🤓зейіннің зеңденуі…
айтпақшы,
oxford жаһанға жар салған жаңалық – биыл қолданған сөздің алды “
brain rot” екен. “word of the year”. ел аузында жүрген, елең етер қолданыс. бұны біз баяғының бай заманынан айтып жүрміз –
қоқ-соқ контент, өсек пен төсек арасы, біреудің қылығы мен былығы, жылтырақ, тыртың-тыртың би, қайқаң-жайқаң сөз, қызылды-жасылды өмір, оңғақ…осындай оңғақ контентке телмірген кісінің
зейінін зең басады. кәдімгі көгеріп, шіру. санаға салмақ салмайтын контент пен кәкір-шүкір блогерлерді жаппай блокқа тықпақ лазым.
тереңдеген сайын кереңденетін, мыңжылдық құндылықтарың мылжыңдыққа балаған ұрпақ сол – “brain rot-тар”.“ойлануым керек” деген ойдан қалған,
ойға мұқтаж екенін ойламайтын толқын – зейінін зең басқан жас-кәрі.
🏌️қайталап айтам, жеңілтек, тұрақсыз,
дүниені культ еткен контент иесі – араны ашылған блогерлерден қашу керек. ақақу-сәкәку жетеді…ойлы, айтары, ар-ұяты бар, зейін-зердеңе сәуле түсірер
микроблогерлерді қолдайықшы.