Ongar_online


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Политика


Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы!
Мұнда:
🤡 Саясат
😪 Дау-дамай
😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады.
Жарнама бойынша: +7 701 203 9786

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Политика
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: PARANOIA.KZ
БАҚ: Израиль әскері Газа аймағына бронды техникамен үш бағыттан кіріп, құрлықтық операцияны бастады. Әзірге арнайы жасақ өкілдері кіруде. Израиль авиациясы Хан-Жүніс пен Рафах қалаларына ондаған соққы жасады.

БАҚ: ХАМАС Израиль аумағына бірнеше зымыран атты. (Видеода ХАМАС-тың зымыран атқан сәті)

Ақ үй: «ХАМАС тұтқындарды босатпаса, олардың қанды құн төлейтінін президент айтқан болатын. Өкінішке орай ХАМАС ойын ойнауды таңдады. Президент Израильдің Газадағы әскери әрекетін толық қолдайды».


Жақсыны кейінде көріп үлгереміз, бірінші проблемалық мәселелерді көріп алайық – Берік Уәли

Аймақ басшысы Көкпекті ауданының оқушылар шығармашылық сарайында жергілікті ақсақалдармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Облыс әкімі қариялармен жүздесуде өңірде қолға алынатын жобалар мен тың бастамалар туралы айтты.

«Жақында өткен ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы жаңадан ашылған облыстар мен аудандарға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Президенттің қолдауымен облыс орталығы – Семей қаласында облыстық аурухана, еңселі, жаңа театр салынады. Семейдегі Оқушылар сарайының құрылысын толық аяқтау үшін қаржы бөлінетін болды. Бұл - үлкен қолдау. Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге тың серпін беретін бастамалар», - деді аймақ басшысы.


Жұрттың бәрі үйде тамақ істеуді қойған ба? Көше толы сары жәшік арқалаған адамдар.




2024 жылы Түркістан облысында ешқандай төтенше жағдай жарияланбаған! Бұл ресми! Ал, аудан әкімдіктері болмаған төтенше жағдайдың зардабымен күрес деп, 2,5 миллиардты игеріп жіберген.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Түркияда Ердоғанға қарсы наразылық түнде күшейді. Түріктер "Шал кет" деп айта алмай тұр. Оны қазақтар патенттеп алған))


Репост из: PARANOIA.KZ
Трамппен сөйлескеннен кейін, Путин Ресей әскеріне Украинаның энергетикалық нысандары мен инфрақұрылымын атқылауға уақытша тыйым салатынын айтып, дереу тиісті бұйрықты бергенін мәлімдеген еді.

Соған қатысты Ресейдің Қорғаныс министрлігі: «Президент бұйрық берген сәтте, біз Украинаға 7 дрон жіберіп үлгерген едік. Олар Николаев облысындағы энергетикалық нысандарға бағыт алған болатын. Президенттің бұйрығын орындау үшін дереу арада өзіміз жіберген дронды өзіміз жойдық. Алты дронды «Панцирь» атып түсірді, ал біреуін жойғыш ұшақ атып құлатты», - дейді.

1.1k 0 1 10 104

Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Мэрі қамалған Стамбұл халқы көтеріліп, көшеге шығып жатыр. Оппозиция президенттік сайлауға ортақ тұлға ретінде Имамоғлын ұсынуда.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ердоғанның ең басты саяси қарсыласы, Стамбұл шаһарының мэрі Экрем Имамоғлы қамауға алынды.

Имамоғлы Ататүрік негізін қалаған “Республикалық ұлттық партиясының” көшбасшыларының бірі. Қазір Түркияда осы партияның қолдаушылары көбейді. Имамоғлымен бірге полиция 100-ге жуық адамды тұтқындаған.

Р.S. Түрік лирасы антирекорд орнатып, долларға шаққанда 41,1-ге жетті. Түркияны қазір экономикалық дағдарыс қос өкпеден қысып тұр. Экономикалық жағдайлары күн санап кері кетуде.

Видеода өткенде Измирде өткен митингте Имамоғлының Ердоғанға қарата "Ердоған, сенің күнің бітті" деп күндей күркіреп тұрған сәті


Репост из: Azattyq - Азаттық
Батыс Қазақстан облысына тағы бір дрон құлады

Бұл жолы Тасқала ауданы Атамекен ауылы тұрғындары аумақтан дрон тауып алғанын хабарлап отыр. Ол ақпан айындағысынан гөрі екі есе үлкен деп айтылады. Оқиға орнына оралдық саперлар және өзге де мамандар барған.

Осыдан шамамен бір ай бұрын – 18 ақпанда да Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылдық округы маңынан бірнеше шақырым жерден "белгісіз нысан" табылған еді. Кейбір әскери сарапшылар сол кезде құлаған дрон "ресейлік "Орлан 10" ға ұқсайды" деп жазған еді. Жергілікті полиция әлі күнге дейін табылған нысанға қатысты мәлімет берген жоқ.


ЕО елдері «Азаттық» радиосын құтқарғысы келеді: ЕО-ның 10 елі БАҚ-ты қаржыландырудың балама көздерін іздеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Мәлімдемеге Австрия, Бельгия, Чехия, Эстония, Германия, Латвия, Литва, Нидерланды, Словения және Швеция қол қойды,

Польшаның Сыртқы істер министрі Радослав Сикорски де Чехияның ЕО бюджетінен «Азаттық» және «Америка дауысы» медиахолдингтеріне қаржылық көмек көрсету туралы ұсынысын қолдады.


Белгородқа шабуыл?

Ресейлік БАҚ пен Z-военкор тілшілерінің хабарлауынша, түн батқанда украин әскерлері Белгород пен Курск облыстарының түйіскен жеріндегі шекаралық аймаққа техника мен әскерилерді жіберген.

Дәл осы уақытта Украина қарулы күштері Белгород облысына ұшқышсыз ұшақпен жаппай шабуыл жасады.

Губернатор Гладков Украинамен шекарадағы «қиын» жағдайды жариялады.

«Өкінішке орай, бізде Белгород облысында әлі қиын жағдай бар. Барлық қызметтер, бірінші кезекте Қорғаныс министрлігі, шекара қызметі, БАРС-Белгород, Орлан, өзін-өзі қорғау, аудан басшысы, губернатордың орынбасары, барлығы өз жұмыс орындарында, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде», - деді Гладков.

Әзірге украиналық тараптан ресми мәлімдеме болған жоқ.


Украина Қарулы Күштері Ресейдің Белгород облысына ауыр техникамен бұзып кірді деп ресейлік БАҚ бажылдап жатыр.


Трамп пен Путиннің телефонмен сөйлесіп жатқандарына 2 сағаттан асты. Екі суайт не айтып жатыр екен?)


Елімізде инновациялық өнім көлемі 2,4 трлн теңгеге дейін өсті. Ұлттық құрылтайда Президенттің осы және басқа да тапсырмаларының орындалуы туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың “Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында” жазған.

Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллект, көлік, энергетика, агроөнеркәсіп секторы және адам капиталының даму әлеуеті жоғары екенін ерекше атап өтті. Үкімет жүктелген міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салады.Көріп отырғанымыздай, соңғы 6 жыл ішінде атқарылған жұмыс аз емес, бірақ алда бұдан да ауқымды міндеттер тұр. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тегеурінді басшылығымен Қазақстан үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өзінің орасан зор әлеуетін толық іске асыратынына сенімдімін, - деп жазды Бектенов.

https://baq.kz/innovatsiyalyq-onim-kolemi-24-trln-tengege-deyin-osti-200009799/


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Алматыда «Жаңа адамдар» белсенділері тағы бір бұзықты анықтап, ұстап алып, көрсетіп, артынан босатқан. Олар 12 жасар қыздың атынан профиль жасап, оны танымал әлеуметтік желілердің біріне жүктеген.

Ана "12 жастағы" қызға жазып отырған кілең үлкен еркектер! Жазбалары сұмдық! Біреуі кездесуге шақырып, сол жерде әшкере болды.


Біздің 3000 (!) км қашықтыққа ұшатын дронымыз сынақтан сәтті өтті. Біз сондай-ақ «Ұзын Нептунның» соққыларының нәтижелеріне қанағаттанамыз, - Зеленский


Репост из: Usbanov ARNASY
АҚШ Украинаға жасалған агрессияны тергейтін халықаралық комиссиядан шығады!

Еуропалық сот ынтымақтастығы агенттігінің өкілі CBS News арнасына АҚШ-тың Украинаға қарсы агрессиялық қылмыстарды қудалау жөніндегі халықаралық комиссиядан (ICPA) шығатынын растады.

Бұл топ халықаралық құқық бойынша агрессия деп танылған қылмыстар үшін Ресей басшылығын жауапқа тарту үшін құрылған.


Репост из: Usbanov ARNASY
Дабыл! Ресейдің жұмсақ күшіне нені насихаттамақ?!

Қараңыз: Астанадағы «Русский дом»: «10 жыл – тұтас бір дәуір. 18 наурыз – Қырымның Ресейге қосылған күні», - деп жарнама жасап жатыр. «Крым. Перерождение» деген деректі фильм көрсетеміз. Қысқа уақытта адам танымастай өзгерген, Ресейдің ең дамушы аймағы - Қырымды көрсетеміз», -дейді. «Тегін шәй беріп, тегін кино көрсетеміз», - дейді.

Қазақстан Қырымды «Ресейдікі» деп қашан мойындап еді? Экс-президент Назарбаев та, Президент Тоқаев та Қырымды Ресейдікі деп мойындаған жоқ! Қазақстан БҰҰ мойындаған жерлерді ғана мойындайтынын айтқан. Қырымға қатысты БҰҰ-дағы дауыс беруде Қазақстан қалыс қалған. Сонда Ресей өзіне қарасты «Руский дом» арқылы Қазақстанда не насихат жүргізіп жатыр? Біздің құзырлы органдары бұған рұқсат берді ме? ҚР СІМ-і бұған не дер екен?

«Русский дом» - бұл Ресейдің «жұмсақ күші». Биыл Баку мен Кишинев осы «Русский домдарды» жапты. Ал Қазақстанда олар емін-еркін насихатын жасап жатыр. Оны кім қадағалап жатыр? Бұл дабыл қағарлық мәселе!

2k 0 2 7 154

"Путин соғысқа Солтүстік Кореяның әскерлерін әкеп салғанда Зеленскийден рұқсат сұрады ма? Жоқ. Онда неге Украинаға еуропалық әскер кіргізу үшін біз Путиннен сұрауымыз керек?". Макрон

Показано 20 последних публикаций.