БІР КІТАПТЫ ЕКІ РЕТ ОҚУ, ЕКІ КІТАПТЫ БІР РЕТ ОҚУДАН ПАЙДАЛЫОқыған кітабыңды бір айдан кейін сұраса, ұмытып қаласың ғой. Басты бір-екі жерлері есіңде қалған, ал жалпы ауыз тұшытып ештеңе айта алмайсың. Неге? Өйткені атүсті оқығаннан, ойымыз кітапта емес, телефонда болғаннан. Конспект жасамағаннан.
Енді не істейміз? Кітапты екі рет, үш рет оқу керек. Оған қиналма. Бабаң Әбу Насырдыкін естісең, шалқаңнан түсерсің. әл-Фараби Аристотельдің Жан туралы кітабын 100 рет, ал Риторикасын 200 рет оқып шыққан. Ал сен екі рет оқуға ерініп жылайсың.
Оның пайдалары көп.
- Есіңде кітап жақсы сақталады
- Біріншіде жалпылама идеясын түсінсең, екіншіде толыққанды түсінесің.
- Алғаш оқығанда оқиға сюжетінен ләззат алсаң, екіншіде әр кейіпкердің психологиясын, мінезін түсінесің.
- Әр оқығанда кітап жаңа қырынан ашылады. Мысалы, Абай жолын оқып көрші қайтадан. Кейбір оқиғаларды «мынау шынымен болып па еді?» деп таңғалып отырасың.
- «Жасампаз жандардың жеті дағдысын» студент кезде оқу бір бөлек, үлкейгенде немесе кәсіппен айналысқанда оқу бір бөлек.
- Дейл Карнегидің «Дос табу...» кітабын екі рет оқысаң, ендігіде әдетке айналдыра бастайсың.
Солай. Бір кітапты көп рет оқы. Пайдалы болсын.
Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
Немесе @kitapal_bot арқылы осы телеграмнан тапсырыс бер.