nursultan_ustazdan


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Дін, білім, пайдалы мағлұмат, руханият, ойлар

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Біреудің өткен күнәсі жайлы әңгіме айтып жатқанда біл, ол тәубе еткен болуы мүмкін.

Ендеше өсегің арқылы оның күнәсін алып жатырсың. Ал оған сауаптарың кетуде…


Елестетіңізші…

Жәннат бақшаларында жүрсіз.
Бір қарасаңыз, Пайғамбарымыз ﷺ жаныңызға келіп, күлімдеген жүзімен сізге қарап тұр екен…


1. Рамазанға дейін аяқталатын жоспарың болсын.

2. Рамазан айында жасалатын жоспарың да болсын.

3. Рамазанда басталып, жыл соңына дейін жалғасатын жоспарың болсын.

Рамазанға байланған жоспарларда сөзсіз береке бар.


Бір ұстазыма: "Ұстаз қай алаңда карьер жасағаным жақсы?" - деп сұрадым. Сол кезде күлімсіреп: "жақсы адам болу алаңында!" Өйткені бұл алаңда дүниеде және ақыретте көп пайдалар бар. Сонымен қатар бәсекелестік аз" деген еді.


Проблема — маңдай мен топырақтың ортасында ғана ғой. Маңдай топыраққа жақындаған сайын проблема азаяды…


Көзі көрмейтін зағип кісіден «егер көре алатын болсаң, ең бірінші нені көргің келеді»-деп сұрайды. Сонда ол:

Құранның әріптерін және қалай жазылғанын,-деп жауап береді.

Ал біз бен сіз ше?!
Көретін көзіміз бола тұра, Құранды көре алмай жүрміз. Себебі, көзіміз харам болған, ешбір пайдасыз, бос нәрселерге толып қалған…


Жұманың нұрлы таңы баршаңызға қуаныш пен береке әкелсін! Оқылған Құран, айтылған тілек-дұғаларыңыз қабыл болғай! Алла тағала сіздерге амандық берсін)


Дәл қазір еліміздегі барлық мешіттерде 🕌 жұма намазы оқылуда, бұл күні дұға қайтарылмайтын бір сәт бар, алақан жайып дұға жасаңыз.


Дүниелік те, ақыреттік те жетістіктің ең негізгі кілті – тақуалық еді. Бірақ қазір бүкіл дүниені шыр айналып, жетістік кілтін басқа жақтан іздеп әлек болып қалдық.

(Сифаат әт-талиб📚)


— түнді жақсы көресің ба?
— ия, жақсы көремін.
— неге? бір нәрсе ести аласың ба?
— жоқ, тып-тыныш, үнсіздік…
Раббыммен тілдескен ұнайды.


Әрбір істің басы Алланы разы қылмаса онда ол істің соңы сізді разы қылмайды


қанша рет қайталап оқысаң да түсіне алмайтын жалғыз кітап ол — әйел.


Бір ғана жылы сөз — қаншама
жаралы жүректің емі бола алады.


Имам Ахмадтың хадис жинағында бір хадис бар:

Пайғамбарымыз ‎ﷺ былай дейді: «Кімде-кім қатты толқын кезде теңізге шықса, жауапкершілікті өзі көтереді».

Ғалымдар осы хадистің түсіндірмесінде: «Кімде-кім қауіпті жағдайларда жолға шықса, Аллаһ оның өмірін сақтаудан бас тартады. Әрі әлгі адам өз-өзін өлімге итермелегеннің күнәсін арқалайды» – деп айтады.

112-ден “қарлы боран, жолға шықпаңыз” деген қанша смс келсе де, еш елемей жолға шығып кететін әдетті қойыңыздар. Сенің жан амандығың кез келген нәрседен қымбат. Асығамын деп күнә арқалама.


Алып ағаш түймедей ғана тұқымнан, ардақты адам баласы бір тамшы судан пайда болып, күн атомдардан, ал теңіз тамшылардан құралады. Бұдан басқа ұсақ нәрселер мен себептерден қаншама таңқаларлық нәтижелер тууы мүмкін..!


Күндердің бір күні Алла сені күтпеген жерден армандарыңның дәл ортасына жеткізеді. Аллаға деген үмітіңді үзуші болма.

©️Али ат-Тантауи


Біздің пенде ретінде әлсіздігіміз осы жерде. Қай уақытта қашан болатынын нақты болжау мүмкін емес.

Аллаһ әрдайым күтпеген жерден ризық береді. Күтпеген жерден нығмет береді.


Әрекет - бізден
Ризық - Алладан


Садақа беріп, байлықты
арттыру дұғасы:


اللَّهُمَّ ارْزُقْنِي رِزْقًا حَلَالًا وَوَسِّعْ عَلَيَّ فِي رِزْقِي

Оқылуы:
Аллаһумма әрзуқни ризқан халалан уәууассиғ аләййә фи ризқи.

Мағынасы:
“Уа, Алла! Маған адал ризық нәсіп ет және ризық-несібемді арттыра көр!”

Дәлел:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: “Кім садақа берсе, оның байлығы кемімейді.” (Муслим)


Күндердің бір күні Алла сені күтпеген жерден армандарыңның дәл ортасына жеткізеді. Аллаға деген үмітіңді үзуші болма.

©️Али ат-Тантауи

Показано 20 последних публикаций.