ҚАЗАҚША КІТАПТАР


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


«ҚАЗАҚША КІТАПТАР»
Қазақ және әлем авторларының кітаптары электронды нұсқада.
Арнаның чаты: https://t.me/beyresmi
Ұсыныстар бойынша: @arman_zhakeykha

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций






«Шұғаның белгісі» - қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі. Мұнда кейіпкер образдары біртіндеп, оқиға желісі бойынша, басынан өткен істердің арқасында анықталып, көрініп отырады.

Кедейден шыққан Әбдірахман деген мұғалім жігіт Есімбек деген байдың Шұға атты сұлу қызына ғашық болады. Жігітті қыз да сүйеді. Бұл, әрине, байларға ұнамайды…


Бүгін - Оралхан Бөкейдің туған күні!
Аман жүргенде қалың елінің аялы алақанында мерейлі 80 жасын қарсы алатын еді...


– Жаман адамға қолыңнан ұстатсаң да күнә. Сондықтан күнәсізбін деп күпіршілік жасаудың өзі күнә...

Бексұлтан Нұржекеұлы «Ерлі-зайыптылар»


– Елдің баласы сияқты болмайсың ба?!
– Солардың әкесі сияқты әкем болса…

#қысқаәңгіме




Әбіш Кекілбаев - ҮРКЕР




Кім қандай кітап оқып жатыр?😊


Мағжан Жұмабаевпен әңгімелестім.


Репост из: MAZMUNDAMA


«Қалыңмалдың» арзан кезінде...

Кешкі серуен барысында қызым екеуміз дүкенге кіргенбіз. Қызым «алып бер» деген соң, бір «Албени» шоколадын алып бердім. Қазір 100 теңге тұрады екен. Қызым қағазын аршып жеп жатқанда баяғы балалық шағым есіме түсіп кетсе керек, қарап тұрып қаптым. Менің қарағанымды басқаша түсінген қызым: «Папа, өзің де біреуін алып жесеңші» деді. Сасқанымнан: «Жей бер, мен баяғыда 25 теңге тұратын кезінде тойып жеп алғам» дептім. Ендігі айтпағым, алдағы уақытта спирттік өнімдер мен темекілер 93 пайызға қымбаттайды деп жатыр. Сонда көрші «патсанчиктер» темекі берсе «өздерің шеге беріңдер, мен 2000 теңге тұратын кезінде тойып шегіп алғам» деп, сыра берсе, «өздерің іше беріңдер, мен былтыр 300 теңге тұратын кезінде тойып ішіп алғам» деп тұратын шығармыз, сірә. Бәрін қойшы, «қалыңмалдың» 80 мың теңге кезінде әйел алып алғанымыз қандай жақсы болған.

Бейбіт Сарыбай





10k 0 85 3 14

“Бейтаныс әйелдің құпиясы”
Бексұлтан Нұржекеұлы


Репост из: Оқырман күнделігі
Ақтанмен қосылдым, бітті, енді татулық өз-өзінен орнай қалады, қазіргі махаббат, ыстық сезім осы қалпы өле-өлгенше сақтала береді деп ойлама. Махаббатты сақтау үшін үнемі өсіп, ылғый рухани жоғарылап отыр. Тәніңді тәрбиелемесең, жаныңды тазаламасаң, ақылыңды көбейтпесең, махаббат та тоқтау судай тобарсиды. Махаббат үшін де күнделікті күрес, қарапайым еңбек керек, қызым.
— Бақытты бол! Бетіңнен жарылқасын!

Бексұлтан Нұржекеұлы «Ерлі-зайыптылар»






«Бақытсыз Жамал» — Міржақып Дулатұлының 1910 жылы жарық көрген, қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш романы.

Шығарма әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет-ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.
Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады.

#міржақып
#бақытсызжамал

Показано 20 последних публикаций.