Dana Orynbassar 🦋


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


tym basqa
🕯канал тематикасы: дін және өмір, бизнес
канал пайда табу үшін емес, пайдалы болу үшін
— білім беру компаниясында жұмыс істеймін, маған жазсаңыз мүмкін жұмыс тауып қаларсыз⬇️
insta: dana.orynbassar

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


қолыңнан келмейтін істі істей алмағаныңа неге өзіңді кінәлайсың?

ұл туып бере алмағаны үшін, өмірге сәби әкеле алмағаны үшін өзін жазғыру ақымақтық емес пе? бала сыйлау бір Жаратқанның қолындағы дүние емес пе?

өзіңді кінәлағың келсе қолыңнан келіп тұрып істемеген дүниелеріңе кінәла. мысалы — білім алмағаныңа, Құран жаттамағаныңа, спортпен айналыспағаныңа

1. “Нұрикамалда” әйелі ұл туып бермегені үшін өзін кінәлайды
2. “Дем. Соңғы үмітте” измена жасайтын күйеуіне жақ ашпайды, себебі бала жоқ


ер адамға құрметпен қараңыз

(бұл тек қыз балалар істеу керек әрекет емес)


қыз баласына мейіріммен қараңыз✨

(бұл тек ер адамдар істеу керек әрекет емес)


бүгін, айтпақшы, ағылшыннан курс бастадым

мұғалімім керемет🔥 жаттаудан емес, бірден практикадан бастадық😍


ислами психологтардан травма қалып қойды.

ақидаңнан кетсең, біттің.

сонда біздің елімізде ҚМДБ тек негативно және дауыстары өте громко шығып жатқан “Роза Коуч” сияқтылармен ғана күресіп, үндемей жүріп АҚИДАНЫ құртып жүргендерді тым кеш байқағандары өкінішті

ну и ладно, главное ол ой айтылды. бірақ халық фанатеть етіп кеткен

“үндемегеннен үйдей бәле шығады” деген осы ма?




modern islam?

ислам әуелден әрбір ғасырға лайық болған дін емес пе? неге ол модерн болу керек?


қыз баласына кейде тек сезімдерін түсінетін, эмоциясына абайлап қарайтын, ренжіген сәтінде дұрыс жұбатып еркелете алатын ғана адам керек сияқты


15:34-те күн батады😱


соңында біз істеу керек әрекет — тәубе ету екен ғой ✍️

❌ тәубе — күнәңа өкіну, қайғыру, қайтадан қайталамау

✅ себебі күнәсіз адам емес, күнә жасаған соң шын жүрегімен өкініп тәубе еткен адам ғана бұл жалғанда жеңеді екен






мұндай көріністі тек инстаграмнан не вконтактеден көруші едім

тым керемет🥹✨


бұрын “неге ол адам үйтті, неге бүйтті?” деген ой болатын

адамды таңдау еркі үшін сұраққа ала алмайсың, себебі бұл өмірдегі таңдауы үшін сұрақ қоятын Сұраушы әуелден бар. бірақ ол сен емес, себебі сен де сұраққа алынатын көптің бірісің

#өмір


ешкімде жоқ жауапкершілік бар мына бізде

демек жауапкершілік — адам көтере алатын жүк

өз өміріңнің жауапкершілігін біреуге артып, өз тағдырыңның таңдау еркінен айырылып қалма


арнамда шығатын жазбалар ешкімге (намек) емес

ол менің өмірімдегі бірнеше ұқсас ситуациялардан туындаған анализ




істесең міндетсінбе, міндетсінсең істеме

сенің таңдауың үшін басқалар жауап бермейді, біреудің таңдауына сенің қарсылық білдіруге құқың жоқ)

384 0 10 4 18

ЖҰМЫС ІСТЕ, АҚША ТАП

мектеп қабырғасы. сынып жетекшіміз “ал қазір аты-жөндеріңмен түгендеймін, әке-шешелеріңнің қайда жұмыс істейтінін айтыңдар” деді. бәрі өз кезегін күтіп отыр.

біреудің анасы дәрігер, біреудің әкесі жеке кәсіпкер. кезек Әмірге келді.
Мұғалім: Әмір, айта ғой
Әмір: әкем мұғалім, анам жұмыс істемейді
Мұғалім: Ә-ә, домохозяйка ма?

бала көңіліме “домохозяйка” деген жұмыс түрі аянышты көрінді ме түсініксіз. бірақ Әмірдің анасы жұмыс істемейтіні және оның үйде отырғаны мен үшін өте төмен “статус” боп саналды-ау, оны іштей аяғаным да бар-ау.

қысқасы, кішкентай бала көңілімде ананың жұмыссыздығы ұят нәрседей көрінді

“домохозяйка” қандай жаман сөз.

үйде отырған ана — мықты батыр, шыдамды, төзімді, мейірімді жан дер едім.

енді туған нәрестеге, енді өмір көріп өсіп келе жатқан балапандарға МЕЙІРІММЕН қарап, жүректеріне жылулық сыйлап, “махаббат” дегеннің не екенін алғаш ұғындырып отырған адамды қалайша бағалай алмаймыз?

баланың тәрбиесі сенің айына миллион әкелетін жұмысыңнан да артық, ертең сол балаңды “АДАМ” етіп тәрбиелеп шықсаң өзіңнің абыройың: қазір де ертең де.

қазір — осы жалған, ертең — ақыретің

👑 | артыңнан дұға ететін, қияметте нұрдан тәж кигізетін аманатыңа қиянат жасама, жұмысыңды қоя тұр


ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ — ҰЛТ ТӘРБИЕСІ

💡не түйеміз?

ана деген қастерлі ұғымды тек қыз баласы иелене алады. қазір өсіп келе жатқан кішкентай, ерке қыз — болашақта ақ жаулықты ана болады, бала тәрбиелейді.

отбасы институтында ⚪ата-әже ➡️ әке-ана⚪ деген этаптардан өткен баланың тәрбиесі жаман болмас, үлкендері ес атаулыдан айырылмаса.

бала тәрбиесіне әке де, ана да бірдей атсалысу керек десек те, баланың жанында ұзақ болатын — ана. ана баласын дұрыс тәрбиелесе, жақсылық атаулы анадан бастау алса, әсіресе қыз баланың тәрбиесіне мұқият болса ғанибет деген сол емес пе? себебі ол болашақта ұрпақ тәрбиелейтін қадірлі жан ғой.

әр сәби — болашақ тағдыр. елдің, ұлттың үміт еткен көз нұры

Показано 20 последних публикаций.