baqytty_zhan 🌿


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Игры


films•books•photos•pálsapa
Nafsim, saǵan aitam,
Follower-im siz oqyńyz.. 🌿
@baqytty_zhann - кітап дүкенім 📚

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Игры
Статистика
Фильтр публикаций


— Мастер, ты говорил, что если я познаю кто я, то стану мудрым, но как это сделать?
— Для начала забери у людей право решать кто ты.
— Как это, Мастер?
— Один тебе скажет, что ты плохой, ты поверишь ему и расстроишься. Другой тебе скажет, что ты хороший, ты обрадуешься. Тебя хвалят или ругают, верят тебе или предают.
Пока у них есть право решать кто ты, или какой ты, тебе не найти себя.
Забери у них это право.
И у меня тоже.

#АлександрСветлов


📽️ “Ответ в 1988”

Менің ең-ең сүйікті дорамам. 🥹 Бүгін 4 жылдан соң қайта көріп бастадым. Басқаша сезім. Басқа қырынан байқап жатырмын.

#baqyttyzhan_film


Тәубе – қайту деген мағынаны білдіреді. Иә, қайту. Құдайдың ізгілік жолына қайту. Өзіңнің таза қалпыңа, саф рухыңа қайту. Нәпсінің құрсауынан қашып, жүректің жазирасын паналау.

..тәубе, Құдайға байланған алтын қазығыңа қайту оралу.

#dauazhurek


📽️ «Маленький лес»

Асықпай, баяу, табиғат терапиясымен жанды емдеу, сезім, қызғаныш, қабылдау, түсіністік.. маған қазір баппен, аз сөйлейтін адамдар әрі әдемі кадрлар, сезімге бай, сәттерге толы дорамалар ұнап жүр))

#baqyttyzhan_film


Сананың таяздығы,
сапардың аздығынан.. 🌱




Адамның көз жасынa қалудан алыс ұстап, кез келгеннің батасын, игі дұғасын алуға себепші еткейсің, sevgili Rabbim.. ✨

#сенбініңойы


Жаратқаным, Әл-Уәдуд..
Бүгін өткеніме көз жүгіртіп қарап отырсам, жеңілдім деген сәттерімнің артын жеңіске, біз білмейтін басқа нығметтеріңе бөлеген екенсің.. қазіргі болып жатқан жағдайлар ше? пенделікпен барлық нәрсенің, жағдайлардың хикметін білуге асығамын.. кейде бізге ауыр, ұнамсыз болған сәттерді камерадан көрсетіп, “көрдің бе, сені осыдан сақтау үшін мына нәрсені алыстатып, мына жолға түсу керек болды.” деп көрсетер болсаң сол жолдағы өзімді көргенде ұялып кетердеймін. әзірге ештеңе білмеймін, бірақ Сенің махаббатыңды сеземін.. 🫀

дәл сол түсініксіз кезеңдерде Саған арызданудан сақтап, “мұның артында әл-Уаһһабтың хикметі, махаббаты терең..” деумен ішкі күйді шүкірлікте ұстауды нәсіп етші.. люблю..🌿

#дүйсенбініңойы


Рамазан айын сағынып жүрмін. ✨


“Сенен кеткен зат, саған басқа көркем формада оралады..” 🌿

#жұманыңсәлемі


Жүрегіңді сақта. Ол Раббысына сағынышпен, нұрға толған күйімен оралсын.. 🌿

#сейсенбініңойы


Мүшел жастан аман-есен шығуыңмен, кішкентай нәзік жүрекшем.. 🫂

Жарық шамыңмен қош келдің, my new year! 🤲🏻


Адамдардың жүрегін жаулауға тырыспа.. Әл-Уадудтың разылығын көзде.. Жаратқаның сенен, сенің тамшыдай амалдарыңнан, әрбір шыққан сөздеріңнен әрі ниетіңнен разы болса, айналаңның жүректеріндегі саған деген сүйіспеншілік пердесін онсызда ашып қояды.🫀✨

#жұманыңойы
#өзімеескерту


- ата-анамнан толық махаббат алмадым, еркелей алмаймын деп күрсінесің бе?
Сен Аллаға еркелеші, Алла сені еркелетсін! 💜


- Жаратқан, адамдардың кемшілігін көруден, оларды іштей әрі сырттай сынап кетуден сақташы..


Қазіргі қалау:
- Стамбулда күн сайын теңіздің жағасында таңғы серуен;
- кофе, кітап, толқын;
- жаныңа жақын адаммен бірге паромда шай ішу, қалаларды аралау;
- жүрек, көңіл әрі ми тыныштығы.. 🌊


Сұрасаң, Құдайдан сұрап жатырсың ғой. Ендеше ұялмай, бүге-шүгесіне дейін сұрасайшы деп өзіме ескертіп қоямын)) мынаны салуға ұялып жүргем, бәлкім пайдалы болар деп 🫶🏻


Аллаһым, маған сондай бір таза адам жолықтыршы..

Ешкімнің жүрегін жараламаған, оның да жүрегін ешкім ауыртпаған, өкпесіне темекінің түтіні һәм асқазанына арам су мен арам ас бармаған, харамнан алыс, адалға жаны жақын, Сені шынайы сүйетін, Сен де ол құлыңды жақсы көріп, екі дүниеде абыройын көтеріп қойған, сөзі мен ісі нық, ризығы мен берекесі мол, бір-біріміздің жүрегімізді жаралайтын емес, аялайтын, бір-бірімізге сезім мен құрметіміз жоғары, сондай бір таза адам жолықтыршы.. 🫀

#жұманыңдұғасы


Махаббат пен сезімге өзгенің тілімен емес, өз тіліңмен сөйле.. Жүрегіңді тыңда. Жүрегіңді сақта. 🍃

#дүйсенбініңойы


Жалғыз өзім кафеде отырмын.
Айналамда шет-шетінен жігіттер қыздарына ерекше көңіл бөліп, күртесін шешіп, орындықты ыңғайластырып беруде. Романтично. Осындай ұсақ-түйек, бірақ көңілге әдемі дүниелері отбасы болғаннан кейін де жалғаса берсе екен дейсің.

Показано 20 последних публикаций.