Үлгермеді…Көкшетаудың «Арланы» 16-19 қаңтар аралығында Уэльсте өтетін хоккейден Құрлықтық Кубоктың🏆финалына қатысудан бас тартты.
Клуб ойыншыларына, оның ішінде тоғыз ресейлік пен бір Беларусь азаматына Ұлыбритания 🇬🇧визасын белгіленген мерзімде рәсімдеу мүмкін болмады. Себебі үшінші ел азаматтарына виза алу процесі алты аптадан астам уақыт алады. Тағы бір мәселе, клуб легионерлерді қазақстандық ойыншылармен алмастыра алмайды❌.
🏒Айта кетейік, «Арлан” топтық кезеңде көш бастап, «Кардифф Девилзді» (6:3) және «Риттнер Буамды» (2:1) жеңді, сондай-ақ «Жилинаға» овертаймда (3:4 ОТ) есе жіберді.
Аталмыш турнирдің финалына «Арланмен» бірге «Кардифф Девилз» (Ұлыбритания), «Гренобль» (Франция), «Катовице» (Польша) командалары шықты.
📌Украинада соғыс басталғаннан кейін IIHF Ресей мен Беларусь құрамаларын өз турнирлерінен шеттетті. Дегенмен, бұл елдердің жекелеген ойыншылары қазақстандық клубтарда ойнауды жалғастыруда.
https://t.me/atamekenbusiness_sport