журфак


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Новости и СМИ


қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. админ @ayankalmurat.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Azattyq - Азаттық
Журналист Жәмила Маричеваны полиция бөліміне алып барады

ProTenge жобасының негізін қалаушысы Жәмила Маричеваны полицейлер Алматының бостандық аудандық полиция бөліміне алып барады. Бұл жөнінде журналистің өзі Facebook-тағы парақшасында мәлімдеді. Ол бұл ақпаратты «Власть» тілшісіне де растаған.

«Власть» басылымы телеграм-арнасының жазуынша, оны биыл қаңтарда Азаттық радиосын қолдап, ProTenge парақшасында пост жариялағаны үшін бөлімшеге апармақ. Бұдан бұрын мәдениет және ақпарат министрлігі ProTenge-нің Азаттық туралы постын бөліскені үшін журналист Асхат Ниязовтың үстінен де арыз берген. Жақында оны «жала жабу» бабымен әкімшілік жауапқа тартуы мүмкін.

Маричеваны кешкісін көшеде жүгіріп бара жатқанда ұстаған.

Азаттыққа жазылыңыз


Қойсаңдаршы енді


Азаттық пен Қазақстан СІМ аккредитация бойынша медиациялық келісімге келді.

Ұзақ уақыттан соң қайта аккредитация алуымыз мүмкін 🌸🌸🌸

Қолдаған барлық әріптеске мың алғыс 🫂🫂🫂


масс-медиа туралы заң жобасын осы кісілер қабылдап жатыр, айтпақшы


Тасқыннан кейін ауыл әкімі мен тұрғынның таласы. Азаттықтың Петропавлдан репортажынан үзінді.

Әкімнің дамба деп тұрғаны — жол бойына үйілген ано-о-оу топырақ. Еш пайдасы тимеген. Егістіктер шайылған, мал суға аққан.

Видеодағы кісінің әйелі тауықтарым тірі ме екен деп келіпті. Үміт қой.

Эвакуация орталығындағы қариялардың әңгімесі ауыр. Қатты күйзеліп отыр. Саяжайда тұрады ғой, үйлері заңдастырылмаған. «Оның шығыны өтелмейді» депті. «Жылдар бойы тірнектеп жинағаным еді сол үй еді, сонда менің не кінәм бар? Енді қайда барамын?» деп жылап отыр…

Репортажды толық көріп шығыңдар.


Актер Санжар Мәди су тасқынымен күресіп жатқан Атырауға барып, бірнеше күн ерікті болған. Мынау — сапардан оралып жазған посты. Күліп отырып жылайтын пост екен.


Репост из: Власть о главном
В пострадавшем от паводков Петропавловске к неанонсированному, но ожидаемому визиту президента сегодня покрасили бордюры.

Пресс-служба Токаева ранее информировала, что он приедет в еще один из регионов, затронутых паводком, но не уточнила, в какой.

Видео Тамары Вааль.

Больше о ситуации в Петропавловске - в завтрашнем репортаже на сайте.


Ой ема шығатын жері қайда мынаның 🤣


Берсиев ауылынан бірер сурет 💔

Авторы: Жаңагүл Жүрсін, Азаттық радиосы.


Бүгін Азаттықта Ақтөбедегі әріптес әпкем Жаңагүл Жүрсіннің өте мұңды, жүректі езіп жіберетін видеорепортажы шықты.

Үш жүздей үйінің түгелін дерлік тасқын су астаң-кестең еткен Берсиев ауылының адамдарымен сөйлесіп қайтыпты.

Қара шаңырағы қирап, азын-аулақ малы суға кеткен адамдар қатты күйзеліп отыр…

Ауылда баяғы тіршілік жалғасып жатқан бір белгі жоқ. Жұрт апатты жағдайдағы мектепте түнеп жүр.

Бір аға жаңа туған қозы-лақ пен құлын-ботасының бәрі — 25 бастай малы суға кеткенін айтады. “Өмір бойы жинағаным еді” дейді. Үйі астаң-кестең.

Бір апай тасқыннан соң жалғыз ұлын әскерден күтіп алыпты. “Жұрттың бар тәттісін жинап, күтіп алдым” деп жылайды. Үйсіз қалған ұлының болашағына алаңдайды…

“Қайырын берсін, арты қуаныш болсын” деуден басқа сөз түспейді аузыңа. Сендер де көріп шығыңдар.


Әкесінен соң 24 жастағы Асылхан Нұржаудың да мәйіті табылды.

Марқұмдардың иманы саламат болсын…


Азаттық тілшісі Сәния Тойкен су алған Петропавлдағы ахуалды тікелей эфирде баяндап тұр. Қосылыңдар. Көріңдер.

https://www.youtube.com/watch?v=ueRH5mbZjwg


Бүгін таңертең Құлсарыда 48 жастағы Болатбек Ермекбаевтың мәйіті табылды. Иманды болсын… 24 жастағы ұлы Асылхан Нұржау әлі іздестіріліп жатыр. Олар су астында қалған үйін көруге кетіп бара жатқанда трактор аударылып кеткен.


Қарапайым тұрғын сөйлеген аз видеоның бірі — осы 🙂

Расымен керемет көмектескен шығар, дауым жоқ. Құтқарушыларға құдай қуат берсін.

Бірақ осындай разы тұрғынды көрсеттіңіздер ме, істеріңіз пропаганда емес, журналистика болуы үшін басқаша ойлайтын адамдарға да микрофон ұсыну керек, әріптестер 🙌🏼


«Қазақстан» ұлттық арнасының фейсбук парақшасын шолып, елдегі ең ірі мемлекеттік арнаның тасқыннан қалай ақпарат таратып жатқанын көріп келдім 🤓

Ресурсы мол телеарна екені бірден білінеді. Әр облыстан қайта-қайта тікелей эфирге шығып жатыр. Кейінгі ресми ақпаратты білгісі келген адамға жақсы контент 👍🏼

Бірақ эфирлер мазмұны әдеттегідей біржақты. Осы бір күнде жарияланған видеоларында көбіне құрғақ ресми ақпарат, су көрінетін биіктен тікелей эфир, құтқарылғандар жайлы шағын дерек, депутат пен әкімнің, полицияның сөзі берілген. 👮‍♂️

Позитив хабар да жиі ұшырасады: келіп жатқан гуманитарлық көмектер легі тоқтаусыз, еріктілер жұртқа жәрдем беріп жатыр, тасқын кезде Қостанайда үшем туды, дәрігерлер халыққа психологиялық көмек көрсетіп жатыр, су басқан жердің балалары лагерьде демалады, су алған жерде жүрген сарбазды ауыл адамдары туған күнімен құттықтады… 🥳

Позитив болмасын демеймін. Бірақ көрермен әм салық төлеуші ретінде мемлекеттік арнаның құрғақ ақпарат пен жадыраған видеоларды ғана үйіп тастағаны ұнамай тұр. «Қиын-қыстау заманда халықтың көңілін одан әрі түсірмейік дегені шығар» дерсіңдер. Бірақ журналистиканың мақсаты сол ма? 🤔

Кейінгі бір күндегі эфирлерінде үйі суға кеткен жай адамдардың сөйлегені ө-ө-өте сирек. Өзім қарапайым халыққа микрофон ұсынған екі-ақ видео таптым. Бірі — үйін су алғанын айтқан сабырлы жігіт, екіншісі — әкімдік пен эвакуация қызметінің көмегіне, қойларын уақытында көшіргеніне алғыс айтқан әйел 🤲🏼

Эвакуацияның жүйесіз ұйымдастырылғанын, дер кезінде көмек жетпегенін айтқан тұрғындарды былай қойғанда, қазір жер-жерде адамдар тасқын шығыны қалай өтелерін білмей жатқанын, білгендері оған келіспей жүргенін, үйі суға кеткен адамдар кезек-кезек қайық үрлеп, шығынды әкімдікке тіркету үшін су басқан үйіне жүзіп жетіп, суретке түсіруге мәжбүр боп жатқанын, кейбір ауылдарға құтқарушы мен техника, құм мен қап тапшы екенін көріп отырмыз. Бірақ «Қазақстан» арнасы үйсіз-күйсіз қалған халықты алаңдатып отырған осы не өзге мәселелерді елеусіз қалдырады 🙈

Жалпы мемлекеттік арнаның контентінен күтерім көп емес. Қалай көрсетері белгілі еді ғой. Тек тасқын бойынша ахуалды да толық көрсетпей отырғанын сендер де білсін деп мыжып отырмын 😗


осындай қиын кезде бір күліп алыңдар 🤣





Показано 18 последних публикаций.