Қазақша English


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Лингвистика


Improve your English here😉
English–ті осы жерде жетілдіре аласың👍
@akerkekaidarova

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Лингвистика
Статистика
Фильтр публикаций


Hi, everyone!! How u doing??

Оқырмандардың ішінде IELTS емтиханы туралы сұрайтындар көп, сондықтан келесі мақалада бұл емтихан жайлы қысқаша ақпарат бар)

https://goo.gl/pDe9rE


Hello, guys!
Бүгін, көктемнің алғашқы күнінде еліміз «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтуде.

Ал ағылшын тілінде "thank you" - ден басқа қандай алғыс формаларын білеміз?

📌Thanks a lot
- I’m so grateful for…
- I’m so thankful for…
- Many thanks for..

📌I truly appreciate…
- Thank you ever so much for…
- How kind of you to...
- I’m eternally grateful for…
- I cannot thank you enough for…

📌I want you to know how much I value…
- Words cannot describe how grateful we are for…
- Please accept my deepest thanks for…
- Thank you very much.

📌That’s very kind of you.
- Thank you. You’re so helpful.
- Thanks for your kind words.
- Thank you for coming here today.

p.s: Достар, осы каналды дамытуда өз пікірін жазып, сын-ұсыныстарын білдіріп жатқан оқырмандарға алғыс айтамын, thank you, everyone!!👍




Ағылшын тілі мұғалімін түсіну өз алдына, ал ағылшын тілінде сөйлеушіні түсіну біраз тер төгуді қажет етеді. Тыңдалым (аудирование) - кез келген тілдің ажырамас бөлігі. Төменде тыңдалым дағдысын дамытуда ең үздік саналатын интернет ресурстар тізбегі. Good luck!

http://www.elllo.org/ – жер бетіндегі әр түрлі елдердің тұрғындарының берген сұхбаттары. Қарапайым деңгейден жоғары деңгейге дейін, тапсырмаларымен берілген аудиожазбалар.

http://www.eslfast.com/ – қосымша жаттығуларымен берілген қысқа әңгімелердің 365 түрі.

http://www.eslgold.com/speaking/phrases.html - бастапқы деңгейдегі үйренушілерге арналған ең қажетті фразалар топтамасы.

http://www.focusenglish.com/dialogues/conversation.html - американдық ағылшын, күнделікті өмір тақырыптарына байланысты қысқа диалогтар.

http://www.examenglish.com/TOEFL/toefl_listening.htm – TOEFL емтиханына дайындалуға арналған аудиоресурстар.

https://librivox.org/ – ағылшын тілінде сөйлейтің еріктілер өздері кітаптарды оқып, сайтқа жүктейді. Жақсы дыбысталып, мәтінімен берілген тегін аудиокітаптар.

http://www.englishclub.com/listening/index.htm – әр түрлі тақырыптарға арналған материалдар және жаттығулар.

http://www.esl-lab.com/ - ересектер мен балалардың дауыстарымен жазылған, күнделікті тақырыптарға бағытталған аудио жинақтар. Деңгейлерге бөлінген.

#кеңес


Тыңдалым (аудирование) дағдысын қалай дамытуға болады?

1⃣ Біріншіден, барлығы деңгейге байланысты. Қанша тырыссаң да, қиын диалогтарды бірден түсініп кету қиынға соғады. Өйткені сөз қорың жеткіліксіз, грамматиканы түсіну қиынға соғады, осылайша бір таныс емес сөздің қайдан басталып, екінші сөзге қалай ауысқанын түсінбейсің. Сондықтан, ең оңайынан бастап (мыс. мультфильмдер) кейін күрделі видео, аудио таспаларына көшу арқылы тыңдау дағдысын дамыту әлдеқайда пайдалы.

2⃣Екіншіден, бастапқыда тек өзіңе қызықты мәліметтерді тыңдаған жөн. Өзіңе қызықты тақырыпты таңдау арқылы, жаңа сөздердің мағынасын тезірек ұғынасың. Қажетсіз ақпаратты тыңдау, сірә ешқандай пайда әкелмейді, әрі оны күнделікті өмірде пайдалана алмайсың. Мысалы, саған спорт тақырыбы қызық болса, ойындардың шығу тарихын, үздік спортшылардың биографиясын ағылшын тілінде тыңдау арқылы тілді жетілдіруге болады.

3⃣Үшінші, және ең маңыздысы - барлығын аударудың қажеті жоқ. Бірінші рет тыңдағанда, жалпы мазмұнды түсінген жеткілікті. Айтқандай, аударудың тілді меңгеруге беретін көмегі аз, себебі тілдер басқа, көзқарас, мәдениет басқа (әсіресе қазақ және ағылшын тілдері екі бөлек дүниелер). Аудару бастапқы деңгейде көмектесуі мүмкін, бірақ одан әрі бір тілді сөздікті қолданып, үйреніп жатқан тілде ойлау дағдысын қалыптастыру керек.

🔺Қорыта келгенде, ең қарапайым, түсінікті материалдардан бастаған тиімді. Аудирование үшін материалдарды қайдан алу керектігін келесі посттарда жазамын.

#кеңес




Ағылшын тілінде жылдарды қалай оқимыз?

⚫️ Құрамында 0 кездеспейтін жылдар, 2 бөлініп оқылады:

✔️ 1764 – seventeen sixty-four
✔️ 1853 – eighteen fifty-three
✔️ 1993 – nineteen ninety-three

🔵 Егер арасында 0 болатын болса, ол «Oh» (оу) деп оқылады:

✔️ 1907 – nineteen oh seven
✔️ 1804 – eighteen oh four

🔴 Соңы 00 ге аяқталатын жылдар «hundred» сөзімен көрсетіледі:

✔️ 1900 – nineteen hundred
✔️ 1600 – sixteen hundred

⏳ 2000 - жыл, мыңжылдық болғандықтан, «thousand» сөзін қосамыз:

✔️ 2000 – two thousand

📌 2001 жылдан 2009 жылға дейін, бірліктердің алдына «and» сөзін қосып оқимыз.

✔️ 2002 – two thousand and two
✔️ 2008 – two thousand and eight

Американдықтар, әдеттегідей, ережені жеңілдетіп, былай да айта береді:

✔️ 2008 – two thousand eight

🅰л, 2010 жылдан әрі қарай
жылдарды оқудың 2 тәсілі бар:

✔️ Классикалық - 2017 – two thousand (and) seventeen
✔️ Инновациялық – 2017 – twenty seventeen

❗️«Қай жылы» екенін айту үшін «in» предлогы қажет:

✔️He was born in 1845 - Ол 1845 жылы туған

✔️In 201
8 – in twenty eighteen / in two thousand and eighteen / in year two thousand and eighteen

‼️ Year (жыл) сөзін санның басында жазуға болады, бірақ бұл міндетті емес. Ал, «year» - ді саннан кейін қосудың қажеті жоқ.

#сөздік #grammar






🐛📔Are you a bookworm? Bookworm - кітап «құрты», кітап парақтарының арасында болатын, ұсақ жәндік. Сол worm тәрізді кітап оқығанды жақсы көретін адам.

Кітап жанрларына тоқталайық:

📕 Genre - Жанр
📘 Drama - Драма
📕 Novel - Роман
📘 Poetry - Поэзия
📕 Fiction - Беллетристика және көркем әдебиет (ойдан шығарылған шығарма)
📘 Non-fiction - Шынайы оқиға желісімен жазылған, фантастикалық емес шығарма
📕 Science fiction - Ғылыми фантастика
📘 Fantasy - Фантастика
/Фэнтэзи
📕 Business & Finance - Бизнес және Қаржы туралы кітап
📘 Politics - Саяси әдебиет
📕 Autobiography - Автобиография
📘 History - Тарихи кітап
📕 Thriller/Mystery - Триллер/Мистика
📘 Romance - Махаббат хикаясы
📕 Satire - Сатира
📘 Horror - Қорқынышты хикая
📕 Memoir/Reminiscence - Естеліктер

Қосымша сөздер:

▪️Title - Атауы
▪️Chapter - Тарау
▪️Contents - Мазмұны
▪️Epilogue - Эпилог
▪️Introduction - Кіріспе ▪️Paragraph - Абзац
▪️Preface - Алғы сөз
▪️ Volume - Том
▪️ Writer/Author - Жазушы/Автор

#сөздік






📚I like reading books, and you?
Ағылшын тілінде book - пен байланысты көптеген сөз тіркестері (idioms) бар:

📌a closed book
1. аяқталған, соңына жеткен іс, жағдай, біздіңше «жабулы қазан».
2. түсініксіз зат, «жұмбақ».

| You're a closed book, lady! - Сіз жұмбақ жансыз, бикеш!
| This topic is a closed book for
me - Бұл әңгіме мен үшін жабулы қазан.

📌by the bo
ok
ережеге, қатаң тәртіпке, заңға бағыну.

| He always tries to do everything by the b
ook - Ол әрқашан бәрін ережеге байланысты жасауға тырысады.

📌don't judge a book by it's co
ver
сөзбе-сөз: «кітапты сыртқы тысына қарап, талдама» яғни, кімнің болсын сырт пішініне қарап ой түйме деген мағынада.

🖌Friends, сендер де кітап оқығанды ұнатсаңдар, Кітаптар әлемі @kitaptaralemi каналына жазылуға кеңес беремін. Ең үздік кітаптарды тегін оқыңыздар😏


📚Book ~ books, 😺Cat ~ cats, ⚽Ball ~ balls

Зат есімнің көпше түрі ~ s жалғауын қосу арқылы оңай жасалады.

Алайда, кейбір ескертулерсіз ағылшын тілі ағылшын болмас еді)) Сөздің дұрыс жазылуы (spelling), әдетте соңғы әріпке байланысты. Сонымен:

1.Егер сөз -s; -ss; -ch; -tch; -sh; -x; -z; әріптеріне аяқталса, оған ~ es жалғанады.

| bus - buses
| watch - watches
| lunch - lunches

2. Егер сөз -f; -fe әріптеріне аяқталса, - es жалғанады, және -f = -v әріпіне айналады

| wife - wives
| wolf - wolves

❗️roof - roofs
❗️belief - beliefs

3. Егер сөз -y әріпіне аяқталса, әрі -y әріпінің алдында дауыссыз дыбыс тұрса, -y = -ies ке өзгереді

| puppy - puppies
| city - cities

4. Егер сөз -o әріпіне аяқталса, одан кейін де -es келеді

| potato - potatoes
| tomato - tomatoes

❗️piano - pianos
❗️photo - photos

5. Кейбір зат есімдер өзгермейді

| one sheep - three sheep
| a fish - lots of fish
| a deer - 7 deer

6. Бұрыс зат есімдер бар, олардың ережеге бағынбайтын өзіндік формалары болады

| child - children
| person - people
| man - men
| woman - women
| mouse - mice
| tooth - teeth

#grammar #сөздік




Hello, everybody! Дәл қазір болып жатқан істі қалай дұрыс баяндаймыз? Бүгін бізде Present Continuous. https://goo.gl/pemyxH


Hi, there!!

Ағылшын тілінің грамматикалық шақтары
(қысқаша сипаттама)


Ағылшын тілінде барлығы 12 грамматикалық шақ (уақыт) бар, олар 4 топқа бөлінеді:

1. Present tenses – “жай” шақтар тобы
2. Continuous tenses – “созылмалы” шақтар тобы
3. Perfect tenses – “орындалған” шақтар тобы
4. Perfect continuous tenses – “созылмалы орындалған” шақтар тобы

Бұл уақыт көрсеткіштері қазақ тілінде оғаш естіледі, өйткені қазақша тек осы, өткен, келер шақты білу жеткілікті көрінеді. Бірақ, Qazaq tilinde де «жедел өткен шақ», «ауыспалы осы шақ» т.б. түрлері бар.

Сонымен қатар, әр елдің дүниетанымы әр түрлі екенін естен шығармаған дұрыс. Ағылшын тілінде сөйлейтіндер үшін, іс-әрекеттің нақты «қашан» орын алғаны маңызды.

Енді әр топпен жеке-жеке танысайық:

1. Present tense — іс-әрекеттің орындалу фактісін баяндайды, бұл шақта оның «қанша уақытқа созылғаны» маңызды емес. Сонымен қатар, жалпы, күнделікті, әдетте қайталанып отыратын іс-әрекетті сипаттайды:

| Assel studies at University - Әсел университетте оқиды.

| We watched the new film yesterd
ay — Біз кеше жаңа фильм көрдік.

2. Continuous ten
se – аты айтып тұрғандай (to be continued…🎬) бір уақыт шамасында созылып жатқан істі білдіреді. Бұл топ етістіктері әрдайым “ing” жалғауының жалғануымен жасалады және негізгі етістіктің алдында “be” етістігінің болуын талап етеді:

| They are dancing
now — Олар қазір билеп жатыр.

| He was driving car when it his mobile r
ang — Оның телефоны шырылдаған кезде, ол көлік жүргізіп келе жатты.

3. Perfect t
ense – бір уақытқа дейінгі аяқталған, орындалып қойған іс-әрекетті білдіреді. Бұл шақта етістіктің алдында әрқашан “have” көмекшісі тұрады, ал етістіктің өзі өткен шақтағы формасына ауысады:

| Ross has found new job rec
ently — Росс жақында жаңа жұмыс тапты.

| I have never been to
Sweden — Мен Швецияда ешқашан болған емеспін.

4. Perfect continuous
tenses – күрделі шақтардың түрі, яғни созылмалы және орындалған іс-әрекеттерді білдіреді. Мысалы, «Мен Алматыда өмір бойы тұрамын», біз үшін бұл сөйлемнің ешқандай ерекшелігі жоқ, алайда ағылшындар үшін уақыт пен істің орындалу ұзақтығы маңызды. Бұл топтың етістіктері 2 бірдей көмекшіні қолданады «have және been», соңында «ing» жалғауы болуы тиіс:

| He has been writing a new book for
2 years — Ол жаңа кітапты 2 жыл бойы жазып жатыр.

| We had been working
hard and managed to finish the project in time — Біз көп жұмыс істеп, жобаны уақытында аяқтай алдық.

Келесі посттарда әр шаққа жеке тоқталамыз.

#grammar


@kazakshaenglish оқырмандарының саны 200 ден асты! Каналды бірге дамытайық, алыстамаңыздар😊👍


Ағылшын тілін оқу қиын ба?

Ағылшын тілін үйренушілерге English-тің кейбір «нюанстарын» түсіну қиынға соғады. Әсіресе, грамматикалық шақтары (өткен, осы, келер шақтың барлығы 12 түрі бар🙈) шатастыруы мүмкін. Дегенмен, English грамматикалық жүйесінің логикасы бар, қатаң тәртіпті және грамматика заңдарына бағынады. Бірінші қарағанда олай көрінбеуі мүмкін, өйткені әр түрлі тілде сөйлейтін халықтардың мәдениеті де, тұрмысы да, ең бастысы сана-cезімі де өзгеше.
Өз басым, ағылшын тілін бірнеше жыл қатарынан оқығаннан кейін ғана оның логикасын, мазмұнын түсіндім. Бұл English қиын деген сөз емес, тек қана кейбір ерекшеліктерін ішкі қарсылықсыз, "қалай бар солай" қабылдау керек (ал ұғыну міндетті түрде келеді, маған сеніңіздер).

P.S. Жақында бір «мұғалімнің» методикасымен таныстым. Оның әдісімен мүлдем келіспесем де, бір айтқан сөзін ұнаттым: «Әр адам талантты, дарынды. Тек өзі соған сену керек» - деді.

Сондықтан, өзімізге сенейік, алдымызға мақсат қойып, оған жете білейік!

P.P.S. грамматикалық шақтарды келесі сабақтарда қарастырамыз💪

#мотивация



Показано 20 последних публикаций.

303

подписчиков
Статистика канала