Себебі ол - қолданыстағы тіл.
3. Жаңа сөздерге орыс тілін араластырмаған жөн. Бірақ оған тыйым салмаймыз. Бұл кеңес - креатив деңгейін ұстап тұру үшін қажет. Себебі орысша араластырып каламбур жасау өте оңай. Жалпы каламбур жасаудың өзі де оңай нәрсе;)
4. Ұсынған сөздің анықтамасында ұсынған сөздің өзі қайталанбағаны жөн. Мысалы, "Ормантика" сөзі болса, анықтамасында "орман" не "романтика" сөзі болмағаны абзал.
5. Ұсынған сөздердің астына #нұсқа деген хештег қою керек, әйтпесе сөз хаттар арасында жоғалып кетеді. Сөзді қолдану мысалын да жазуға болады. Сонда оқырман бұл сөзді қалай қолданам деп ойланбай, бірден түсініп алады.
Сөз ұсыну үлгісі:
Сындыру
Өзің ұнатқан адамыңды баурап алу, ғашық қылу
Мысалы: Қыздар, әлгі Қайрат бар ғой, спортшколда оқыған, соны сындырып алдым ғой.
#нұсқа
6. Чатта сөз ұсынар алдында "іздеу" батырмасы арқылы ұсынар сөзіңізді іздеп көріңіз - оны сізден бұрын біреу ұсынып қоюы мүмкін. Ондай жағдайда оған жаңа ой қосып, дамытып жіберсеңіз болады. Бір сөзде бірнеше анықтама болуы мүмкін.
7. Чатта жаңа мақал ұсынуға да болады, ол үшін #жаңамақал хештегін қолданыңыз.
8. Чатта латын және кирил әліпбиі ғана қолданылады, өйткені ол чаттағылардың басым көпшілігінің әліпбиі. Басқа әліпбиде жазуға болмайды, себебі чаттағылар бір-бірін түсінісе алмай қалады (басқа әліпбимен жазғандарды чат-бот бұғаттап тастауы мүмкін).
9. Бұл чат брейнсторм үшін арналған, өзара сын айтып, шағымдану үшін емес. Біреу ұсынған сөз ұнаса, оған "+" басуға болады немесе ойын дамытып, миборан жасауға болады, ал сөз ұнамаса, оған сын айтып керек емес, үндемей игнорлай салу керек. Жаңа сөздерге сын айту құқы тек чат әкімшісінде болғаны жөн.
10. Чатта қызықты деген жерін оқып, үндемей отыра беруге де болады.
11. Рұқсатсыз жарнама жасамаңыз.
#ереже