Мәжілістің вице-спикері Альберт Рау Германия Бундестагының депутаты, Германия социал-демократиялық партиясы фракциясының сыртқы саясат жөніндегі спикері Нилс Шмидпен кездесті. Тараптар екіжақты байланысты дамыту мәселелерін талқылады.
– Екіжақты және өңірлік деңгейдегі белсенділік осы жылы да одан кем болмайтынына сенімдіміз. Бір ай бұрын Бундестагтағы социал-демократиялық партиясы фракциясы «Орталық Азия: көпірлер салу және мүмкіндіктер беру» құжатын қабылдады. Бұл біздің өңірдегі саясатқа социал-демократиялық көзқарасты айқындайды. Оларды жүзеге асыру Германияның Орталық Азия және Қазақстанмен ынтымақтастығын дамытуға айтарлықтай серпін береді, – деді Альберт Рау.
Вице-спикер сондай-ақ «Қазақстан – Германия» және «Орталық Азия – Германия» парламенттік топтары арасындағы өзара қарым-қатынас нәтижелі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы аясында германиялық әріптестерімен ынтымақтастықты жандандыруды, құқық және заң шығару салаларында тәжірибе алмасуды одан әрі жалғастыруды ұсынды.
Өз кезегінде Нилс Шмид Германияның Қазақстанмен шикізат саласындағы байланысты дамытуға ниетті екенін жеткізді. Тараптар цифрландыру, әртараптандырылған энергия көздері, транзит және көлік салаларында бірлескен жаңа жобаларды іске қосу мүмкіндіктерін де талқылады. Су ресурстарын үнемдеу және Шенген визасын беруді жеңілдету мәселелері де қаралды.
Толығырақ
parlam.kz сайтында.
-
Вице-спикер Мажилиса Альберт Рау встретился с депутатом Бундестага ФРГ, спикером по вопросам внешней политики фракции Социал-демократической партии Германии Нилсом Шмидом. Собеседники обсудили перспективы развития двусторонних отношений.
– Парламентской фракцией СДПГ в Бундестаге месяц назад был принят позиционный документ «Центральная Азия: наведение мостов и предоставление возможностей», определяющий социал-демократические подходы к политике в нашем регионе. Их реализация придала бы существенный импульс развитию сотрудничества Германии с Центральной Азией и Казахстаном, – заявил Альберт Рау.
Продуктивное взаимодействие вице-спикер отметил и между парламентскими группами «Казахстан – ФРГ», «ЦА – ФРГ». Он предложил также активизировать сотрудничество с германскими коллегами в рамках ПА ОБСЕ и ПАСЕ, продолжать обмен опытом по направлениям права и законотворчества.
В свою очередь Нилс Шмид подчеркнул, что Германия нацелена на развитие сотрудничества с Казахстаном в отрасли сырьевой промышленности. Стороны обсудили также возможности запуска новых совместных проектов в сферах цифровизации, диверсифицированных источников энергии, транзита, транспорта и другие.
Подробности на сайте
parlam.kz.
t.me/mazhilis_kz