POLISIA.KZ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Право


Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары
Новости МВД Республики Казахстан

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Право
Статистика
Фильтр публикаций


✈️🚔Находившегося в межгосударственном розыске россиянина задержали в аэропорту Алматы

11 апреля при прилете авиарейса сообщением Внуково-Алматы транспортными полицейскими совместно с сотрудниками ПС КНБ задержан 32-летний гражданин РФ.

Установлено, что мужчина был объявлен в межгосударственный розыск в сентябре 2023 года за незаконное вовлечение и участие граждан Таджикистана и лиц без гражданства в вооруженных подразделениях, вооруженном конфликте или военных действиях на территории других государств.

В настоящее время задержанный водворен в ИВС. Решается вопрос о его экстрадиции.


✈️🚔Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

11 сәуірде Внуково-Алматы бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін көлік полицейлері ҰҚК шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматын ұстады.

Анықталғандай, ер адамға 2023 жылдың қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қарулы құрамдарға, қарулы қақтығыстарға немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға заңсыз тартқаны және қатысқаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🚨Петропавлда полицейлер су тасқыны аймағында қалған қарт күзетшіні құтқарды

Су қарқыны қатты болды, әр минуттық кідіріс адам өміріне қауіп төндірді

Толығырақ мына жерде.

🚨Полицейские спасли охранника, оказавшегося в зоне затопления в Петропавловске

Вода стремительно прибывала, каждая минута промедления могла стоить человеку жизни

Подробности здесь.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🔹️ Патрулирование и дежурства идут в круглосуточном режиме в СКО

- С приходом большой воды в реке Есиль сотрудниками полиции усилено патрулирование паводкоопасных микрорайонов, участков и сел.

В городе Петропавловске в противопаводковых мероприятиях ежедневно задействовано 984 сотрудника городской и областной полиции.

Все жилые дома и хозяйства, с которых были эвакуированы люди, находятся под нашей круглосуточной охраной. Сейчас продолжается эвакуация жителей села Тепличное Кызылжарского района.

Главная задача — обеспечение порядка, дорожной безопасности, недопущение фактов мародерства, а также оказание всей необходимой помощи населению.

Оперативная обстановка в области находится под контролем полиции, местных исполнительных органов и ДЧС, - отметил начальник ДП СКО Айдын Кабдулдинов.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🔹️ СҚО-да патрульдеу және кезекшілік тәулік бойы жүргізілуде

- Есіл өзенінде үлкен судың келуімен полиция қызметкерлері су тасқыны қаупі бар шағын аудандарды, учаскелер мен ауылдарды патрульдеуді күшейтті.

Петропавл қаласында су тасқынына қарсы іс-шараларға күн сайын қалалық және облыстық полицияның 984 қызметкері жұмылдырылды.

Адамдар эвакуацияланған барлық үйлер мен шаруашылықтар - біздің тәулік бойы қорғауымызда. Қазіргі таңда Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда.

Басты міндет - тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тонау фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ халыққа барлық қажетті көмекті көрсету.

Облыстағы жедел жағдай полицияның, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай департаментінің бақылауында, - деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡Түркістан облысының полиция департаментінде 10 ерекше баланың арманы орындалды

Болашақта полицей болғысы келетін балалар жедел басқару орталығында болды

Толығырақ мына жерде.

⚡Мечту 10 особенных ребятишек осуществили в департаменте полиции Туркестанской области

Дети, которые хотят в будущем стать полицейскими, отправились в ЦОУ

Подробности здесь.


🔹️ Қазақстанда “Бекіре” акциясы жалғасып жатыр

Ақпарат Polisia.kz сайтында.

🔹️ Акция “Бекіре” продолжается в Казахстане

Информация на сайте Polisia.kz.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#НАШАПОЛИЦИЯ

⚡️Атырау облысында полицейлер жоғалған ер адамды дронның көмегімен тапты

Жылыой ауданының полициясына 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Бүгін таңертең Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде су тасқынынан пайда болған аралдан полиция қызметкерлері дронның көмегімен 49 жастағы ер адамды тапты.

Ер адамның жағдайы тұрақты, туыстарының жанында.

***

⚡️Пропавшего мужчину нашли с помощью дрона полицейские в Атырауской области

В полицию Жылыойского района поступило сообщение о том, что 49-летний мужчина выехал из села Карагай на лодке в город Кульсары и пропал без вести. Сотрудники полиции с помощью дрона сегодня утром на острове, образовавшемся от наводнения в 10 км от населенного пункта Карагай, обнаружили 49-летнего мужчину.

Мужчина в стабильном состоянии, находится рядом с родственниками.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#НАШАПОЛИЦИЯ

⚡️Атырауда полицейлер бөгет нығайтуға атсалысуда

Атырауда су тасқынына қарсы жағалау бөгеттерін нығайту мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері еріктілерге көмектесуде.

- Төтенше жағдайға байланысты біз де қаламызды аман алып қалу үшін атсалысудамыз. Қазір күндізгі ауысымнан шығып, әріптестермен бірге адам  жетіспей жатқан ауданға көмектесудеміз,-деді  Атырау қаласы полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының рота командирі Дәуренбек Шоқпытов.

***

⚡️Полицейские участвуют в укреплении противопаводковых дамб в Атырау

Сотрудники батальона патрульной полиции помогают волонтерам.

— В целях предупреждения паводков в Атырауской области объявлено чрезвычайное положение природного характера. В этой связи мы также участвуем в спасении нашего города. Сейчас мы выходим с дневной смены и вместе с коллегами помогаем районам, где не хватает волонтеров, — сказал командир роты батальона патрульной полиции УП города Атырау Дауренбек Шокпытов.


🐟 Атырау облысында жарты тоннаға жуық бекіре тәркіленді

Атырау облысы аумағында 1 сәуірден бастап "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Өңір полициясы балықтың заңсыз айналымымен байланысты алты құқық бұзушылықты анықтады. Төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жеті су қайығы, сегіз автокөлік, сонымен қатар 435 кг бекіре және 2 кг 500 гр. бекіре балығының уылдырығы тәркіленіп, "Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытына" тапсырылды.

🐟 В Атырауской области изъяли почти полтонны осетра

На территории Атырауской области с 1 апреля проводится оперативно-профилактическое мероприятие "Бекіре".

Полицией региона выявлено шесть правонарушений, связанных с незаконным оборотом рыбы. По четырем фактам проводятся досудебные расследования.

Изъято семь водных катеров, восемь автомобилей, а также 435 кг осетра и 2 кг 500 гр. икры рыбы осетровой породы. Они переданы в "Урало-Атырауский осетровый рыбоводный завод".


⚡Димаш Кудайберген поблагодарил военнослужащих Национальной гвардии МВД РК

Сейчас гвардейцы, как и все силовые структуры, вносят свой вклад в борьбу с паводками. Свою благодарность военнослужащим выразил всемирно известный певец Димаш Кудайберген.

В настоящее время труд гвардейцев очень велик. Не будет преувеличением сказать, что трудиться день и ночь ради мира и безопасности нашего народа – это подвиг. Эта храбрость гвардейцев запомнится навсегда, – сказал он.

Певец побывал в родном Актобе и пожертвовал в благотворительный фонд 15 млн тенге.


⚡Димаш Құдайберген ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді

Бүгінде ұландықтар елдегі күрделі жағдайға байланысты күн-түн демей халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін күресіп жатыр. Осы орайда, барша әлемді тамсандырып жүрген әнші Димаш Құдайберген Ұлттық ұлан жауынгерлеріне өз алғысын білдірді.

– Қазіргі таңда ұландықтардың атқарып жатқан еңбегі орасан зор. Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсізді үшін барын салып қызмет атқару – ол да бір ерлік десем артық айтқаным емес. Ұландықтардың бұл ерлігі ел есінде мәңгі қалады, – деді Димаш Құдайберген.

Халықтың қалаулысы Димаш та игі істен шет қалмай, туған жері Ақтөбеге сапар жасап, қайырымдылық қорына 15 млн теңге аударды.


🔹️ Жайық-Каспий бассейні аумағында "Бекіре" акциясы өткізіліп жатыр

Толық ақпарат Polisia.kz сайтында.

🔹️ На территории Урало-Каспийского бассейна проводится акция "Бекіре"

Подробная информация на сайте Polisia.kz.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡️ Шу тұрғынынан құны 5 млн теңге болатын гашиш тәркіленді

Толығырақ мына жерде.

⚡️Гашиш на 5 млн тенге изъяли у жителя Жамбылской области

Подробности здесь.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡️ Деятельность группы мошенников, причинивших ущерб на 1,6 млрд тенге, пресекла полиция Астаны

Группа лиц обманом оформляла автокредиты на казахстанцев, а также незаконно продавала залоговые авто в ближнее зарубежье без согласия владельцев и банков второго уровня.

Сотрудниками столичной полиции установлены трое граждан, причастных к мошенничеству. Их жертвами стали более 115 граждан. Общая сумма нанесенного ущерба составила около 1,6 млрд тенге.

Стражи порядка просят граждан, пострадавших от преступных действий данных лиц, а также если Вы владеете информацией, имеющей значение для дела, обратиться в полицию.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡️Астана полициясы 1,6 млрд теңге шығын әкелген алаяқтар тобын әшкереледі

Олар азаматтарды алдап, заңсыз автонесие рәсімдеген. Сондай-ақ, кепілде тұрған көліктерді иелерінің және екінші деңгейлі банктердің келісімінсіз жақын шетелдерге сатып жіберіп отырған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция алаяқтыққа қатысы бар үш күдіктіні анықтады. Олардың кесірінен 115 азамат жапа шеккен. Келтірілген залал көлемі шамамен 1,6 млрд теңгені құрады.

Осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, сондай-ақ, іске қатысы бар мәліметпен бөлісу үшін полицияға хабарласу қажет.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📍Ақтөбе облысында полиция жетуі қиын жерлерге бару үшін квадроциклдер мен дрондарды пайдалануда

🚔 Су басқан аудандар  күндіз-түні полиция бақылауында. Сақшылар үйлерді аралап, қауіпті аумақта қалған тұрғындарды табу жұмыстарын үздіксіз жүргізуде.

📢 Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін квадрокоптерге орнатылған дауыс зорайтқыш көмегімен азаматтарды қауіпсіз жерге шығуға шақыруда.

***

📍Дроны и квадроциклы используют полицейские в затопленных районах Актюбинской области

🚔 Стражи порядка непрерывно осуществляют обход подтопленных территорий. При этом используются квадроциклы для проезда в труднодоступные места и дроны для обнаружения людей.

📢 Во избежание несчастных случаев полицейские с помощью громкоговорителя, установленного на квадрокоптере, призывают граждан покинуть аварийные дома.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿🤝🇰🇬 Батыс Қазақстан облысының патрульдік полиция қызметкерлері Қырғызстаннан осы өңірге жолданған гуманитарлық жүктің жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

🇰🇿🤝🇰🇬 Полицейские Западно-Казахстанской области сопровождают гуманитарный груз из Кыргызстана в Уральск


🚨Попытка игнорирования требований полицейских закончилась арестом в Костанайской области

Сегодня днем в селе Октябрьское двое водителей автомобилей Mitsubishi хотели проехать блокпост, выставленный из-за 600 метрового перелива в Акмолинской области. Движение было закрыто для всех видов транспорта.

Один из водителей, игнорируя законные требования полицейских, пытался протаранить их.

За неповиновение суд назначил ему 5 суток ареста.

К слову, с 5 апреля в этом районе в связи с паводками объявлена ЧС местного масштаба.

❗Призываем граждан следовать принятым решениям и с пониманием отнестись к работе правоохранительных органов и спасателей.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🚨Қостанай облысында полицияның заңды талабына бағынбаған жүргізуші тұтқындалды

Бүгін түскі уақытта Октябрьское ауылында Ақмола облысында 600 метрлік су тасқынына байланысты орнатылған бақылау бекетінен 2 Mitsubishi көлігінің жүргізушілері өтпек болған. Көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтатылған.

Жүргізушілердің бірі полицейлердің заңды талабын елемей, қызметтік көлікті соқпақ болды.

Жүргізуші заңға бағынбағаны үшін сот 5 күн қамауға алу жазасын тағайындады.

Айта кетейік, 5 сәуірден бастап осы ауданда су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды.

❗Тәртіп сақшылары тұрғындарды қабылданған шешімдерді ұстануға және құқық қорғау органдары мен құтқарушылардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырады.

Показано 20 последних публикаций.