Динара Боранбай


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Айтар сөзім іште өлмесін, кеудеге көмілмесін. Сол үшін жазамын, айтамын.
Пікір, ұсыныс, сұрақтар тікелей ↪️ @dinara_boranbay

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


М: Соңғы рет қашан жыладың?

Д: 2024 жыл 23 қыркүйек. Сол күн әлі есімде. Бәлкім жыл бойы ішке жиналған өлі сезімдер… Өкіріп бір жылап алғам. Әйтпесе жай нәрсеге, болмашыға жыламайды екем.

#өзіміздіңдиалог

353 0 1 18 16

Әйел болу – ақылды болу деген сөз

Көптің қызу талқысына түсіп, көрерменді екі тарапқа бөлген «Нурикамалды» көріп шықтым. Махаббат пен даналықтың адам бойындағы көрінісін көрдім. Фильм соңындағы «Сіз менің орнымда болсаңыз не істер едіңіз?» деген сауалға мен де жауап іздедім.

Адам тағдыр мен қабілетті сұрап алмайтыны анық. Сол секілді кеудедегі жүрекке сезімді де салатын бір Құдай. Мен сол сезімнің әнмен әуелеп, халық жүрегіне жеткен көрінісін көрдім. Екінші, отбасылы еркектің өзге әйелге ғашық болуы – кездейсоқтық болмас. Мұндағы факт – сезімдердің жария болмағаны мен бөтен қадамдардың жасалмағаны. Десе де, дерекөзге шолу жасасам басқаша дейді, көргенімді жаздым. Көзге шөп салу шығар, бірақ «Ғашық болу өз сезіміңді айғайлап жеткізу емес» екенін көрдім. Ол өз сезімін тарих сахнасында мәңгі қалған әнмен жеткізді. Үшінші, әйел даналығы. Ақын жаны, жүрегі мың бөлініске түссе де, әйел ретінде даналығын бірінші орынға қоя білгені – даналық. Ақын және әйел ретіндегі миссиясын адал орындап шыққаны – нағыз ерлік дер едім.

Фильм жайлы ой осы. Расымен, кім ақылды, сол жеңіледі. Бұл – даналық. Ал Ханбибінің қойған сауалына менде жауабым жоқ. Басқа түспеген істі қалай сезініп, қалай жауап бересің?

@dinaraboranbay1


Кім ақылды, сол жеңіледі…


Жауап іздеуді тоқтат. Бір адамнан күткен әрекеттің орындалмауы – оның саған берген жауабы. Егер адам қаласа, сен күткен қадамды жасаған болар еді…

@dinaraboranbay1


Репост из: Ғажап, иә?
Киелі кешірім

Ғаламның ғажабы деген атқа әбден лайық бір оқиға бар. Ол кегін кешірімге айырбастаған ана туралы.

Бұл оқиға Иранда болған. 2007 жылдың күзінде Самерех есімді әйелдің 18 жастағы ұлы кісі қолынан қайтыс болады. Қылмыскер кісі өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді.

Қыршын кеткен бозбаланың ата-анасы қылмыскерді дарға асатын күнді асыға күтеді. Сағат жылжып, мойынға арқан түсетін күн туады. Құсадан қан жұтқан әйел дарға асылайын деп тұрған жігітті кешіреді.

Соңғы демі шығар уақытта бәрін тоқтатады. Тоқтатады да: «Егер бұл өмірде кешіруге болмайтын бір қателік болса, ол – кешіре алмау» дейді. Сол күні күллі Иран халқы жылаған еді...


Менің Астанадағы қос әріптесім, жақын достарым Бекзат пен Елігімай «жанға жылу, миға медет» болатын канал ашыпты.

Елік жазғандай, «ақпараттық майдан жүріп жатқан кезеңде, ізгілікті, жақсылықты көру, сезіну маңызды. Ғаламда ғажап көп. Сол ғажапты неге ана тілімізде ардақтамаймыз деп ойладық. Ойладық та, кірісіп кеттік!»


Сөзге шөлдегендеріңіз болса, мархаббат. Біз қолдамағанда, кім қолдайды 🤗


«Маза бермес жүрекке толқын ішкі»


Санаңда шатасқан мың сұрақтың жауабын өз жүрегің ғана береді. Өзің үшін қабылдаған шешімдер жүрегіңе тыныштық сыйлайтыны содан.

@dinaraboranbay1

1k 0 14 1 28

Репост из: Динара Боранбай
Өмірімде кезіккен жайсаң жандармен алмасқан хаттарды өшіріп тастамай, сақтап жүретінмін. Ол дағдыға айналғалы көп уақыт өтті. Сол бір шақтар жаныма жылу сыйлаушы еді. Қазір сол кездерге оралып, жанымның жарасын тырнап отырмын. Ең ыстық, ең ықыласты, ең бір аяулы жазбалардың егесімен қоштасқалы қашан… Енді хат сақтауды доғаратын шығармын. Дәл сол бір жандар секілді…

Динара Боранбай @md_aitarymbar

990 0 10 2 36

Қазір ғана 2024 жылымды қорытып, жаңа мақсат-жоспарларымды бекіттім. Өзімде бар 3 блокноттың әрқайсысы әр түрлі арман-мақсаттарға толы. Әр жаңа жыл басталған сайын, орындалуы керек дүниелерді жазамын. Қазір соларды түгендеп, орындалғандарды санап шықтым. Әр блокнотта жазылған тізімнен орындалғаны 55 екен⚡️

Бұл жазғаның өзіңе есеп әрі жаңа мақсатқа деген мотивация. Кішкентай қалауыңнан басталған дүние – үлкен және шексіз қалауларыңның орындалуына жетелейді.

«Қаламға және қалам иелерінің жазғандарына серт!» («Қалам» сүресі, 1-аят).


Арманыңды, қалауларыңды, мақсаттарыңды өсіру – сенің миыңдағы шектеулерді қиратуы тиіс. Кең әлемде, мың миллион адам өмір сүріп жатқан жерде мүмкін емес нәрсе ЖОҚ! Сенім мен ниет бір болған жерде – нәтиже бар.

@dinaraboranbay1


⚡️2025-тің жаңа оқырманы, қош келдіңіздер🤍

Танысып қоялық, есімім – Динара. Арнаны тұрақты жүргізіп келе жатқаныма 4 жыл болды. Мендегі бағыт еркін және шынайы, тәуелсіз.

❗️Ескерту: Адамды сөзінің әдемілігіне қарап баға бермеңіз және арна жүргізетін әкімшілерді де мінсіз (идеал) деп санамаңыз. Көз жетіп, көңіл қаныққан соң жазып отырмын. Санаңызға мықтап түйіп алыңыз)

Әрбіріңізге арнама қосылғаныңыз үшін алғыс айтамын🫂

P.S. Мен де сізбен танысқым келеді, төменге өзіңіз жайлы қысқаша жазып кетіңіз😁

Құрметпен, әкімші


Махаббат жүрген жерде эгоның билігі жүрмеуі керек. Махаббаттың күш-қуаты атом энергиясынан да мықты.


Сен де мені ойлап жүр деп естідім


❗️Осы сұрақты өзіңе қой: «Саған тап қазір ең қымбат адам кім?». Қандай жауап ойлансаң да, жауап осы:

– Алдыңда кім отырса, қасыңда кім тұрса, кіммен сөйлесіп тұрған болсаң, сол адам саған ең қымбат адам. Көңіл дейтін өте нәзік, адам деген өте қымбат, өмір деген өте қысқа.
«Бейсен және болмыс»


Адамға бақытты болу үшін сәл ғана шүкіршілік жетіспейді…


Жаңа 2025 жыл құтты болсын. Сүйінішті сәттеріңіз сиремесін! Құшақтадым!🤍


2024 жылы оқыған кітаптарым⬇️

1. Ы. Олжай «Еркін ойлау немесе көне қағидаларды қирату»
2. Мартин Иден «Джек Лондон»
3. Шразиддин Каниязов «Фокус»
4. Ш. Мұртаза «Ай мен Айша»
5. Элиф Шафак «Махаббаттың қырық қағидасы»
6. С. Әбдірайымұлы «Бес мүшел»
7. Ғ. Елубай «Жүз жетінші көктем»
8. Гәри Чәпмән «Махаббаттың бес тілі»
9. Шерхан Қазығұл «Күлпет»
10. Ә. Кекілбаев «Әңгімелер, сыр сұхбат, ой-толғамдар»
11. М. Ақан «Әйеліммен әңгіме»
12 С.Керімбай «Өзбекәлі және мәдени майдан»
13. С. Керімбай «Бейсен және Болмыс»


Былтыр 1 жылға 25 кітап оқуды мақсат етіп, оны орындағам. Биыл одан асырам деп, керісінше жетпей қалдым. Кітап клубына да қосылмадым. Ендігі кітап оқуға қояр мақсат нақтыланды. Жақсы, оқуға тұрарлық кітаптар болса, жазып кетсеңдер🙌🏻


Ал жылды қорытайық⚡️

2024 жылға қойған арман-мақсаттарым мен жоспарларымның біразы орындалды. Ең негізгісі – өзім қалап, армандап түскен ҚазҰУ-ды аяқтауым. Бұл орда менің шырағымды жағып, қабырғасында атымды қалдыруыма негіз болды.

Бұл жыл мен үшін тәжірибе жылы болды. Көп нәрсені істеп көрдім, бас тартқан, тәуекел еткен, байқап көрген істер мені шыңдады. Жаңа жұмысқа орналастым. Ортамды ауыстырдым. Тұлғалық қырымды дамытып, өзіммен жұмыс істедім.

Айтқандай, автормен жұмыс істеп көрдім. 1 кітаптың редакторы атандым. Бұл жұмыс менің баспа саласындағы тәжірибемді іс жүзінде орындауыма түрткі болды.

Өзіме келсек, жылдан түйген нәрсе өте көп. «Өмірден түйгенім манты ғана» емес🤣

Биылғы жылы интроверт, «сен тимесең, мен тиме» Динара болдым. Ұяңдығым басып тастағандай. 2025 қайта ояну жылы болғалы тұр.

Биыл жеке өміріме фокус мүлдем қоймадым, уақыт арнағым да келмеді. Неге екенін білмеймін.

Жыл соңында сабақ аларлық оқиғалар көп болды. Өзіме керегін алдым, санама сіңірдім. Мықтап қаруландық, әсіресе адамдарға келгенде…

Арнам үшін биыл жемісті жыл болды. Бұл жаққа енді махаббатымды, шабытымды, өзімді арнадым. Көп ойлар, түйген нәрсенің бәрін осында шығардым. Жаныма жақын боп кеткен адамдарды да осы жақтан таптым. ШҮКІР!

Ал оқырман, достар, баршаңызға келе жатқан жыл құтты да қайырлы болсын! Бастысы отбасымыз аман болсын! Денсаулық ең маңыздысы. Ойға алған мақсаттарыңызға жетіңіздер💐

Құрметпен, Динара Боранбай


Кеше мамаға айтам ғой:

– Мама, сіздердің жандарыңызға келсем, өзімді әлі кішкентай сезінем, – деп.

Сөйтсем мама:
– Тұрмысқа шығатын жасқа келдің,– деп қойып қалды.

Жылап отырып күліп жібересің ғо, сондай сезімде болдым😆

p.s. Тұңғышын 21 жасында ұзатқан папа асықпа дейді, мама асық дейді.


бала кезде жаңа жылдан күтер жаңа нәрсенің бәрін өзіміз жасауға көшіппіз…

@dinaraboranbay1

Показано 20 последних публикаций.