Айдын Тарази


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Жақсылықтың жаршысы бол, жамандыққа кептеліс тудыр!

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram










Ережеп айы Алла Тағала Құранда айтқан 4 қасиетті де, харам айлардың бірі. "Расында, Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне, осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер...", - деген."Тәуба" сүресі, 36-шы аят. 
Төрт құрметті айлар — Зул-Қағда, Зул-Хиджа, Мұхаррам және Ражаб, яғни, Ережеп айы. Бұларды харам айлары деген себебі жәй уақытта харам етілген істер мен күнәлар бұл айда ауырлайды. Күнәсі артады. Адам тілімен, көзімен, ойымен және қол-аяғымен жасайтын көп күнәлардан тиылу керек. Сол үшін де аятта "бұл айларда өздеріңе зұлымдық жасамаңдар", делінген. Күнә пенденің өзіне өзі жасаған зұлымдығы. Ал, қасиетті, құрметті деп саналуы себепті бұл айда жасалынған құлшылықтар мен ізгі амалдардың сауабы еселенеді. Қасиетті ай ғой деп берген аз ғана садақаңыз таудай боп қайтуы мүмкін. Бір күн ораза ұстасаңыз жүз күн оразаның сауабы берілуі ықтимал. Қосымша нәпіл намаздар оқыңыз, ата-анаңызды жиі қуантыңыз. Ережеп айы биыл 13-ші қаңтарда басталып, 11-ші ақпанда аяқталады. Ережеп — мұсылманша айлардың жетіншісі. Одан кейін Шағбан айы, содан соң айлардың сұлтаны — Рамазан айы келеді. Ережеп пен Шағбан айларында көбірек ораза ұстап, жиірек сауапты амалдар жасау Рамазанға деген дайындығыңыз боп саналады. @aidyntarazi


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram






Жаттауға жеңіл дұға
Раббәнәә әәтинә фид-дуния хасанаһ, уә фил-әәхирати хасанаһ, уә қинәә ғазәәбән-нар

Мағынасы: Раббымыз, бізге бұ дүниеде жақсылық бер, Ахиретте жақсылық бер және бізді Тозақ отынан сақта!
Бұл қысқа да, нұсқа дұға Құранда Бақара сүресінің 201-ші аятында келтірілген.


Жыл соңында "бисмиллә" деп үлкен жобаның тұсауын кестік. Әсем студия, күшті камера, ккеремет креатив тақта тартылды жұмысқа. Мықты режиссер, кәсіби оператор, майталман жүргізуші, білікті дизайнер, тәжірибелі монтажер секілді өз ісінің мамандары білек сыбана кірісті іске. Қасиетті Құранға деген тамшыдай ғана қызметіміз болсын. Елге пайдалы, сауапты амалға айналсын! Алдағы Рамазанға дейін жоспарлаған жобамызға Жаратушым Өзі жар болып, жеңілдік берсін! Әумин, деп тілекші бола жүріңіздер!

Режиссер @er_mukhamed
Режиссер @ernatbapan
Жүргізуші @timur_chukatayev
Тех. директор @nurzhanzharas
Монтажер @rinat_bolat
Дизайнер @maxatbakeev
Дыбыс режиссері @ganibaisal
Оператор @duman_dop
Техник @askhat_kadimbaev
Мобилограф @abeke_kaliev
Жоба авторы @aidyntarazi
Жоба @quranuiren


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Нағыз жақсы адам - жақсылармен ғана жылы қарым-қатынас жасап жүрген жан емес. Жамандар жанын жаралап жатса да жақсылығынан жаңылмаған жан.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram





Показано 16 последних публикаций.

524

подписчиков
Статистика канала
Популярное в канале