Қазақша кітаптар


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


Әрбір қазақ өмірінде істеуі керек 7 дүние бар дейді...

Олар: жеті атасын білу, домбырада ойнауды үйрену, той жасап, қымыз немесе шұбаттың дәмін тату тағысы тағы бар. Бірақ ең маңыздысы – білім алу. Ал сіз білімділер арасында әрбір қазақ оқуы керек 100 кітап туралы пікір барын білесіз бе? Осы орайда жақсы кітап – жан азығы деп бекер айтпаса керек.

Осы сынды басқа да қазақ жазушыларының шығармалары жайлы ақпаратты Яндекс Поиск-тен таба аласыздар. Сондай-ақ ұялы телефоныңыздағы теңгерімге +1000₸ алу мүмкіндігіңіз бар!

Қалай дейсіз ғой? Бәрі де оңай!
1️⃣ Яндекс Поиск-ті әдепкі іздеу жүйесі ретінде орнату үшін смартфон арқылы мына 👉🏻 сілтемеден өтіңіз.
2️⃣ Іздеу жүйесін белсенді пайдаланып, теңгеріміңізге +1000₸ алыңыз.


Көзі ашық, көкірегі ояу адам әлемді ешқандай идеологияның тықпалауынсыз, анағұрлым кеңірек көреді. Ал идеологияны таңу пайда болды екен, соғыс пен қантөгіс басталады.

https://t.me/kzkitap

5.5k 1 12 11 55

Музыка мен кітап күнделікті жанға жұғатын шаңды жуып-тазалайды

Өз плейлистағы музыкамен бөлісіңіздер👇👇

https://t.me/kzkitap




Дархан Бейсенбекұлы - Әулиеағаш жапырағындағы жас

Жас қаламгердің “Әулиеағаш жапырағындағы жас” атты прозалық кітабына соңғы жазған әңгіме, пьесалары топтастырылған. Оқырмандары мен әдеби ортадан жылы пікірлер естіп үлгерген Д.Бейсенбекұлының шығармашылығы ел мен жерге сүйіспеншілік, отансүйгіштік, адамгершілік қағидаттарына негізделіп, құнарлы тілмен айшықталған.


Қарызға берер болсаң, қанша сыйлай аласың сонша бер.
Сенер болсаң, қаншалықты кешіре аласың соншалықты сен.

https://t.me/kzkitap




Гүлзат Шойбекова - Өмір сүру ережесі

Әңгімелер мен повестер

«Өмір сүру ережесі» деген атпен ұсынылып отырған екінші кітабына психологиялық әңгімелер топтамасы жинақталған. Кейіпкерлері – өз замандастары. Мақсаты – адамдардың жадында, жүрек түкпірінде жасырынып жатқан сан қилы сезімдерді болмашы іс-қимылдар, елеусіз диалогтар арқылы ашып көрсету. Кейде өзге түгілі әрбір адамның өзі де біле бермейтін, білсе де мойындай бермейтін жан-дүниенің тұңғиығына ой жүгіртіп, айнадағыдай ашып көрсетеді.


Кітапханашының жұмысы көпшілікке ұнайтын шығар. Тіпті осы арнаны ашуымыздың өзі сол құмарымызды титімдей болсын қанағаттандыру десек жаңылыспаспыз. Телеграм әлемнің кезіп жүріп, кітапханашы апайдың шағын блогын тауып алдық, әрі сіздермен бөлісуді жөн санадық.

https://t.me/kitapkhanashy
https://t.me/kitapkhanashy
https://t.me/kitapkhanashy
.


Америкалық жазушы Даниэла Стилдің жұмыс орны

https://t.me/kzkitap


Кітап оқуды жақсы көретін бала

Джефф Безос бала кезінен кітап оқуға құмар болды. Анасы Джеки оны өз бөлмесінде үйілген кітаптардің арасында жататынын жиі көретін. Джефф өз әлемінде  адасып жүрді. Анасы оның кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып, оны кітапханаға жиі апаратын.

Кітаптар Джеффтің білім мен идеяларға арналған порталы болды. Ол Дж.Р.Р.-ның «Сақиналар әміршісі» сияқты ғылыми-фантастикалық романдарды құныға оқыды. Кітаптар оның технология мен болашақ туралы қиялын тудырды. Томас Эдисон сияқты көреген көшбасшылардың өмірбаяндары Джеффке өнертапқыштық пен табандылықтың күшін көрсетті.

Кітаптар болашақ миллиардерді қалыптастырады

Джефф есейген сайын кітаптар оның ойлауына терең әсер етті. Принстонды бітіргеннен кейін ол Уолл-стритте табысты жұмысқа орналасты. Бірақ ол кәсіпкерлікке деген құмарын да баса алмады. Жаңадан пайда болған интернеттің әлеуетіне тәнті болған ол 1994 жылы жұмысын тастап, Amazon деп аталатын онлайн кітап дүкенін ашу туралы батыл шешім қабылдады.

Неліктен кітаптар? Джефф әлемдегі ең үлкен кітаптар таңдауын интернетке қосылымы бар кез келген адамға оңай қол жетімді етуде пайдаланылмаған мүмкіндікті көрді. Оның үстіне, кітаптар білімге қол жеткізуді білдіреді - және ол білімді алысқа таратқысы келді.

Кітапқа деген сүйіспеншілігімен бөлісу
Amazon Джеффтің гаражынан шыққан кішкентай стартаптан жаһандық бегемотқа айналғанда, бір нәрсе тұрақты болып қалды: Джеффтің кітаптарға деген құмарлығы. Ол өз қызметкерлерімен кітап оқуға деген сүйіспеншілігімен бөлісті, тіпті компанияда «Джеффтің оқу тізімі» деп аталатын сүйікті кітаптарының тізімін жасады.

Джим Коллинздің «Соңына дейін салынған» (Built to Last) іскерлік классигі және Казуо Исигуроның кейіпкерге негізделген « The Remains of the Day » романы сияқты тақырыптар Amazon басшылары үшін міндетті түрде оқылды. Кітаптардың кең ауқымын зерттей отырып, Джефф оның көшбасшылық тобы әлемнің кеңірек психикалық модельдерін қалыптастырады деп сенді.

Бүгінде Джефф Безос планетадағы ең бай адамдардың бірі. Бірақ ол бала кезіндегі кітаптарға деген ғажайып сезімін ешқашан жоғалтпады. Шын мәнінде, кітаптар Джефф Безосты қалыптастырды - және Джефф Безос кітаптарды бұрынғыдан да қолжетімді етуге көмектесті.

https://t.me/kzkitap




Жүсіпбек Қорғасбек - Жансебіл

«Жансебіл» - 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған жүздеген мың қазақ зиялысына көркем шығарма жүзінде орнатылған алғашқы ескерткіш.
Хикаятта басында еркіндік жоқ бодан елдің тағдыры, басқаның жетегінде кеткен ұлттың өмірі, бірін-бірі мазақ етуге дейін барған рухсыздық баяндалады.
Шығарма алғаш «Қазақ әдебиеті» газетіне басылғанда, жанға ауыр
тиетін тұстары қысқартылған болатын. Сібірде бір орыс әйел отын-суға керек ер адамды самогонға айырбастап алмақ болады. Лагерьдегі «халық жауларының» арасынан арыстай қазақ азаматы таңдалады. «Лагерьден қашып, үсіп қалды» деген сылтаумен, тұтқындағы хирургтерге аяқ-қолын кестіреді. Әлгі әйелге тағдырдың мазағындый ғып, кескен томардай шолтаңдатып әкеп береді.




Мария Колесникова, Михаил Колесников - Рихард Зорге

Бұл кітапта тамаша совет барлаушысы, коммунист, интернационалист Рихард Зорге (1895-1944) мен оның серіктері туралы әңгіме болады. Ал хикая негізінен Р. Зоргенің барлаудағы істерін, оның Қытайдағы, Жапониядағы қызметін көрсетуге арналған. Оның өмірбаянында белгісіз болып келген бірқатар жаңа деректер келтірілген.




Нағашыбек Қапалбекұлы - Көз

25k 1 9 28 30



Жанат Әскербекқызы - Сакура гүлдегенде

Жапон поэзиясы көне дәуірлерден бастау алған өзіндік ерекше пішінімен, мазмұнымен, бөлекше дәстүрімен әлемге танылды. Бұл жинаққа кешегі он жетінші ғасырға дейінгі жапон ақындарының өлеңдері енгізілді. Тақуа ақын, бес жолдық танканың майталманы Сайгё, үш жолдан ғана тұратын хайку шебері Басё жырлары қазақ оқырманын да қызықтырады деп сенеміз.


Көңілдің шаттығын арттырып, қуаныш сыйлайтын ұлттық мерекеміз әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір жасыңызбен! Жаңа жыл ырыс-ынтымағымен келсін! Ақ мол болып, бәле-жала жерге енсін!

https://t.me/kzkitap

Показано 20 последних публикаций.