Forward from: Соққы және гол!
Черчесов: қазір Мәскеудегі саябақта қыдырып жүрмін
Сондай-ақ Станислав Черчесов қазақстандық жанкүйерлерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
«Қазір жұмысты ойлап, Мәскеудегі Сокольники саябағында қыдырып жүрмін. Сейсенбі күні соңғы үш матчта үш гол соққан Абат Айымбетовке хабарластым. Сол лигада ойнайтын Бақтияр Зайнутдиновті де бақылап жүрмін. Ислам Чесноковтың қайда ауысатыны да басты назарда. Сондай-ақ басқа да ойыншалармен хабардамыз. Барлығына тапсырма берілген. Бапкерлер де, мен де қызмет етіп жүрміз.
Ал желіде тараған қауесет мені таңғалдырмады. Ондайға етім үйренген. Мұндай дүниелерді растайтын да, жоққа шығаратын да Қазақстан футбол федерациясы. Сейсенбі «құраманың бас бапкері – Станислав Черчесов» деген фактпен ресми мәлімдеме жасады. Сондықтан емін-еркін наурызда басталатын ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіне қатысты мәселемен айналысып жүрмін.
ҚФФ жаңа президенті Марат Омаровпен әлі хабарласпадық. Оның күнтізбесі басқа екенін түсінемін. Бірақ міндетті түрде сөйлесу керек. Ақылдасатын дүние жетеді», – деді құрама бас бапкері «Спорт-Экспресске» берген сұхбатында.
Сондай-ақ Станислав Черчесов қазақстандық жанкүйерлерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.