Хадис ізденуші


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Хадистер, хадис ілімі, хадис шархтары және хадис ғалымдарының жазбалары📚
Ілім ізденушіге насихаттар📌
Админ нмудың қарапайым байырғы түлегі.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Усуль-фиқһ, усуль-хадистен бір кітапты толыққанды түсініп оқу – қарапайым 100 кітапты оқығаннан да күрделірек әрі машақаты мол.

Қарапайым 100 кітап, 1000 кітап оқығандарға тамсана берме. Ол сенің бір усуліңе де жетпейді.


Бәдруддин ибн Жәмәғәнің (рахимаһулла) “Тәзкирасынан” көптен күткен ижазамыз дайын болды✊🏻🔥


Уағыздың басты күші – эмоция.

(Уағызшының эмоцияналды болуы құптарлық✅)


Ет бұзылса тұз себесің. Тұз бұзылса не себесің?


Әрбір исламтанушы оқуы міндет кітап екен✅


Имам әл-Қушәйри (рахимаһулла) қайтыс болғаннан кейін, оның өліміне шыдамаған жылқысы 5 күн бойы су мен тамақтан бас тартып өз-өзін аштықпен өлтірген.

©️Али әл-Умари (хафизаһулла)

Жан-жануарлардың ізгілерге махабаты🤍


Ақида ілімі – ең маңыздының ішіндегі маңызды болған ілім. Кейде әр нәрсенің артынан жүгіреміз деп ақиданы қалыс қалдырып жатамыз.

Шейх Али әл-Умари (хафизаһулла) бір сөзінде былай дейді:

«Осыдан бір ай уақыт бұрын маған фиқһ тахассусында 5 жыл оқыған шәкірт келіп: “Алланың бар екендігіне бірде-бір ақли дәлел таба алмадым” деп айтты. Өте қиын жағдай. Шубһә бастау алған кезден бастап оны кәләм дәрісінде талқыға салу қажет…».


Маған кей шәкірттердің өз шубһәсін ұялмай айтатыны қуантады.

Жүрегіңдегі шубһәні (күмәнді) ақида дәрісінде айтып шығармасаң, басқа қай дәрісте айтасың?

©️Али әл-Умари (хафизаһулла)


Қазіргі уақытта ілім ізденуші қаражаттан тапшылық көрсе, ой-өрісін, көкжиегін кеңейтуі қиын болады.

Ол кітап алуы қажет, кітапханаларды кезуі қажет тағысын тағы…

©️Фараз Раббани


Шейхтардың жанында ағылшынша білмейтініме ұялып кетемін.

Кей кезде бізбен ағылшынша сөйлеп кетеді. Қазіргі заманда әр талиб білуі қажет екінші тіл ағылшын ғой, бұлар оны қалай білмесін деп ойлаған шығар біз жайлы🫠


Неге сен қайдағы жоқ сұрақтарды қоя бересің деп қылқындырып жатыр😹


– Ясир Қади ол сәләфиліктен қайтты.

– ааа, ма ша Алла! қазір кім?

– хурр)

©️Фараз Раббани


Мысалға, Нуман Али Хан. Иә, ол муфассир ғалым емес. Бірақ ол фиқһи үкімдер айтпайды. Ақидаға кірмейді. Айтатын тек құран тәпсірі, тәпсір ішіндегі латайфтар және қоғамдық маңызды мәселелер. Дінге қызметін қылып жүр, үмметке пайдасы тиюде.

Бірақ, оны дінге енді келіп, намазды жаңадан бастаған адамдарға тыңдауға болмайды. Діннің әсәси бастапқы ілімдерін оқыған адам ғана тыңдаса болады деп айтар едім.

Онымен қоса, оны 5 жылдап тыңдап жүрген ауам халық әлі де сол деңгейде екенін көрдім. Ақида, фиқһ, тәпсір-хадис оқы. Уағыздарды қосымша тыңда.

Маңыздысы күнделікті дәріс алу.

©️Фараз Раббани


Егер жер бетінде бүлік орнатып, өзінің адасушылығын басқаларға да үгіттей беретін муфсид адам болмаса болғаны. Оған радд қайтарып, адамдарды одан қашырмай-ақ қой. Оны жайына қоя бер.

Үмметке, дінге қызметін қылып жүрген адам болса болғаны.

©️Фараз Раббани (хафизаһулла)


Хадисте “Ғалымдар – пайғамбарлардың мұрагері” деп келді.

Бір-екі ғалым емес, бәлки ғалымдар.

Бір ғалым қателесер, мейлі екеуі қателесер, бірақ олар көпшілік бола тұра біріге қателеспейді.

©️Фараз Раббани


Кәләм ілімі – аты айтып тұрғандай сөз, талқы, тартыс ілімі.

Бұл ілім тек тыңдаумен алынбайды. Бәлки, дәріс барысын талқылаумен алынады.

Басқа ілімдерден дәріс өтілу кезінде үндемей отыру әдеп болса, бұл ілімде үнсіз отыру әдеп емес.

Талқы қажет…

©️Али әл-Умари (хафизаһулла)


Шейх Али әл-Умаридің (хафизаһулла) дәрістері басталды.

Имам әл-Қушәйридің “Әл-мунтәһә фи нукәти уули ән-нуһә” кітабы бойынша.


Бәдәиғтен, Хашиядан мәселе алып келтіргенің таңғаларлық емес.

Ол екеуі жоқ кезде өзіңнің жадыңнан алып келе алатын қудури, кәнз мәтіндерің болуы әлдеқайда абзал.

Һидаяны аяқтап, бірақ 1000 сұрақтың 900-950-не жауап бере алмасаң, оқыдым деп айтпай-ақ қойғаның абзал.

Тек ғәлә уәжһи тәбәррук оқыдым деп айт😃.

©️Шейх Фараз Раббани

#күліп_айтқан_тонда_оқыңыз


Ұстазым шейх Әдиб әл-Кәлләс (рахимаһулла) сол жылдары жасы 75-тен асса да Һидаядан дәріс беріп жатқанда кей мәтіндерді түсіндіру үшін “муғниден”, “алфияту ибн Мәликтің” шумақтарын жатқа айтып келтіретін.

©️Фараз Раббани


Бүгін шейх Фараз Раббаниді (хафизаһулла) түскі асқа шақырып, 3-4 сағатқа созылған берекелі мәжіліске куә болдық.

Шейхтің көптеген насихаттарын Алла қаласа осы каналға салармын✊🏻

Екінші видеода шейх дуррул мухтардан бір үзінді оқып жатыр👍🏻🔥

Показано 20 последних публикаций.

1 959

подписчиков
Статистика канала