Qazaq Debate🇰🇿


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Образование


Instagram.com/QazaqDebate

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций


Қайырлы күн, Қазақ дебаты🇰🇿

Пікірсайыс түлектерін Өңірлік кадр резерві жобасына қатысуға шақырамыз⭐️

Естеріңізде болса, былтыр еліміздің үздік 50 маманы Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған еді. Жоба аясындағы қабылетті жастар басшылық қызметке тағайындалып жатыр.

Енді 1 наурыздан бастап Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады. Жоба мақсаты өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып жүрген, өңірдегі көшбасшы жастарды басшылық қызметке тарту.

Пікірсайыс түлектерінің өзін көрсете алуына тілектеспіз🧡

Біз әрбір пікірсайысшының кәсіби дамып, қоғамның дамуына үлес қосатынына сенеміз❤️‍🔥🇰🇿


Репост из: ERBOLAT MUHAMEDJAN
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
ҚР Президентінің Телерадиокешенінің қолдауымен Жібек Жолы арнасы дайындаған Димаш Құдайбергеннің орындауындағы мемлекеттік әнұранымыздың ерекше нұсқасын қабыл алыңыздар.

Өте ерекше орындау. Барынша таратайық достар!


Репост из: ERBOLAT MUHAMEDJAN
Жақында “Білім Инновация” лицейлеріне 30 жыл толды. Қазақстанның тарихындағы Тәуелсіздік жылдарынан бастау алған ең сәтті жобалардың бірі деп есептеймін.

Қазақстан орта білім саласына дәл осы лицейдің білім және тәрбие беру жүйесін енгізу қажет. Сонымен қатар, барлық мектеп лицейлердің деңгейіне жету үшін инфрақұрылымды да ыңғайлайтын уақыт келді. Министрліктің әлі күнге дейін дәл осы жүйені енгізу бойынша баяу қимылдайтыны тіпті нақты әрекеттер жасамайтыны түсініксіз.

Лицейлердің біз байқаған артықшылықтары:
1. Мемлекеттік формадағы 7-11 сынып оқушыларын (ұлдары бөлек қыздары бөлек) оқытатын республикалық мектеп-интернаттар желісі. Әлі күнге дейін дәл осы жүйеге көңілі толмаған ата-ана немесе оқушыны кездестірмедім. Ал, бұл жүйе түріктерден, түріктер ағылшындардан алғаны туралы ақпарат бар.

2. Оқушыларына білім беру жұмыстарын қаржыландыруды толық мемлекет көтерсе, инновациялық даму жұмыстарын Қоғамдық Қорға қарасты жеке мектептер көмектесуде.

3. БИЛдар мемлекеттік білім жүйесінің жетілуіне жүйелі тұрғыда өз еркімен үлес қосуда, тәжірибесімен бөлісіп, мамандарын таратуда. Оған министрлік немесе өңірлік басқармалар деңгейде біраз жылдан бері ұйымдастыратын біріккен шаралар мен жобалар жатқызуға болады.

4. БИЛдар Қазақстанның атын Әлемнің пәндік олимпиада картасына шығарған алғашқы әрі бірегей жүйе.

5. БИЛ мыңдаған қазақ баласына сапалы білім мен тәрбие фундаментін қалыптастырып, олардың әлемдік Гугл, Эпл, Майкрософт сынды мықты корпорацияларда жұмыс жасауына жол ашты.

Егер біз балаларымыздың сапалы білім мен құндылықтарға негізделген тәрбие алғанын қаласақ, министрліктен нақты өзгерістерді талап етуіміз керек.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қайырлы күн, пікірсайысшылар🇰🇿

2-3 желтоқсан күндері Астанада өткен MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY CUP турнирінен естелік бейнежазба ұсынамыз❤️

Университет кубогін астаналық Парасат клубының мүшелері Мырзалиев Нұрасыл мен Бағдат Қымбатбек жеңіп алды🏆

Алдағы жылы өтетін ауқымды шараларымызды күтіңіздер😊


Репост из: Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
#Күнтізбе

🧡 25 қараша -10 желтоқсан, Астана
Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні халықаралық науқаны

🧠 29 қарашаға дейін тіркелу, Астана
EduhackCamp жобасы

🏆 2 December, Орал
Arguex Cup, 🔺school english league

🏆 2 желтоқсан (финалдық кезең), Астана
Tungysh Cup, қазақ 🔺 english league

🏆 2 желтоқсан, Петропавл
Жүректен жүрекке, қазақ 🔺 русская лига

🏆 2-3 декабря, Алматы
Кубок Четырех Стихий

🏆 2-3 желтоқсан, Алматы
Energo Cup республикалық турнирі

🏆 2-3 желтоқсан, Орал
Aqiqat Cup республикалық турнирі

🏆 2-3 желтоқсан, Актобе
ASDC 🔺школьная русская лига

🏆 2-3 желтоқсан, Ақтөбе
Shabyt Cup, мектеп, колледж, студенттік лига

🏆 2-3 желтоқсан, Астана
Respublica Cup, қазақ лигасы

🏆 3 желтоқсан, Астана
Мәңгілік ел, қазақ лигасы

🏆 9 желтоқсан, Семей
Qağiyda Cup, қазақ/english
🔺мектеп оқушылары үшін

🏆 9-10 желтоқсан, Өскемен
EKTU Cup республикалық турнирі

🏆 9-10 желтоқсан, Петропавл
Қос аңыз республикалық турнирі
🔺ұстаздар үшін

🏆 9-10 декабря, Алматы
Jedi Cup, русская лига

🏆 9-10 декабря, Астана
Renaissance Cup, русская лига

🏆 10 желтоқсан, Астана
AIU Cup, қазақ
🔺мектеп оқушылары үшін

🏆 16-17 декабря, online
Ösek cup, русская лига

🧠17 желтоқсанға дейін тіркелу, Астана
Талдау мектебі жобасы

🧠17-18 желтоқсан, Қарағанды
UNICEF Kazakhstan хакатоны

🏆 23-14 December, Almaty
Zaman Cup, 🔺 english, school league

🏆 27 December - 4 January, Ho Chi Minh City (Vietnam)
Vietnam World University Debating Championship (WUDC) 2024

🏆 MED: Upcoming online tournaments, November

🏆 16-26 July, 2024, Belgrad (Serbia)
World Schools Debating Championship (WSDC) 2024

Тағы қандай шараларды білесіз👀
Еркебұланға жазу🗣


Бәрі пікірсайыстан басталған ...

Менің өмірімде пікірсайыстың алар орны ерекше. Ең алғаш рет 2013 ж. мектепте 8-сыныпта пікірсайысқа қызыға бастадым. 2012 ж. жол апатынан соң үйде білім алып, біраз әлсіреп қалғаннан кейін, мені «өмірге қайта әкелген» осы пікірсайыс еді.

Мен негізін қалаушылардың бірі болған Аргумент клубына биыл 10 жыл. Клуб түлектері әлемнің үздік университеттерінде білім алып жатыр.

📌 Менің ойымша, пікірсайыс қозғалысы қоғамдағы азаматтық белсенділікті көтеретіндей дәрежеде болуы тиіс. Сәйкесінше пікірсайыс қозғалысы мемлекетке, белгілі бір партияға не адамдар тобына тәуелді болмауы керек...

‼️Сонымен қатар, пікірсайысты мемлекеттен қаражат жымқыру мақсатында қолдануға да қарсымын. Осы мақсатта «қойылым» үшін ұйымдастырылатын турнирлердің өтуіне де қарсымын...

Барша пікірсайысшы достарымды осы бастаманы қолдауға шақырамын! Бірге қазақ жастары интеллигенциясын қалыптастырайық

Аида Өтесіннің инстаграм парақшасынан
#пікірсайыстүлегі


Репост из: СЕНАТ
📣«Талдау мектебі» жобасының үшінші кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.

ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен мемлекеттік басқару, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардағы, БАҚ және азаматтық сектор қызметіндегі талдау тәсілдердің сапасын арттыруға бағытталған «Талдау мектебі» қоғамдық жобасы жалғасып келеді.

2023 жылғы 27 қарашадан 17 желтоқсанға дейін жобаның үшінші кезеңіне өтінімдер қабылданады.


Қайырлы күн, пікірсайысшылар🇰🇿

🧠ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен өтетін Талдау мектебі жобасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

💡Қатысушылар курс аясында деректерді жинау мен талдаудың қолданбалы әдістерін игереді

📈Оқудың қорытындысында қатысушылардың Қазақстанның орнықты даму мақсаттарындағы әртүрлі мәселелер бойынша талдамалық материалдарды дайындалады

📆Сабақтар 2024 жылғы 13 қаңтардан 2 наурызға дейін (8 апта) сенбі күндері офлайн түрінде өтеді.

🗣Мектепке мемлекеттік қызметкерлер, талдау жасайтын құрылымдардың, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, қоғамдық сарапшылар, журналистер, зерттеушілер және т. б. қатыса алады.

Өтінімдер 17 желтоқсанға дейін қабылданады: https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/9153


Репост из: Арнаны қалай атағанымыз дұрыс?
Пайдалы қызметтер қатарына +1 қосымша

Enbek HR қосымшасы арқылы бірнеше минутта жұмыс орныңыздан анықтаманы онлайн алуға болады. Сондай-ақ, ағымдағы және алдыңғы еңбек келісімшарттарыңыз бен жеке деректеріңізді көре аласыз: фото, жеке куәлік мәліметтері, төлқұжаттар, білім туралы ақпарат, қызметі, 075/у медициналық анықтамасы, психо/нарко/туб диспансерлерде тіркеуде болған-болмағаны жайлы мәліметтер және т.б.

Қызмет ағымдағы жылы іске қосылған және hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталымен байланыстырылған (компанияның кадр бөлімдері пайдаланады). Сондықтан жұмысшылар өз деректеріне смартфон арқылы қол жеткізе алады.

Қосымша қызметтерін пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы нөміріңіз болса жеткілікті.

P.s:
жұмыс орныңыздан анықтама алу үшін негізгі бетте қазіргі жұмыс орныңызға қарама-қарсы тұрған мәзір батырмасын (үш нүкте) басу керек. Сол жерден суреттегі құжатты таңдаңыз.

Дереккөз: pro1c.kz | https://t.me/tiimdiqazaqstan


Репост из: Қазақстандық қоғамдық даму институты
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
💬Біздің кинода баланс жоқ

Толығырақ YouTube-тан көріңіз!

__

💬
В нашей киноиндустрии нет баланса

Смотрите полную версию на YouTube-канале!

#ҚҚДИ #KIPD


Репост из: Múmkindik | 2024
Қазір әлемде жастар үшін талас басталды. Себебі, көптеген дамыған елдерде халықтың қартаю процесі жүруде.

Ұлыбритания 2030 жылға қарай 600 мың, Жапония 2023 жылы 400 мың, ал Франция 2027 жылға қарай 500 мың шетелдік студентті оқуға тартпақ.

Осындай ғылыми-технологиялық соғыста жеңілмес үшін Корея үкіметі де 2027 жылға қарай 300 мың халықаралық студентті оқуға тартуды жоспарлап отыр.

Не үшін керек? Не өзгереді? Санның артуы сапаның төмендеуіне әкелмей ме?

Толығырақ Ақмарал Ағзамқызының материалынан оқи аласыздар.


Репост из: ERBOLAT MUHAMEDJAN
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Егер сұхбатта дискуссия орын алса, сол сұхбаттан шын мәнінде “каэф” аламын. Ал егер сұхбатта сен сұрағыңа сенімді болсаң, тіпті ерекше әсер береді.

Достар, шын мәнінде халықтың көбірек кредитке кіруі мені ойлантады, уайымдатады. Осы күнге дейін жеке адамның деректерін банктерге беруді лобби жасаған кім екен деп ойлайтынмын. Дәл осы сұхбатта министр Мусин Багдат идеяның авторы өзі екенін айтты. Бұл тақырыпты әлі де зерттеп талқылау қажет деп есептеймін.

P.S. Видеоны бөлісіп, таралуына ықпал етсеңіз алдын ала ризашылығымды білдіремін.


Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.


Мағжан Жұмабаев
#qazaq


Репост из: Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
Сәлем, Қазақ дебаты🇰🇿

Сіздерді 9-10 желтоқсанда Петропавл қаласында өтетін Жалпы білім беретін оқу орындары қызметкерлерінің арасындағы республикалық пікірсайыс турниріне шақырамыз🏆

Дорогие учителя, приглашаем принять участие на республиканском турнире среди руководителей, 9-10 декабря, г.Петропавл🏆

🔺Формат: БПФ, ЛД

Тіркеу сілтемесі/Регистрация: https://forms.gle/WAGigJvo3vMLAXSu6

Сұрақтар/по всем вопросам: 8 747 585 67 05, Бақытжан


Репост из: ABISHEV ANALYTICS
Влиятельный американский журнал "Foreign Policy" выпустил статью под названием: "Казахстанский лидер делает нейтралитет искусством: Токаев максимизирует свои возможности, балансируя между Россией, Китаем и Западом".

В целом, заголовок практически полностью отражает содержание статьи. К примеру, тезис: "Находясь в орбите Москвы, Казахстан максимизирует экономическую выгоду как от китайского "Пояса и Пути", так и от американской "Большой нефти".

Между тем, спорным является следующий тезис: "Токаев рискует наступить Путину на пятки так же, как это в своё время сделала Украина. У всех на виду развивая более тесные связи с Европейским Союзом, США и НАТО".

Здесь, конечно же, присутствует заметный перегиб, сравнивать Украину и Казахстан - слишком уж большая натяжка. Украина чересчур полагалась на "братские отношения", а Казахстан сразу, ещё на заре независимости, трезво оценил "реал политик" - расклад сил и хищную природу международной политики ядерных держав. Украина была убеждена в бескомпромиссности и выносливости Запада, а Казахстан чётко понимал Закон тяготения Ньютона, работающий и в международной политике тоже: "Сила гравитационного притяжения пропорциональна массам объектов и обратно пропорциональна квадрату расстояния между ними".

Внешнеэкономические связи Казахстана с западными странами, включая инвестиционное сотрудничество, визовые послабления, гуманитарные инициативы - это суверенное дело Казахстана, укладывающееся в последовательный внешнеполитический курс официальной Астаны. Всё это никоим образом не ущемляет интересы России, и "по понятиям" у РФ нет повода предъявлять какие-либо претензии.

В отличие от Украины, Казахстан состоит в СНГ, ЕАЭС и ОДКБ, пользуется привилегиями этих организаций, использует обеспечиваемый ими общий фон себе на пользу (в сфере логистики, энергетики и других), но и берёт на себя обязательства, и исполняет их в полной мере.

Ну и конечно, Казахстан развивает сотрудничество со странами НАТО лишь в тех аспектах, которые не противоречат другим внешнеполитическим обязательствам, прописанным в ратифицированных межгосударственных документах. Россия ранее тоже сотрудничала со странами НАТО Францией и Германией, сотрудничает со странами НАТО Турцией и Венгрией. Сам факт сотрудничества с НАТО не является таким уж токсичным. Вопрос в том, что невидимое публике сотрудничество внутри ОДКБ намного ближе, чем любое сотрудничество с НАТО. Генсеком ОДКБ сейчас является бывший премьер-министр Казахстана Тасмагамбетов. И Казахстан, имеющий протяжённую границу с РФ и КНР, чётко "соблюдает понятия" и не предоставляет свою территорию под военные объекты стран - лидеров НАТО.

С другой стороны, в отличие от Украины, Казахстан не складывает все яйца в одну корзину, и загодя, в мирное время, выстраивает отношения с чередой партнёров. Военное и экономическое сотрудничество с Китаем, укрепление Тюркского единства, участие в исламских международных проектах, развитие отношений с Индией - позволяют укрепить суверенитет страны, обеспечивая ей дополнительные гарантии безопасности на международной арене.


Репост из: ORDA
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Провокационный заголовок американского издания Bloomberg «Макрон приземлился на "заднем дворе Путина" в поисках новых друзей и урана» прокомментировал заместитель премьер-министра РК Серик Жумангарин.

t.me/orda_kz


Моральдік және қылмыстық жауапкершілік кімнің мойнында

28 қазанда 50-ге жуық шахтердің өмірін қиған апаттан кейін белсенді топтар бұрынғы президентті айыптап, Лакшми Митталды жауапкершілікке тартуды сұрап жатыр.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза болғандардың отбасына 50 млн көлемінде қаржылай көмек көрсеткенін хабарлады.

Қазір Үкімет АрселорМиттал компаниясын сатып алатын отандық инвестормен келіссөз жүргізіп, Бас прокуратура "қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бабы бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр.

1997 жылдан бері АрселорМиттал Теміртау шахталарында 100-ден астам жұмысшы қаза тапқан.


Біріңді қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос.


Абай
#qazaq


Қазақстан "Путиннің артқы ауласы" ма?
Опрос
  •   Ия, Ресейге тәуелдіміз
  •   Сөзінің жаны бар, бірақ журналистік әдепке сай емес
  •   Жоқ, біз егемен елміз
  •   "артқы аула" болмас үшін еңбек ету керек
  •   Жауап беруге қиналамын
188 голосов


Репост из: Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
#Күнтізбе

🏆 4-5 қараша, online
TechAlan Debate Cup, school students

🏆 4-5 қараша, Тараз
Alash Cup, қазақ лигасы

🏆 4-5 қараша, Астана
Қос Аңыз Кубогi, қазақ лигасы

🏆 4-5 қараша, Шымкент
UBT School Cup, республикалық оқушылар

🏆 4-5 қараша, Алматы
PKR Cup, қазақ лигасы

🏆 4-5 қараша, Семей
Ice Cream Cup, қазақ лигасы

🏆 5 қараша, Өскемен
Қос өзен Cup, қазақ лигасы

🏆 11-12 November, online
Romanum Cup, english league

🏆 11-12 қараша, Алматы
ATU CUP VIII, республикалық турнирі

🏆 11-12 қараша, Қостанай
Explosion Cup облыстық турнирі

🏆 11-12 ноября, Астана
Кубок двух легенд

🏆 11-12 November, Аstana
Logic Cup, school students

🏆 11-12 November, Аlmaty
Dostyq School Debate Cup

🏆 12 қараша, Тараз
Теңге – Қазақстанның ұлттық белгісі

🏆 18 қараша (іріктеу ойындары), online
Tungysh Cup, қазақ 🔺 english league
тіркелу сілтемесі/reg link
*тек бакалавр студенттері қатысады

🏆 18 қараша, Алматы (Қайназар ауылы)
Femida Cup, республикалық оқушылар турнирі

🏆 18-19 November, Аlmaty
World Scholar's Cup Almaty Round

🏆 18-19 қараша, Павлодар
Presiden
t Cup, республикалық турнирі

🏆 18-19
қараша, Астана
Махаббат мекені турнирі

🏆 18-19 ноября, Алматы
Кубке АУЭС, русская лига

🏆 23-24 қараша, Павлодар
Jana Kozqaras Cup, оқушылар арасында

🏆 25-26 ноября, Алматы
Турнир Новичков 2023

🏆 25-26 қараша, Семей
Kongress Cup, қазақ лигасы

🏆 25-26 қараша, Қостанай
Qostanai Cup, қазақ лигасы

🏆 2 желтоқсан (тек финалдық кезең), Астана
Tungysh Cup, қазақ 🔺 english league

🏆 2-3 желтоқсан, Астана
Мәңгілік ел, республикалық турнирі

🏆 2-3 декабря, Алматы
Кубок Четырех Стихий

🏆 16-17 декабря, online
Ösek cup, русская лига

🏆 27 December - 4 January, Ho Chi Minh City
Vietnam World University Debating Championship (WUDC) 2024

🏆 MED: Upcoming online tournaments, November

Тағы қандай шараларды білесіз👀

Еркебұланға жазу🗣

Показано 20 последних публикаций.