Abylaikhan Nurlanuly 🌙


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Лингвистика


Араб тілін сүйер қауымның қызметіндемін!
- 2016-2017 ж.а. Нур-Мубарак Универститетінің подкурсы.
- 2017-2018 ж.а. Турция, Стамбул Абу-Ханифа атындағы оқу орнының араб тілі курсы.
- 2019-дан бастан араб тілінен сабақ беріп келемін.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Лингвистика
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Arabic.Abylaikhan📚
Жаңа инстаграмда алып ғалымның мәжілісіне бара жатырмын деп айтып едім. Ол мәжіліс - шейх Мухаммад Аууаманың (хафизаһуллаһ) мәжілісі.

Үлкен ғалымдар келіпті☺️

Сіз де бұл мәжіліске үйіңізде отырып-ақ қатыса алады екенсіз:)

Түрікше жүргізіліп жатыр. Бірақ ғалымдар арабша сөйлейді.

https://www.youtube.com/live/aHxLFCR4J8U?si=MnY8QsEM-3KXkZld


Яғни, осы ескі арнаны өшіремін. Жаңа арнамен жұмыс жасаймын тек




Ассаламу’алейкум құрметті достар! Біз жаңа арна аштық. Соған тіркеліп қоюларыңызды сұраймын. Рахмет!

Бұл арнаны 3 күннен соң өшіремін


Соңғы естіген сөздердің ішіндегі әдемісі:

Егер ақылды ер кісіден батыл ер кісіні ажыратар болсақ, нәтижесінде ақымақ батылдар мен ақылды қорқақтарды көреміз

Яғни, түйін: кәміл ер кісі негізінде батылдығымен ғана еркек емес. Бәлки, ақылы мен ер жүректілігімен бірге еркек.

Мухаммад Хиджаб пен Эндрю Тейттің подкастынан.


Репост из: Абылай Кенжалы
2000 жылдардың басында Батыс Европада, АҚШ-та әйел затын маркетинг құралы ретінде пайдалану белең ала бастап, қазіргі кезге дейін ең үлкен жарнама құралдарының қатары етті.

Тіпті автокөлік дөңгелегінің жарнамасына дейін жартылай жалаңаш әйелдерді жарнамаға қосып, кәсіптерін арам жолмен дамыта бастады.

Ендігі кезекте сол бір құдайұрған маркетинг тәсілі діни заттар дүкендері мен қажылық компанияларында да белең дамып келеді.

Дініміз әйел затын қастерлеп, оны таса көзден қорғап, оны барынша қорғап әлек болса, бұл “діни”кәсіпкерлер хиджаптағы қыздарды өз жарнамасына, тіпті таргетке жіберіп әлек.

Хиджабтағы арулармен клиент тартып, маркетингке пайдаланып, өз кәсіптеріңізге береке әкелем деп те ойламаңыздар.

Құдайдан қорқыңыздар! Кәсіптеріңізді дамыту үшін жарнамаға біреудің болашақ жарын, біреудің қарындасын пайдаланып жүргеніңде, бір күні сенің қарындасыңды да бәзбіреулер өз кәсібіне пайдаланып кетпесін!


Шейх Хамза Аль-Бакриден (хафизаһуллаһ) ілім талап етушіге өте құнды 3 насихат!

1. Мына дұғаға бекем болу:
اللهم إني أسألُكَ عِلمًا نافعا، ورِزقا طيِّبا، وعَملا مُتَقَبّلا.
(Мағынасы: Уа Аллаһым! Сенен пайдалы ілім, адал ризық және қабыл болар амал сұраймын)

2. Туросымызға (ғалымдарымыздың көне еңбектеріне) бекем болып, оны өте құнды көру. Оның арғы жағында ашылмаған қаншама қазына бар екеніне сену керек. Сол кезде шәкірт білімде тереңдей алады.
Оның мысалы-теңізде балық аулаушы секілді. Егер, балықшы теңіз астында қазына-байлықтар бар екеніне толықтай сенетін болса, тор-қармағын тереңінен жаяды.

3. Заманымызда мұсылмандарға керекті білімді оқып, оны жақсы меңгеру. (Осылайша ислам мен мұсылмандарға қызмет ету)


Бұл насихатты шейхтың тікелей шәкіртінен жеткізіп отырмын.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Шейхымыз Хамза Аль-Бакри (хафизаһуллаһ) бірінші лекциясын өткізді.

Аллаһ қаласа тағы 3 күндік лекциясы бар алда. Мықты тақырыптар қойылыпты.


دَرَسْتُ - Оқыдым
قَدْ / لَقَدْ دَرَسْتُ - Оқып қойдым
أَدْرُسُ - Оқимын/ оқып жатырмын
سَأدرسُ / سَوْفَ أدرس - Оқимын
كُنْتُ درست - Оқыған едім
كنت قد درست - Оқып қойған едім
كنت أدرس - Оқитын едім
كنت سأدرس - Оқиын деп едім
оқымақшы едім.


Ұстаз Хасуға осы тақырыпты қозғағаны үшін Аллаһ разы болсын!


Кімге орысша түсініксіз болса, жазыңыздар. Қазақша түсіндіріп жіберемін. Маңызды әрі қызықты мәселе.

КӨПШІЛІК БҰЛАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫН БІЛЕ БЕРМЕЙДІ.


Репост из: Arabic_Khasu
Сколько времен в арабском языке?
Да если брать грамматику то два времени, прошедшее и настоящее, но по смыслу тут как и в английском есть ряд времен. Недавно я разбирался в этом и из разных источников смог найти шесть конструкций, которые соответствуют временам

سوف يفعل he will be doing سيفعل he will do يفعل he does فعل he did كان يفعل he was doing كان قد فعل he had done

Насколько это верно?
Есть #вопрос про арабский ? @ask_khasu_bot


Ассаламу’алейкум барша білім сүйер қауым!

Аллаһ қаласа елімізге әлемдегі ақида-кәләм және хадис саласының майталман білгірі, ҮЛКЕН ҒАЛЫМ, ДОКТОР, ШЕЙХ ХАМЗА аль-БАКРИ (хафизаһуллаһ) келеді.

Бұндай әлемдік деңгейдегі шейхтың келуі - үлкен бақыт бағалаған адамға.

Шейх Хамзаның (хафизаһуллаһ) фиқһта ханафи және ақидада матуриди екендігін де айта кету керек.

Аллаһым білім мен ғалымдарға деген махаббаттан айырмасын!


Грамматиканы тек кітапта емес жазу мен сөйлеуде де қолдануымыз керек!


Адам қай кезде ұсақтала бастайды?

Менің жеке өмірлік тәжірбием арқылы байқайтыным - адам баласы қолы босап, уайымы азайғанда және үлкен мақсаты болмағанда, ұсақтала бастайды екен.

Себебі, ұлы мақсатты адамның уайымы, бар күш-жігері және уақыты өзінің қойған ұлы мақсатына жету жолында сарп етіліп, болмағыр “анау айтты, пәленше сүйтті, ол бүйтпеді” дегенге көңіл мен назар аударуға құлшынысы да болмайды.

Ұсақталудың бір үлкен көрінісі - ренжігіштік. Яғни, адамның болмашы нәрселереге мән беріп, оны талқылауы, одан қалды сол болмағыр дүниелер үшін ренжіп, көңілге алып қала беруі.

Осы тұста Имам Ғазалидің (рахимаһуллаһ) “адамның ренжігіштігі тәкәппарлығына тікелей пропорцияналды” деген сөзі еріксіз ойға оралады.

Демек, сіз неғұрлым тәкәппар болсаңыз, соғұрлым ренжігіш келеді екенсіз. Яғни, сізді біреу ескермесе, бір жерге шақырмаса, не арнайылап “сіз” деп бөлек ілтипат танытпаса ренжіп қаласыз, не болмаса сізбен қалжындасқанда қалжыңын көтере алмай ренжисіз тағысын-тағы айта беруге болады.

Сондықтан, ренжігіш болсаңыз, демек нәпсіңіз сізді жеңіп келеді. Әрекетке кірісу керек.

Аллаһым нәпсімізбен өмір соңына дейін болатын күрестің кей шайқастарында жеңілсек те, соғыста жеңіп шығуды нәсіп етсін!


Ибн Һишам رحمه الله былай дейді:

ومن يصْطَبِر للعلمِ يَظفر بِنَيلِهِ
ومن يَخطُب الحسْناءَ يَصبر على البذْلِ

Ілімге сабыр еткен қол жеткізеді оған,
Шығынға сабыр етер хас сұлудың қолын сұраған…


Таң намазы және содан кейінгі уақыт сөссіз берекелі уақыт.

Пайғамбарымыз Мұхаммад Мустафа ﷺ : “Үметіме ерте [таңғы уақыт] берекелі болсын” деп дұға етіп кеткен. Ал, Аллаһ елшісінің ﷺ дұғасы қабыл екенін бәріміз білеміз.

Дұғасының беркетінен жай ғана бір мысал келтірейін. Пайғамбарымызға ﷺ сахаба Әнәс Ибн Мәликтің анасы (Аллаһ ол екеуінен разы болсын): Әнәсқа дұға етіңізші дегенде, “Аллаһым мал-мүлкін және бала-шағасын көбейтіп, оған береке бер” деп дұға етеді.

Енді Әнәс Ибн Мәлик (Аллаһ одан разы болсын) өзі: “Немеремнен басқа өз белімнен шыққан 123 ұлды және екі қызды жерледім. Және менің егінім жылына 2 рет жеміс береді” дейді. Пайғамбарымыздың ﷺ дұғасының берекетін қараңыз!

Таңғы уақыттың берекетінен қапы қалмайық. Осы рамазан айында ерте тұрып, әрі қарай күнді жалғастырып кетуді әдетке айналдыру - расында жеңілдеу. Аллаһ күш-қуат берсін!


Кез-келген пайғамбарымыз ﷺ жүрмеген жол - қара түнек. Және де сол жолмен жүруші құрдымға кетуден амандықта емес.

Имам Шағрони


Құрметті мұсылман бауырларым, сіздерді келіп жеткен рамазан айымен құттықтаймын!

Аллаһым осы айды қолдан келгенше кемеліне жеткізіп, қолға ала алмай жүрген ізгі істерімізді және әдет-дағдыларды игеріп, күнә атаулыдан тазарған күйде шығуымызды нәсіп еткей!

Баршамызға ораза ұстауға, құлшылық-ғибадаттарды және өзге де салиқалы амалдарды орындауға күш-қуат берсін.

Мүмкін бұл кейбіріміз үшін соңғы ораза шығар…




Репост из: Хадис ізденуші
Араб тілін терең жетік меңгермеген адамнан діни ілім алуда сақтық танытқан абзал.

Өйткені, көптеген шәкірттер діни кітаптардан дәріс берген кезде, мәтіннің негізгі мағынасын ашықтап берудің орнына, ұстазы айтқан сөздерді жаттап алып, кейін соны дәріс етіп айтып береді.

Негізгі мән – ұстаздың айтқанын жаттап алып, тек соған сүйену емес, муаллифтің айтқысы келген ойын негізге алып, соған жүгіну.

Ал күрделі дәрежелі ақида, фиқһ, усулға қатысты еңбектерден дәріс беріп, харекетін қалай болса солай қойып дәріс беру – ең алдымен ілімге, содан соң шәкірттерге деген қиянат.

Показано 20 последних публикаций.

1 398

подписчиков
Статистика канала