Islamic Economics.Kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Экономика


Бұл каналда экономика, сауда, инвестиция, сақтандыру және т.б. қаржылық мәселелер ислам дінінің шеңберінде талқыланады
Жеке сұрақтар және ұсыныстар бойынша: @IslamicEconomicsKzJor

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Экономика
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: TAǴYLYM TAMSHYLARY
Бауырлар!

Сіздерге Жаңаберген ұстаздың аудармасынан туындаған «100 сұрақ». Атты керемет кітапты ұсынғалы тұрмын. Бұл кітапта адал мен арамға қатысты 100 түрлі мәселенің жауабы қамтылған. Барлығы да ханафи мәзһабының негізгі классикалық еңбектеріне негізделген

Сонымен қатар, кітапты алғандарға сыйлық ретінде екі кітапша беріледі екен. Кітапшаны алу үшін, осы жерді басып, уатсаб арқылы хабарласыңыз.

Айтпақшы, Жаңаберген ұстазды танымайтындар болса, бұл кісі менімен бірге бір университетте оқыған, ханафи факультетінің магистранты. Қазіргі таңда менің коллегам.😉


🟢 Құрбандық сөзін қалай түсінеміз?

Құрбандық сөзінің анықтамасы: уақытын, дүние-мүлкін биік мақсат үшін құрбан ету. Алла Тағала өзінің Қасиетті Құранында:
{Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла (Т.) оны толық біледі} (Әли Имран сүресі: 92)


Бұл дегеніміз Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) Жаратушымыз жолында өзі сүйген нәрсесін құрбан етіп сүйіспеншілігіне бөленгені секілді, өз ісіңізде не мамандығыңызда жетістікке жету жолында ұйқыңызды, ойын-сауықты, мал-дүниеңізді құрбан етсеңіз ғана биік мақсаттарға қол жеткізесіз. Алдыңызға биік мақсаттар қойып соны орындауға кедергілерден бастартыңыз.

473 0 3 10 12

Құрбан айт құтты

Айттан айтқа аман есен жете берейік. Алла білімімізге, ісімізге берекесін берсін. Оқырмандар саны арта берсін)


🟢 Құрбандық шалудың хикметтері

1️⃣ Алла Тағаланың әмірлерін орындау әрдайым ризашылығына жақындатып, ақыретте сый-сыяпатына кенелтеді. Пайғамбарымыз хадисінде бұл ақиқатты былай деп түсіндіреді:
«Адам баласы құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Алла Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар» Тирмизи, Адахи, 1.


2️⃣ Құрбан шалу – Ибраһим пайғамбарымыздан (ғ.с.) жалғасып келе жатқан сүннет. Иә, Ибраһим пайғамбарымыз (ғ.с.) Алла Тағалаға берген сөзінде тұрып, бауыр еті баласы Исмайылды Ұлы Жаратушысының жолында пида ете алатындығын паш етіп, қиын сыннан өткен еді. Міне, құрбан шалу – сол бір ғибратты оқиғаның ұмытылмас көрінісі.

3️⃣ Адам баласы құрбан айтта құрбан шалу арқылы Ұлы Жаратушысының өзіне берген сансыз нығметтерінің шүкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді.

4️⃣ Руханияттан алшақ болған мына материалдық дүниенің қыспағында қалып, тарыққан ішкі дүниеміз бен көкірек сарайымыз құрбан айттағы шалынған малдардың өзендей аққан қандарын әр-әр жерден көрген уақытта психологиялық тұрғыдан әсерленіп, бойындағы ауырлықтан жеңілдеп, көкірегіндегі қайғы-қасіретін ұмытып, адами табиғатында болатын ыза, кек, дұшпандық сияқты сезімдерден арылып, өне бойы жеңілдеп, сергіп қалады.

5️⃣ Жаратылысында өзімшілдік, сараңдық сияқты кейбір жаман сипаттардың дәнегі бар жалпы адам баласы құрбан айтта тек қана Алла Тағаланың ризашылығы үшін кедей бауырларына жәрдем беру арқылы аталмыш болымсыз сипаттардың дәнегінің түбін балтамен шауып, оның орнына бойындағы бауырмалдық, жомарт, кішіпейіл сияқты кәмілдіктің белгісі саналатын сипаттар дәнегінің өніп-өсіп, жетілуі үшін су себеді.

6️⃣ Дүние жүзінде жылына миллиондаған мал сойылуда. Бірақ бұл сойылған малдың еттерінен көптеген кедей-кепшік мақұрым қалуда. Міне, құрбан айтта осы кедей, жағдайы нашар адамдардың жүзіне күлкі кіріп, шаттық байрағы желбірейді. Бір адамның көңіліне шаттық беріп, жүзіне күлкі кіргізу қандай бақыт... Алла Тағала ақыретте бәріміздің жүзімізді жарқын қылып, көңілімізді шаттандырсын! Әмин!

#құрбандық #хикмет
https://t.me/islamiceconomicskz


🟢 Қаржылық қағидалары

Ассалаумағалейкум! Біз Оқырмандарымыздың тек Ислам экономикасынан хабардар болудан бөлек қаржылық сауаттылығы артқанын қалаймыз. Сол себепті сіздерге Данияр Жігітбек ағамыздың "Қаржылық қағидалары" тәпсірі каналын ұсынамыз. Жолда, кептелісте, сапарда уақытыңызды тиімді пайдаланып тыңдауға керемет мүмкіндік.

https://t.me/qr_zhi


🟢 КЕШБЭКТІ ЖӘНЕ ДИСКОНТ КАРТАЛАРДЫ ҚОЛДАНУҒА РҰҚСАТ ПА?

♦️Кешбэк (ағыл. Cashback – ақша қайтару) – бұл тауарды сатып алудан немесе қызметтер ақысын төлеуден түсетін бонустық пайыздар.

Кешбэк жүйесінде карта иесі (клиент) белгілі бір дүкеннен тауарды сатып алған жағдайда эмитент (банк) клиенттің шотына белгілі бір пайызды қайтарады. Ал сатушы банк арқылы тауарын сатқаны үшін эмитентке белгілі бір комиссия төлейді.

Кешбэктің үкімі төлем карталардың түрлеріне байланысты әрқалай болады:

♦️Дебеттік карта – клиенттің банк шотындағы ақша сомасы шегінде төлемді немесе ақша аударымын жасауға мүмкіндік беретін төлем картасы.
Дебеттік картаны қолдануға көптеген ғалымдар мен пәтуа ұйымдары рұқсат берген. Өйткені бұл картада өсім беру қарастырылмайды. Ислам Фиқһ Академиясының 139 (5/15) қарарында:
«Дебеттік карталарды шығаруға әрі қолдануға рұқсат... Сондай-ақ карта иесіне шариғатта тыйым салынбаған қызмет көрсету немесе тауардың бағасын төмендету сияқты жеңілдіктерді пайдаланудың оқасы жоқ»,
– делінген. Осы ретте төлем барысында клиенттің картасына қайтарылған кешбэкті қолдануға рұқсат етіледі.

♦️Кредиттік карта – эмитент пен клиент арасында жасалған банктік қарыз шартының талаптарыме
н төлемдерді, ақша аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем картасы. Кейбір эмитенттер клиентке қарызды пайызбен немесе пайызсыз беруі мүмкін. Пайызсыз берген жағдайдың өзінде қарызды уақытынан кешіктірсе, айыппұл белгіленеді.
Кредиттік карталарды қолдануға байланысты ғалымдардың арасында екі түрлі көзқарас бар:

1️⃣ Кредиттік карталарда өсім әрі оған алып баратын шарттар қамтылғандықтан бұл картаны қолдануға тыйым салынады. Өйткені кредиттік картада эмитент пен клиент арасындағы байланыс қарыз ретінде қарастырылады. Егер кредиттік картаны қолдануға тыйым салынса, онда одан түскен кешбэкті де пайдалануға болмайды.

2️⃣ Эмитент қарызды пайызсыз береді. Бірақ қарызды өтеу уақытынан кешіктірсе, айыппұл белгілейді. Егер клиент қарызды пайызсыз алып, уақытылы төлеуге сенімді болса онда бұған қажеттілік жағдайда кейбір ғалымдар рұқсат берген. Дегенмен одан түскен кешбэкті қайырымдылыққа жұмсайды дейді.

♦️ Бонустық карталар.
Бонус жинақтауға мүмкіндік беретін арнайы карта. Сатушы өзі немесе кешбэк сервистерінің қызметін пайдалана отырып клиентті тарту мақсатында бонус карталарын ұсынады. Осы карта арқылы клиент балл, бонус жинап, сол дүкеннен зат алуына болады. Бұл картаны қолдануға төмендегі шарттар негізінде рұқсат етіледі:
1️⃣ Төлем карталары шариғат талаптарына сай болуы; Кредит карталарын пайдаланып, ол үшін бонустар алуға болмайды.
2️⃣ Бонусты шариғатта тыйым салынбаған нәрсеге жұмсауы;
3️⃣ Бонустың есесіне клиенттен комиссия алынбауы;
4️⃣ Бонусты сый ретінде беруі;
5️⃣ Бонус себепті тауарды қымбатқа сатпауы тиіс.

♦️ Дисконттық (жеңілдік) карта – бұл сауда орталықтары, туристік фирмалар т.б. жеңілдіктерді ұсынатын карта. Бұл карта ақылы және тегін болуы мүмкін. Ислам Фиқһ Академиясының №138 қарарында:
«Егер карта тегін берілсе, ондағы берілетін сыйлықтарды, жеңілдіктерді пайдаланудың оқасы жоқ. Бірақ сатушы жеңілдік бергені себепті тауарды қымбат сатпауы тиіс. Егер дисконт картаны сатса әрі бағасы негізі құнынан жоғары болса немесе жыл сайын төлеп тұратын төлемі болса, онда пайдалануға тыйым салынады. Өйткені бұл құмар болып саналады»,

– делінген.

ШЕШІМ:
Дебеттік картаны қолдануға әрі ол арқылы түскен кешбэкті қолдануға рұқсат.
Кредиттік картаны және одан түсетін кэшбэкті қолдануға тыйым салынады. Тек аса қажеттілік жағдайда қарызды пайызсыз алып, уақытында төлеуге сенімді болса ғана қолдануға рұқсат. Алайда одан түскен кешбэкті қайырымдылыққа жұмсауы керек.
Бонустық картадан түскен сыйақыны төмендегі шарттар негізінде пайдалануға болады:
Төлем карталары шариғат талаптарына сай болуы;
Берілген бонус шариғатта тыйым салынбаған нәрсеге жұмсауы;
Бонустың есесіне клиенттен комиссия алынбауы;
Бонусты сый ретінде беруі;
Бонус себепті тауарды қымбатқа сатпауы тиіс.
Дисконттық карта тегін берілсе, оны пайдаланудың оқасы жоқ.


ҚМДБ Ғұламалар кеңесі
#кешбэк #дисконт #пәтуа
http://muftyat.kz
https://t.me/islamiceconomicskz


Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

🟢 ИНТЕРНЕТ ДҮКЕН АРҚЫЛЫ САУДА ЖАСАУҒА БОЛА МА?

Интернет дүкен – толық сипаттамасы бар тауарды сататын және сатып алатын веб сайт. Негізі тараптардың интернет немесе телефон секілді электрондық құрылғылар арқылы онлайн келісім жасауы бетпе-бет сауда жасағанмен тең. Ал пошта, факс, телеграф, т.б. жазу құрылғылары арқылы келісімшарт жасағанда хаттың екінші тарапқа жетуі ижаб (ұсыныс), екінші тараптың сол мәжілісте келісім беруі қабул (қабыл алу) болып саналады. Ислам фиқһы академиясының қарарлары, 98-бет, №52 (3/6).

Қазіргі таңда сатушы белгілі бір тауарды толық сипаттап интернет дүкен арқылы сата алады. Бұл тауар сатушының меншігінде болуы да, болмауы да мүмкін. Сатып алушы интернет дүкендерінен өзіне қажетті тауарға тапсырыс бергенде, сатушы оны қабылдап, келісілген уақытында жеткізеді.

♦️ Интернет дүкен арқылы сауда жасаудың үкімі төмендегідей қарастырылады:
1️⃣ Меншігіндегі тауарды өз парақшасында сату. Яғни дүкен иесі меншігіндегі заттарды интернет дүкен немесе әлеуметтік парақшалар арқылы сатады. Бұған шариғатта рұқсат етіледі.

2️⃣ Меншігінде жоқ затты өзінің парақшасында немесе интернет дүкенде сату. Бұл жерде сатушы көтерме сауда орталығымен алдын ала келісіп, кейін ол тауарға қатысты барлық сипаттарын және мағлұматтарын интернет дүкенінде көрсетеді. Клиент тарапынан тапсырыс түскенде сатушы тауардың ақшасын толық алып, көтерме сауда орталығынан затты сатып алып, келісілген уақытта клиентке жеткізеді. Бұл саудада тауардың сипаты толық көрсетілгендіктен, сәлам келісімшарты негізінде оған рұқсат етіледі.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендерден кім сәлам (табыстау) саудасын жасаса, белгілі өлшемде, белгілі мөлшерде және белгілі уақытқа дейін сауда жасасын», – деген (Бұхари, №2240; Мүслим, №1604).


Ал тауардың төлемін толық алмаса, сондай-ақ тауардың нарықта бар-жоғы әрі тапсырыс берген затты жеткізуі белгісіз болса, мұндай саудаға тыйым салынады. Өйткені
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өзіңде болмаған нәрсені сатпа», – деген (Насаи, №4627; Әбу Дәуід, №3503).


3️⃣ Интернет дүкен иесі сатушының тауарын жарнамалап сату. Бұл көріністе интернет дүкен иесі делдал ретінде әр тауардан белгілі пайызды немесе белгіленген қызмет ақысын алады.
Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Бір кісінің басқа біреуге: «Мына киімді мұнша бағаға сат. Одан артық бағаға сатсаң, үстіндегі ақша сенікі», – деп айтудың оқасы жоқ», – деген (Бұхари, 3/96).

Бұл жағдайда тауарды жеткізу жауапкершілігі делдалға емес, сатушыға жүктеледі.

4️⃣ Интернет дүкен иесі сатушының атынан уәкілі ретінде сату. Уәкіл сатушының атынан тауарды сатып, ақшасын алады. «Әл-Маусуға әл-фиқһия әл-Кувейтия» кітабында:
«Ғалымдар сауда-саттықта уәкіл тағайындау дың рұқсат екеніне бірауыздан келіскен. Уәкілдік ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін», – делінген (әл-Маусуға әл-фиқһия, 45/90).

Алайда тауар иесінің рұқсатынсыз белгіленген бағаның үстінен қосып сатуы дұрыс емес. Интернет дүкен арқылы сауда жасаған кезде сауданың рүкіндері мен шарттары толық табылуы, алаяқтыққа, заттың белгісіздігіне жол берілмеуі тиіс. Егер тауар баяндалған сипатқа сай болмаса, мұндай жағдайда сатып алушының затты көргеннен кейін қайтарып беруіне құқығы бар.

ҮКІМ:

1️⃣ Меншігіндегі тауарды интернет дүкен арқылы сатуға рұқсат етіледі.
2️⃣ Меншігіндегі жоқ тауарды сәлам саудасының шарттарына сай сатуға болады.
3️⃣ Интернет дүкен иесінің сатушыдан белгілі бір пайызды алуы шариғатқа қайшы емес.
4️⃣ Тауар сипатталған сипатқа сай болмаса, сатып алушының оны алмауына құқығы бар.
5️⃣ Тауар белгілі себептерге байланысты келісілген мерзімде жеткізілмесе, сатып алушы ақшасын қайтарып алуға немесе келісімді бұзып-бұзбауға құқылы.
6️⃣ Тауар келісімге сай тиісті мерзімде жеткізілген жағдайда сатып алушы тарап көзделген қаражатты төлеуге міндетті.


ҚМДБ Ғұламалар кеңесі
#интернетсауда #пәтуа
http://muftyat.kz
https://t.me/islamiceconomicskz

715 0 8 18 15

🟢 САУДАДАҒЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
(2/2 бөлім)

6️⃣ Сатылатын зат клиентке нақты әрі белгілі болуы керек.
Мысалы: клиент бір адамнан ғимарат сатып алғысы келеді делік, ал ол адамда бірнеше ғимарата бар болса, клиент нақты қай ғимаратты алғысы келетінін көрсету керек.

7️⃣ Сатылатын зат клиентке жеткізіле білу қажет.
Мысалы: бір адам көлігін ұрлатып алып, осы ұрланған көлікті тауып аламын деген үмітпен оны басқа адамға сата алмайды.

8️⃣ Сатылатын заттың бағасы бекітілген болуы керек.
Мысалы: сатушы клиентке "1 айдың ішінде төлесең - 1000тг, 2 айға бөліп төлесең 1500тг" дей алмайды. Яғни клиент төлейтін баға әу баста нақты бекітілген болуы керек әрі оны өзгертуге тыйым салынады.

9️⃣ Сауда барысында бір-біріне байланысты шарттар қоюға болмайды.
Мысалы: бір адам басқа біреуден машинасын сатып алатын болса, оның баласын әлгі адамның компаниясына алу керек деген шарт қоюға тыйым салынады. Яғни екі шарт бір-біріне байланысты болмауы керек.

#мурабаха #алыпсату
https://t.me/islamiceconomicskz


🟢 САУДАДАҒЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
(1/2 бөлім)
Сатуды (продажа) шариғатта «құны бар бірінші заттың басқа затқа екі тараптың разылығымен айырбасталуы» деп түсіндіреді. Ендігі кезекте, мурабаха бойынша алу-сату шарттарына тоқталып өтейік:

1️⃣ Сатушы қолданыста жоқ затты сата алмайды.
Егер сондай зат (тіпті сатушы мен клиенттің келісімі бойынша) сатылса - бұл Шариғат тұрғысынан жарамсыз сауда болып табылады.
Мысалы: Хамза әлі төлдемеген сиырдың бұзауын Омарға сатса - бұндай келісім жарамсыз.

2️⃣ Сатылатын зат сатушының иелігінде болуы керек.
Сатушының иелігінде жоқ зат сатыла алмайды. Егер сатушы бір затты өз иелігіне алмай, клиенттен ақшасын алып, осы ақшадан поставщиктен зат алып, кейін ғана затты клиентке сатса - бұл Шариғат тұрғысынан жарамсыз сауда болып табылады.
Мысалы: Хамза дәл қазір Әлидікі болып саналатын көлікті Омарға сатқысы келеді (яғни посредник). Бұндай сауда жарамсыз, ал жарамды болу үшін Хамза алдымен көлікті өзі сатып алып, сосын ғана Омарға сата алады.

3️⃣ Сатылатын зат сатушының физикалық және жанама иелігінде болуы керек.
«Жанама иелену» дегеніміз - зат иесінің дәл қазір меншігінде болмауы мүмкін, бірақ сол заттың заңды иегері болып табылады және барлық шығынды иесі көтереді. Ал «физикалық» дегеніміз 2 пунктте келтірілген түсіндірме.
Мысалы: Хамза Әлиден көлікті сатып алды, бірақ Әли әлі Хамзаның гаражына көлікті жеткізбеді (себебі Әлидің көлік сататын салоны бар және Хамза сатып алған көлік Әлидің көрші қаладағы салонында және оны жеткізу 1 ай уақыт алады делік). Бұл жағдайда Хамза осы көлікті үшінші тарапқа сата алмайды, себебі Хамза көлікті «жанама» иеленсе де, бірақ әлі физикалық иелікке өтпеді. Сондықтан Хамза көлікті өз көзімен көріп, өз меншігіне алғанда ғана басқа тарапқа сата алады.

4️⃣ Сату дәл сол сәтте және нақты болу керек.
Басқаша айтсақ, қандай да бір оқиғаға немесе алдағы болатын жағдайға байланған сауда - Шариғат тұрғысынан жарамсыз болып табылады.
Мысалы: а) Хамза Әлиге қаңтарда: «мен саған көлікті ақпанда сатамын» десе - сауда жарамсыз. Себебі келісім уақытқа байланып тұр.
б) Хамза Әлиге: «егер пәленше партия сайлауда жеңіске жетсе, мен көлігімді саған сатамын» десе - сауда жарамсыз. Себебі келісім алдағы болатын оқиғаға байланып тұр.

5️⃣ Сатылатын заттың құндылығы (бағасы) болу керек.


#мурабаха #алыпсату
https://t.me/islamiceconomicskz

971 0 8 17 17



🟢 Мурабаха (Алып-сату)

Мурабаха - сатушының бір затқа үстемеақы (наценка) қосып клиентке сату келісімі. Қарапайым сөзбен айтқанда - кәдімгі алып-сату саудасы.

Мурабахада сатушының үстінен қосатын ақысы клиентке белгілі және ешқандай жасырын төлем жүрмейді (яғни пеня т.б.).
Сатушы үстемеақыны абсолютті (яғни нақты қанша сумма) немесе пайыздық (қанша пайыз үстеме) мөлшерде бекіте алады.
Мысалы 1 затты 1000тг-ге сатып алып, «бұл затты 1100тг-ге» немесе «алған бағадан 10% қымбат сатамын» деуге болады.

Сонымен қатар, мурабахада төлем дәл сол сәтте немесе алдағы уақытта бөліп төлеуге (жеке тоқталамыз) рұқсат етіледі.

Мурабаханың басқа келісімдерден айырмашылығы - клиент товардың нақты бағасын біледі. Егер сатушы товардың бағасын көрсетпей, саудаласу процессінде айқындаса, онда бұл сауда «мусауама» (саудаласу) деп аталады.

Келесі дәрістерде мурабаха бойынша алу-сату шарттарын үйренетін боламыз. Саудагер бауырларымызға өте өзекті және керекті тақырып.

#мурабаха #алыпсату
https://t.me/islamiceconomicskz


🔴 Лудомания қоғам дерті

Қазіргі қоғам дертіне айналған лудоманияны біз және сіздер болып бірге күресуіміз керек. Осының арбауына іліккен дос-туыс, көршілес бауырларымызды осы дерттен қайтару әрбір есті мұсылманға міндет болып тұр десек қате айтпаған болар едім. Мына подкастта лудоманияның себебін, салдарын және қалай күресу жайлы керемет жеткізген

https://youtu.be/wUElMgbNjjY?si=F9TviPBe-0enrn2V


🟢 Мудараба (Инвестиция)

Мудараба - бір тараптың екінші тарапқа инвестиция құю арқылы жасалатын серіктестік түрі. Тек инвестиция құятын тарапты - рабб-ул-мәл (инвестор) деп атайды, ал бұл капиталды басқаратын және істі жүргізетін тарапты - мудариб (кәсіпкер) деп атайды.

1️⃣ Мудараба және мушарака арасындағы айырмашылықтар:
1. Мушаракада инвестиция барлық тараптан түседі, ал мударабада инвестиция тек инвестор тарапынан ғана.

2. Мушаракада барлық тараптың бизнесті жүргізуге және процесске араласуға құқығы бар, ал мударабада инвестор бизнесті жүргізуге және процессті басқаруға қатыса алмайды.

3. Мушаракада шығынды барлық тарап өз үлестеріне сай көтереді, ал мударабада барлық риск - инвестордың мойнында. Себебі кәсіпкер өз қалтасынан инвестиция шығармайды және оның шығыны уақыты мен күшінің зая кеткенінде болады. Бірақ егер бизнестегі шығын кәсіпкердің тікелей әрекеті себепті болса (яғни іске салғырт қараса, немесе өз міндеттерін келіскендей атқармаса), онда шығын кәсіпкердің мойнында болады.

4. Мушаракада егер бизнес қарызға батса, онда олардың барлық мүлкі сатылып, қалған қарыздары үлестеріне сай бөлінеді. Ал мударабада барлық риск инвестордың мойнында (себебі мудариб тек бизнесті жүргізеді, ал капитал, яғни ақша немесе зат, инвестордың меншігі).

5. Мушаракада серіктестер активтерін біріктірсе, ортақ қор құрып, құйған активтеріне сай үлеске ие болады. Ал мударабада барлық товар тек инвестордың меншігі болып қала береді.

2️⃣ Табыс
Мудараба келісім аясында шариғатымыз екі тараптың табыстағы нақты үлесін бекітпеген. Яғни инвестор және кәсіпкер 50-50, 70-30, 20-80 т.б. қандай болмасын үлесті өзара келісім бойынша бөлісе алады. Бірақ дінімізде бұндай келісім аясында бекітілген (фиксированный) сумма немесе бекітілген % мөлшер қоюға қатаң тыйым салған.
Мысалы: Хамза 100.000 теңге инвестиция құйса, кәсіпкер Хамзаға ай сайын 15.000 теңге немесе Хамзаға алғашқыда құйған 100.000 теңгеден 20% алып отырады деген шарт жасауға БОЛМАЙДЫ. Бірақ түскен пайдадан (!) 20% Хамзаға, 80% кәсіпкерге деп бөлуге болады.
Яғни кәсіпкер келесі ай 500.000 теңге пайда, 300.000 теңге шығын кетті десек, оның бір айлық таза пайдасы 200.000 теңгеге тең. Сондықтан мудараба аясында тек осы 200.000 теңгеден (таза пададан) ғана үлес бөлісуге болады.

#мудараба #инвестиция
https://t.me/islamiceconomicskz

4.3k 1 45 23 21

❓❓❓❓❓ Сұрақ ❓❓❓❓❓

Егер серіктестікте ақша аз құйған тарап ақша көп берген тараптан көбірек жұмыс істесе, пайдадан құйған мөлшеріндей емес артық үлес алуына бола ма?
Мысалы: жоғарыдағы мысалда айтылғандай 60/40 емес, 50/50 не 40/60 пропорциясы бойынша.
Мысалы: 50.000 теңге таза пайда болса, затты тасуға 10.000 теңге өтеліп, қалған 40.000 теңгені әр тарап 20.000 - 20.000 теңгеден бөліссе немесе 16.000 теңгесі Хамзаға, 24.000 теңгесі Омарға

✔️ Жауап: Йә, егер екі тарап келісімге келсе теңдей бөлісуге не артық алуына болады. Ал шығынға ұшыраған жағдайда келісім орнатуға болмайды. Яғни әр тарап өзі құйған мөлшеріндей көтереді. Мысалы: 15.000 теңге шығынға ұшыраса Хамза 9.000 теңге, Омар 6.000 теңге көтереді.

#мушарака #серіктестік
https://t.me/islamiceconomicskz


🟢 Мушарака (Серіктестік)

Мағынасы:
1. Тілдік - бөлу, бөлісу
2. Экономикада - серіктестік, партнерство

Капитализмде - қаржыландыру % негізінде. Ал Исламда бұндай қаржыландыру - өсімқорлық (риба) болып саналады және ең ауыр күнәлардың бірі.

♦️Пайыз (%) бен мушарака айырмашылықтары:

1️⃣ Табыс:
Пайыздық несиелендіруде - бекітілген (фиксированный) мөлшерлеме бар.
Мысалы, инвестор 400.000 теңге несие берді. Шарттары: 1 жылға 20%. Яғни кәсіпкер 1 жылдан кейін 80.000 теңге қосып қайтаруы керек.
1-жағдай: кәсіпкер 1 жылда 500.000 теңге табыс тапты. Егер ол үлкен пайдаға кенелсе, онда инвесторға тек кішкене бөлігін береді. Кәсіпкер бастапқыда қиналған кезде ақша берген инвесторға кішкене ғана ақысын береді. Яғни бұл жағдайда инвестор ұтылады.
2-жағдай: кәсіпкер 1 жылда 90.000 теңге табыс тапты. Егер ол тек 90.000тг пайда тапса, соның 80.000тг-сін беріп, өзінде тек 10.000тг қалады. Бұл кәсіпкерге тиімсіз.
3-жағдай: кәсіпкер 1 жылда 20.000 теңге табыс тапты. Егер ол 20.000тг пайда тапса, бұл сумманы толықтай инвесторға беріп, үстіне тағы 60.000тг қарыз болып қалады.
4-жағдай: кәсіпкер 1 жылда 15.000 теңге шығынға ұшырады. Ал бұл жағдайда талқыламасақ та, "жығылған үстіне жұдырық" жағдай екені көрініп тұр

Ал мушаракада - пайда түскен таза табыстың үлесімен өлшенеді.
Мысалы, Хамза және Омар деген екі кісіні алайық. Хамза - кәсіпкер, ал Омар - оның инвесторы. Кәсіп бастауға Хамза 600.000 теңге, Омар 400.000 теңге салды.
Яғни түскен таза табыспен бірінші шығындар (тасу, көшіру) өтеліп, қалғаны 60/40 пропорциясы бойынша бөліседі.
Мысалы: 50.000 теңге таза пайда болса, затты тасуға 10.000 теңге өтеліп, қалған 40.000 теңгенің 24.000 теңгесі Хамзаға, 16.000 теңгесі Омарға.

2️⃣ Шығын:
Капитализмде жоғарыда айтып өткеніміздей, кредит берген тарапқа кәсіпкер шығынға ұшыраса да, ешқандай айырмашылығы жоқ. Яғни шығынды толық кәсіпкер көтереді.
Ал Исламда кәсіпкер шығынға ұшыраса, барлық тарап құйған үлестеріне қарай 60/40 пропорциясы бойынша көтеру керек. Себебі ешкім де берген ақшасын және жұмсаған күшін шығынға ұшырағанын қаламайды. Ал кәсіпкер шығынға ұшыраса, инвестордың одан ақы талап етуі әділетсіз, себебі бұл онсыз да қиын жағдайға ұшыраған тарапқа одан бетер соққы болады және инвестор қандай рискке барғанын әуел бастан білді.

#мушарака #серіктестік
https://t.me/islamiceconomicskz


🟢 Ислам экономикасындағы өнім өндірудегі басты мақсат
(2/2 бөлім)

Жоғарыдағы "Қоғамның қажеттілігін қамтамасыз ету" тақырыбын нақыл сөздер, Құран мен сүннет бойынша талқыласақ. Қазақ халқы көрші ақысын жете түсінген.
«Көрші ақысы – Тәңір ақысы»

деп қоңсылықты ерекше қадірлеген. Жан-жағында тіршілік етіп жатқан жандармен әрдайым тату тұрған. Сондықтан да бауырды да, басқаны да жанына жақын тартып, көмек берген.
Ел аузында
«Алыстағы туысыңнан қасыңдағы көршің артық»

деген нақыл сақталған. Расымен де, басқа іс түскенде жырақтағы ағайыннан гөрі жәрдем беруге жүгіретін де, қайғымен, қуанышпен алдымен бөлісетін де жанашыр көрші.

Осылайша қоғамның қажеттілігін қамтамасыз ету көршіден бастау алады. Себебі Әнес ибн Мәлік (Алла одан разы болсын) жеткізген риуаятта
Алла Елшісі ﷺ: «Жанындағы көршісінің аш жатқандығын біле тұра өзі тоқ болып жатқан адам маған нақ иман келтірген емес», – дейді (Әл-Баззар риуаяты).


Солайша көрші ақысынан басталған жүйе соңы бүтін бір қоғамды қамтиды. Және де Пайғамбарымыз ﷺ егер бір мұсылман екінші бір өзге мұсылманның қажетін өтесе, Алла да оның қажетін өтеуімен сүйіншілеген. Оны мына хадистен байқаймыз: Ибн Омар (Алла одан разы болсын) жеткізген хадисте:
«Алла елшісі ﷺ: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла Тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады», – деп айтты» делінген. (Муслим хадистер жинағы)


Басқа бір хадисте
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ешбірің өзі жақсы көрген нәрсесін бауыры үшін де жақсы көрмейінше толық иман келтірмейді», – деп айтқан (Бұхари).

Бұған қатысты имам Суютый мынадай хадисті келтіреді:
«Бір біріңізге сыйлық беріңіздер – жақсы көресіздер»

деу арқылы бауырмалдықтың қалай күшейтетінін сипаттап кеткен.

Сөзіміздің соңын Алла Тағаланың мына бір ерекше аятымен аяқтасақ:
{Мұхаммед (Ғ.С.) Алланың Елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді. (Фатих сүресі, 29)

Мүміндер өз араларында мейірімділік таныту арқылы бір-бірінің қажеттілігін қамтамасыз ете алады.

#қажеттілік #бірлік #қоғам
https://t.me/islamiceconomicskz


🟢 Ислам экономикасындағы өнім өндірудегі басты мақсат
(1/2 бөлім)
Ислам экономикасындағы өнім өндірудегі басты мақсаты - қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру, одан кейін пайда табу. Сол себепті Исламда ақшасы не кірісі таусылған тұтынушыға мемлекет, қайырымдылық ұйымдары не қоғам тарапынан (оның ішінде саудагер мен өнім өндіруші де кіреді) көмек көрсетіліп тұтынушының қажеттілігін қамтамасыз етуге бағыттап, сауаппен қызықтырады.

Ал, енді Ислами емес қоғамдағы өнім өндірудің басты мақсаты - үлкен көлемде пайда табу болғасын кірісі таусылған тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру бақылаусыз қалады.

Пайданы бірінші көздеген өндірістік қоғам бір жағынан қоғамға зиянды өнімдер өндіруі, екінші жағынан табиғатты ластау қауіпі жоғары болады. Ал Исламда қоғамның мүддесі жоғарғы орында болғандықтан қоғамға пайдалы өнім өндірісі қолға алынып, әрі болашақ ұрпақ үшін табиғатты ластаудан қайтарады. Сонымен қатар жағдайы төмен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл дегеніміз қоғамның бір-біріне деген жанашырлық сезімін оятып, бірлігін арттыру.

#өндіріс #бірлік #қажеттілік
https://t.me/islamiceconomicskz


🟢 Исламдағы қаржыландыру

Исламдағы қаржыландырудың басты ерекшелігі - активке¹ негізделу. Капитализмнің басты концепциясы - барлық организациялар ақша немесе несие құралдарымен жұмыс жасайды.

Тек ақша беріп, біраз уақыт өткеннен кейін дәл сол валютада көбірек ақша алу - өсімқорлық (риба). Мысалы: бір адам екінші адамға 100 теңге берсе, бірінші адам 120 немесе 150 теңге қайтаруды талап ете алмайды.

🔹Исламда ақша - сауда тауары емес, ол тек айырбас құралы. Ақша бірлігі = ақша бірлігі. Алайда, араға құндылығы бар активті салса, пайда көруге болады. Мысалы: бір адам затты 100 теңгеге сатып алса, сол адам әлгі затты қаншаға сатса да пайда көруіне болады, себебі зат = актив.

🔸Қаржыландыру үшін Ислам ұсынатын ең тиімді құрал:
1. Мушарака (المشاركة)
2. Мудараба (المضاربة)
Сонымен қатар, Ислам экономикасында
3. Сәләм (السَّلَم)
4. Истиснә' (الاستصناع)
5. Иджәра (الإجارة)
6. Мурабаха (المرابحة) және т.б. ұғымдар бар. Бұл терминдермен алдағы дәрістерде толық танысатын боламыз.

¹ актив - табыс әкелетін мүлік, жеке меншік

#актив #ақша #риба
https://t.me/islamiceconomicskz


🔴 Экономикалық проблема
(3/3 бөлім)

Тапшылық проблемасының болмысына Исламдық диагностикасы аясында біз онымен күресу келесі элементтерге негізделгенін көреміз:
1️⃣ Ислам қоғамы үшін шариғат заңдарын берік ұстанып, Алла Тағалаға жақындау.
2️⃣ Өндіріс процесін сан мен сапада, мақсаттар мен құралдарда ұтымды ету және оны нақты қажеттіліктермен байланыстыру.
3️⃣ Бөлу-үлестіру әділдігінің ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде таралуы. Бұл жолдағы күрестің тәсілдеріне Исламдық Бірлестік пен Әділ Халықаралық Ынтымақтастық кіреді.

🟢 Бұл Ислам экономикасының экономикалық проблемаға қатысты ұстанымы. Бәлкім, бұл туралы ең маңызды нәрсе, егер мүмкіндік болса, оны оңай емдеуге болатын мәселе екенін көрсетті. Өйткені оны емдеу адамның мүмкіндігінен тыс нәрселерде емес, оның өз қолында екенін айқындап берді.

#проблема #шешім
https://t.me/islamiceconomicskz


🔴 Экономикалық проблема
(2/3 бөлім)
Жоғарыда Ислам экономистерінің Капиталистік экономистерге берген жауабын айттық. Енді Қасиетті дініміз Ислам қандай көзқараста екенін айтатын боламыз.

Егер зерттеу адамзат және оған жұмсалатын ресурстар құрлық, теңіз және ауа деңгейінде болса, онда ресурстардың тепе-теңдігі немесе тапшылығы жоқ. Бұл құжат Алла Тағаланың Қасиетті Құран аяттарына негізделген:
{Жерге үстінен асқар таулар жаратты да құт-береке қойып, жер жүзіндегілердің ризықтарын төрт күнде шамалады. Бұл сұраушылар үшін тура жауап} (Фуссилат сүресі, 10)

Бұл аяттан Алла Тағаланың адамзаттың қажеттіліктерін немесе одан артығын қамтитын рызықтарын жер жүзінде мөлшерлеп қойғандығын түсінуге болады. Тағы бір аятта:
{Өйткені, біздің қасымызда әр нәрсенің қорлары бар. Бірақ белгілі мөлшерде ғана түсіреміз} (Хажар сүресі, 21)

деуі арқылы біз жердегі әр нәрсенің мөлшері бар екенін түсінеміз. Және үшінші бір аятта:
{Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік- бұйым түсірдік} (Ағраф сүресі, 26)

деп адамзатқа баршасының киімге деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін жетерлік ресурстарды жаратып қойғандығын аңғаруға болады.
Және төртінші бір аятта бұл позицияны бекітіп:
{Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Аллаға ғана тән} (Худ сүресі, 6)

Бұл аяттың мағынасы: Алла Тағала ресурстарды жаратып, оны бағындырып беруі арқылы жердегі әрбір тірі жаратылысты рызықтарындыруды өз кепілдігіне алған.

🔵 Алла Тағаланың әрбір нәрсені мөлшерлеп беруінің сырын былай түсіндіреді:
{Егер Алла құлдарына несібені кеңітіп жіберсе, әлбетте жер жүзінде бүліншілік шығарады. Бірақ қалаған мөлшерде несібе береді. Өйткені Ол, құлдарынан толық хабар алушы, көруші} (Шуро сүресі, 27)

деп бізге хикметін жеткізген.
Бұған ресурстардың өнім болып шығып, қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін адамзат тарапынан да үлесі талап етіледі. Осылайша адам баласының үлесі маңызды болып саналады:
{Ол сондай Алла, сендер үшін жерді көнпіс қылып жаратты. Ендеше оның айналасында жүріңдер. Сондай-ақ Оның ризығынан жеңдер...} (Мулік сүресі, 15)

Осы аяттағы "жүріңдер" деген сөзді Тәпсірші ғалымдарымыз "өнім өндіріңдер" деген мағынада келген деп түсіндірген. Осы арқылы егер адам баласы ресурстарды дұрыс игеріп, белсенділік танитатын болса тапшылық проблемасына тап болмайды. Ал, егер осы жолдан ауытқып, жер асты не жер үсті ресурстарды игеруде бұрыс жолды таңдаса әрдайым тапшылық проблемасына кезігіп отырады. Оған қатысты Алла Тағала бізге өткен қауымдардың мысалын алып келеді:
{Алла сендерге бейбітшіліктегі жайбарақат бір кентті мысал берді: Оған әр тараптан мол ризық келуші еді. Ақырында, Алланың нығыметіне қарсы келді. Сондықтан Алла оларға қылықтарының салдарынан ашаршылық және қауіп-қатердің тонын кидіріп жапа тарттырды} (Нахл сүресі, 112)


#проблема #тапшылық
https://t.me/islamiceconomicskz

Показано 20 последних публикаций.