DaniyarAlan


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


¯ \ _ (ツ) _ / ¯

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


1) Үйге интернет орнаттым. Көзім ашылды да қалды. Связь тым, тым нашар еді. Жить как говорится хорошо, а хорошо жить еще лучьше.

2) Шымға келгелі алғаш автобусқа отырдым. 1,5 сағатым кетті жететін жеріме жеткенше. Таксимен максимум 30 минутта барар едім. Бір сағат уақыт жоғалтуым, сол уақытта жұмыс істеген ақшаға пара пар екен. Таксимен жүре беремін деп шештім.
Человек зарабатывает ровно столько, сколько он расходует дегені рас екен.
3) МРЦда қоғаммен байланысты мықты жолға қойғанмын ау деймін. Әліге дейін хабарласады адамдар. Бірі осы жаңа.

Сендерде не жаңалық?


Тығылып оқитын халқым көп екен ғүә мені😳

Өркен секілді реклама алсам ба әлде. Жоқ алмасам ба. Жоқ алсам ба.

Жынды қылдыңдар кароч.


3,8К?
Кімсіңдер?




А ия, көшіп барған жерім - "Астана" мөлтекауданы, еще Назарбайып даңғылы 🐱


Осы өмірімде кемі жиырма рет көшкен шығармын.
Ең көбі Астанада болды. Жұмысым ауысқан сайын жақын жерден пәтер жалдайтынмын.
Бүгін де заттарды жиыстырудамын. Екі жылда он коробка "дүние" жинап тастаппын. Мұны тасуды айт енді.
Бір түрлі, бауыр басып қалыппын пәтерге. Талай қызықтың куәсі болған еді :)
Ал сіздер қанша рет көштіңіздер?!
☺ - 5 реттен аз
😇 - 5-10 арасы
😋 - көшпелі қазақпын


@Zhandoschannel - деген Жандос Құсайынның телеграм каналы бар.
Отписка жасаймын ау :) Бір постын инстаға да, фбға да, телеграмға да салады.

2012 жылдардағы керекинфоға да, айтаберге де, жалпы барлық блогтұғырларға тіркеліп алып, постты дублировать ететін өзімді еске салды :)


Әкем 7 жасымда "лақтырып" кеткенін айттым ба, айтпадым ба..

Бір кездері бүкіл "страданиелерімді" соған жапқам. Бүкіл мен істеген күнәлар соның мойнында деп. Ибо, егер ол болса осындай ақыл берер еді ғой деген секілді.

Қазір ойланып отырмын да. Мен өзімнің істеген нәрселеріме тек өзім ғана жауап беремін. Ал ол кісі Алла алдында өз ісіне жауап береді.

Жә, әңгіме ода емес. Інім бар дейді. Ұзынқұлақ.

Өз жағдайымды туралап болған соң баратын шығармын.

Бұрын ойлайтынмын, жоқ прям елестететінмін:
Мен, бүкіл жағдайы жасалған чувак анонимно барамын. Сыртынан тұрмысын көремін и просто қайтып кетемін деп. И кинодағыдай көпірде тұрып ұзақ жылаймын.

Өмір басқалай екен.
Інім бар дедім ғой. Аты білуімше Арман. Жағдайымды дұрыстаған соң барам шығар. Қан ғой.


От. Ішімдік. Музыка. Дым сөз жоқ.
Ештеңе туралы сөйлеспейсің, бірақ ымсыз түсінісесің. Жәй ғана үнсіз отырып, іштей мұңдасасың.

40 жасыңда жалғыз досың қалса өмірді босқа сүрмегенің деуші ма еді?!

28 жыл өтіпті.


Адамның табиғаты қызық өзі.

Тығырыққа тірелдім деп ойлап, жол іздей бастайсың. Табасың да, ары қарай тығырыққа тірелгенге дейінгі қалыпқа келіп алып, қайтадан дзен ұстап аласың.

Жатырмын. Жүгіретін кезім ғой. Ары қарай қанша қалды дейсің. Ары кетсе екі қойдың жасындай ақ жасым қалды, мәселен.

Ал мен. Жатырмын. Әжес.


Кеше, әлде алдыңғы күні, бір ескі танысым "жылаңқы посттарың тым жиі болып кетті" деді. Телеграмда.
Шынымен солай болыпты )
Бірақ ше, аудитория үшін жазуды ешқашан мақсат тұтпаппын. Жазу үшін жазуды тем более.
Сол сәтте келіп қалады, жаздым и ұмыттым.
Тағы бір понятие қалыптасыпты (тіпті тым жақындарым арасында) телегаға тек ішкен кезде ғана жазады деген.
Құрметті ахуермандарым. Мен ішкен кезде бүкілін өшіріп ішемін. Артық нәрсе жазбау үшін.
Мындағы посттар таза өзім үшін.

Түсінікті болу үшін: менің жасым 34-те. 60 жасымда осыларды оқып отырғым келеді.


Құдай бір күні менен сұрайды (шығар енді):
- Сен мен берген өміріңде не істедің?,-деп.
Мен: Ештеңе,-деп жауап беремін.
- Ал не істемедің?,-десе де, өкінішке орай жауабым дайын.
- Жақындарыма көңіл бөлмедім.

Ең, ең деген жақындарыма дұрыс көңіл бөлуді үйрену керек. Көңіл емес, махаббат. Кешіріңдер.


Уақыттың ешқашан оралмайтынын кеше, ауылда жатып түсіндім.

5 әлде 6 жастамын. Тапшанда мен, папам және нағашым жатырмыз. Папам: "Мынау ғой Жетіқарақшы" деп жатты. Еміс-еміс есімде. Есімнен әлі кетпеген. Жетіқарақшыға әр қараған сайын сол сөз есіме түседі.

Тура сол аспан астында талай жүрдік. Жігітшілік жасап, түннің бір уағында талай қайттық.

Бірақ, "Жетіқарақшы" сөзі сонымен байланып қалыпты. Кеше, Жетіқарақшы астында жатып ұйықтадым. Дұрысы, ұйықтай алмадым. Жанымда жетіқарақшыны сілтеп жататын 22 жыл бұрын менен (бізден) бас тартқан папам жоқ. Нағашым да бұрынғыдай емес. Емес емес, кеше ол үйде жатты. Бірақ, бәрі бұрынғыдай емес.

Өз-өзіммен жеке қалдым. Жалғыз өзім.

Мен әкемді кешірмедім. Қыздарым кешірер ме?! ЖОҚ! МҰНЫ КЕШІРУГЕ БОЛМАЙДЫ! КІНӘЛІМІН!


Әр посттың просмотры 1000-нан асып кетіпті ғо, ықық.


Мында жазуға уже бола ма, жоқ па?


13!


Осы күнге дейін, анамды сен деп келіппін. Білмедім, әкемнің отбасы орысша тәрбиеленгіндектен бе, әлде басқа себеп пе.
Жаңа, "сен" деп жазып тұрып, "сізге" ауыстырдым.
"Қарызымнан сізге үй салып берсем құтыламын ғой ия?",-дедім. Ол кісі, "ия" деді.

Бірақ, сол кезде, қарызымнан ешқашан құтылмайтынымды түсіндім. Бұл дүниеде секеңдеп жүргенім үшін, қанша қателік жасасам да, барлығын көтергені үшін. Мені осы күйімде қабылдағаны үшін.

Өткендеее, "Балам, фейсбукта анайы нәрселерді жаза бермесей",-деді. Ол анайы емес, сленг тұғын.

"Ел бар, жұрт бар" деді. 1,5 жылдай жазбадым ау деймін.

Бірақ, анашым, кешірші. Өз табиғатымнан асып кете алмайды екенмін. ФБ пост әлбетте мысал.

Кешір. Қарызбын.


Кеше досыма қонаққа бардым. Кішігірім жер үйі бар. Біраздан соң әңгіме сол баспанаға көшті. Үйді ауыстыру ойында бар екен. Этажға.
Ақылдымын ғо, Хайвел үй салып жатыр, Нұрсатта (Шымның левый берегі ғо очм). 200 метр жерде акимат, жанында НИШ, жанында Метро (магаз ше), 500 м. жерде балабақша. Очм, асфальтта өскендердің жұмағы ғой. Мына үйін сатып, 3 лямын ремонтқа, 2 лямына тау жақтан жер ал, и будет тебе и загородный дом,-деймін ғо әлгі.

Очм, жауабы таң қалдырды.
"Достарымның үйіне барамын, балдары ютюбта. Қарамайды да, назар аудармайды да. Ал менің балдарым үйге кісі келсе "Ассалаумағалейкүм" деп амандасады. Жаныңда жүреді, күндіз далада ойнайды",-деді. Очм, асфальтта өспегенін қалап тұр ғой. Хотя өзі асфальтқазақ. Мен оған қарағанда ауылырақпын.

Ал білім? Ағылшын тілі? Конкурентоспособность?-десем. "А зачем это все?",-деді.

Лібәд. Шынымен ә?!
Өз балаларымызды наққа пичкаем там всякими курсами, допзанятиями?

Сөйлеуді үйрет, жүруді үйрет. Болды ғой. Өскенде кім болатынын өзі шешсін.
6 жыл оқыған баянымды 20 жыл ұстамадым. Тарих дипломы әне жатыр шаң басып.
Один х'р маңдайына жазылғаны болады ғо дим дә.

Пысы: өткен сенбі Плазада отырдық (Шымкенттің Ханшатыры). Көрші столда семейка отырған бір.
Бір кезде баласы үстіне ыстық шәй төгіп алды. Бақырды сосын бүкіл плазаға. Шешесі сүртіп бірнәрсе істеп жүр маңайында. Арасында "заткнись" деп қояды. Әжесіне все похрен. Көзқарасында "өзің ғой кінәлі" деген жазу бар.
Шешесі аптекаға кетті бір кезде. Бала бақырватр. Әжесі отыр.
Арғы столдан басқа әже келді де, баланы жұбатып, конфет беріп алдандыра тұрды шешесі келгенше. Өз әжесі сонда да қыңқ демеді ғо шіркін.
Өз столына жайғасқан қазақ әже жақтырмай қарап отырды шала қазақ әжеге біразға дейін.

Осы бауырмалдықты тәрбиелейікші. Аха?!


"Лед" деген фильм көрдім. Ия қазір. Ия, білемін екіншісі шыққанын.
Эм, норм чувак хоккей ойнайтын, соңында фигурист болып кетеді.
Әйелдерге ол: ой, класно же, өз өмірін құрбан етіп, какой романтик,- шығар.
Но хоккейдегі командоластары кемі 5 рет қолын жуған шығар, ә.

Екіншісін көрейік.



Показано 20 последних публикаций.

150

подписчиков
Статистика канала