Мүмкіндіктер əлемі


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Карьера


Гранттар, тағлымдамалар, курстар мен шəкіртақылар туралы ақпарат.
Мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз!
Сұрақтар мен ұсыныстар үшін: @KamShatA

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Карьера
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Тимурдан Инфо | it&tech
Ағайеееен!

Менде таМММаша вакансия бар!

Лауазым: қазақ тіліндегі "Компьютерлік ғылымдарға кіріспе" курсының жетекші дәріскері | nFactorial School | 100% Remote | Part-time (аптасына 15-20 сағат) | Келісім-шарттың ұзақтығы: 8 апта | Басталуының болжамды уақыты: 2021 жылғы қаңтар айының екінші жартысы | Резюме жіберу: [https://bit.ly/nFactorialStartKZ](https://bit.ly/nFactorialStartKZ)

Компания туралы қысқаша: nFactorial School - кәсіби программистер даярлаудың онлайн мектебі. 420+ түлектер. Оның ішінде Google, Facebook, Apple, Amazon, Stripe, HBO, Reddit, Robinhood, Yandex, т.б. [https://www.nfactorial.school](https://www.nfactorial.school/)

Негізгі функциялары

- 8 апта бойы қазақ тілінде 24 интерактивті дәріс өткізу. Аптасына - 3 рет. Әр дәрістің ұзақтығы: 90 минут.
- Апта сайын coding-жобаларды, кеңсе сағаттарын тексеру кезінде менторлардың жұмысын үйлестіру
- Студенттерге Piazza және Discord қосымшаларында қолдау көрсету

Негізгі талаптар

- Компьютерлік ғылымдар негіздерін, объектіге бағытталған бағдарламалауды жақсы меңгеру
- Қазақ тілін еркін меңгеру
- Ағылшын тілін білу. Мәтінмән: қазіргі күні оқу жоспары жасақталған және ағылшын тілінде ұсынылады.
- Оқытуға деген құштарлық
- Онлайн жұмыс істеу ыңғайлылығы
- Жоғары өнімділік, жеңіске құштарлық, ақыл жылдамдылығы, еңбекқорлық, этика
- Артықшылық: жаңадан үйренушілерге компьютерлік ғылымдар мен бағдарламалауды оқыту тәжірибесі
- Артықшылық: Java тілін білу

Оқытушы үшін артықшылықтар

- Оқу жоспары, слайдтар, жаттығулар және апта сайынғы жобалар толығымен дайын. Белгіленген оқу жоспары бойынша дәрістер өткізу қажет.
- Барлық әкімшілік жүктеме (студенттерді іздеу, кеңсе сағаттары және т.б.) - nFactorial School командасына жүктелген. Лектордың міндеті - дәрістер өткізу және менторлардың жұмысын үйлестіру.
- Онлайн жүктемелерді сәтті өткізу үшін белгілі үлгілер мен дәлелденген үрдістерді қолдану
- NFactorial School брендімен байланыс және өз саласыңызда сарапшы ретінде танымалдылықты арттыру
- Кем дегенде келесі 10 жыл ішінде маңызды болатын мәңгі жасыл онлайн-контентін құру
- Негізгі жұмыспен немесе оқумен үйлестіру мүмкіндігі
- Әлемнің кез келген нүктесінен жұмыс жасау мүмкіндігі

Компенсация

- нарықтық жалақы - келісім бойынша
- курстың соңында жоғары NPS үшін бонус

Өтінім: [https://bit.ly/nFactorialStartKZ](https://bit.ly/nFactorialStartKZ)

Репост үшін рахмет!


​​БАҚ арасында Қазақстанның атом саласының дамуы тақырыбындағы ең үздік жарияланымдарға байқау жарияланды.

Байқау мына номинациялар бойынша өткізіледі:
- үздік телевизиялық материал;
- үздік радиоматериал;
- баспасөз басылымдарындағы үздік жарияланым;
- интернет-БАҚ-тағы үздік жарияланым.

Байқауға 2020 жылдың 1 қаңтары мен 15 қарашасы аралығында жарияланған материалдар қабылданады.

Өтінімдер 15 қарашаға дейін қабылданады.

#байқау

@opportunitieskz


Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облысындағы журналистерге!

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайында жазудың ерекшеліктері: (ERG мысалында)» атты онлайн тренинг өткізеді.

Тренинг соңында журналистер арасында конкурс ұйымдастырылады. Әр өңірден үздік үш материалға ақшалай сыйлық беріледі.

Шара 16-қараша мен 5-желтоқсан аралығында өтеді.

#тренинг

@opportunitieskz


Репост из: Тимурдан Инфо | it&tech
МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР ҮШІН!

MSA стартап орталығы Халықаралық IT-стартаптар технопаркі «Astana Hub» және Mediana Services Limited интернет компаниясымен бірге ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап Стартаптарға арналған инкубациялық бағдарламаны іске қосады!
Инкубация - идеяны өмірге әкелуге және табысты жоба құруға бағытталған стартапшыларға арналған 5 апталық тегін оқыту курсын қамтиды.

«Бұл жоба біздің мамандарға өз бизнесін нөлден дамытуға мүмкіндік беретін білім қорын және қабілеттілігін арттыру мақсатына бағытталған».

Оқыту бағдарламасы дәрістерден, практикумдардан, тәлімгерлермен және сарапшылармен келесі тақырыптар бойынша жұмыстардан тұрады:
- стартап жобасының міндеттері мен бағыты;
- стартап жобасының тобы;
- бизнес-модель және нарық;
- мақсатты нарықты зерттеу;
- жобаны презентациялау;
- стартап жобасындағы жедел басқару;
- маркетинг;
- команданы кеңейту.
Тренинг (онлайн және оффлайн режимінде) өткізіледі.
Міндетті түрде аты-жөні, туған күні, стартап атауы мен жобаның бағытын жіберу керек.⠀
Бағдарламаның ұзақтығы - 5 апта.

P.S. Орындар саны шектеулі, дәл қазір өтініш беруге асығыңыз.

Біз жұмыс істеуді үйретпейміз, бизнесмен болуды үйретеміз!

Жаттығудың басталуы 13 қарашада басталады.

Байланыс нөміріміз: 8705 344 2066 (Еркебұлан)


​​Coursera-да тегін білім ал!

Coursera онлайн білім беру порталындағы ең үздік университеттердің курсы 50$ (21 мың теңге) шамасында тұрады. Бірақ қазақстандықтардың оны тегін алуға мүмкіндігі бар.

Еңбек жəне халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» Coursera-мен 50 мың курсты тегін алу туралы ынтымақтастық келісім жасасты.

Яғни қазақстандықтар IT, гуманитарлық ғылымдар, экономика, физика, медицина, кәсіпкерлік, маркетинг сияқты 31 мамандық бойынша 4,4 мың онлайн курсты тегін оқи алады.

✔Курстар орыс және ағылшын тілдерінде өтеді және сертификаттар беріледі.
✔Өтінім 31 қазанға дейін қабылданады.
✔Оқуды 31 қазанға дейін бастап, 31 желтоқсанға дейін аяқтау қажет.

#курс

@opportunitieskz


Журналистерге арналған ағылшын тілінің тегін курсы

Қазақстандағы АҚШ елшілігі Next Level English тіл орталығымен бірлесіп, Қазақстан журналистеріне арналған «English for Professional Journalists in Kazakhstan» курсын өткізеді.

Оқу ұзақтығы - 108 академиялық сағат (2020 жылғы 2 қарашадан бастап 2021 жылғы 25 маусымға дейін), АҚШ-тан келген тіл иелерімен өткізілетін тұрақты сабақтар өтеді.

📌Курстар мына қалаларда өтеді: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қостанай, Ақтау, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе.

✅Өтінім 2020 жылғы 23 қазанға дейін қабылданады.

#ағылшынтілі

@opportunitieskz


Репост из: ERBOLAT MUHAMEDJAN
Әлемнің үздік университеттерінің 77 оқулығы қазақшаға аударылды

📚Гуманитарлық бағыттар бойынша әлемнің үздік университеттерінің 77 оқулығы қазақ тіліне аударылып, басылып шығарылды. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқулықтар еліміздің барлық жоғары оқу орындарына жеткізілді. Бүгінгі таңда аударылған тағы 23 оқулықты басып шығару және тарату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

📚100 шетелдік оқулықты қазақ тіліне аудару «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде жүргізіліп жатыр.

📚Барлық оқулықтар жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде, соның ішінде жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша дәрістер оқу, студенттер мен ПОҚ-тың ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланылады.

🔗Оқулықтар https://100kitap.kz/ru/books және https://openu.kz/kz/books сайттарында жарияланған. Сонымен қатар аударылған оқулықтар бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі видеокурстар әзірленіп, www.OpenU.kz порталында орналастырылған.

@edu_news_qz


​​Достар, бұған дейін инстаграмда "Қай елдің білім беру жүйесі туралы білгіңіз келеді?" деген сауалнама өткізген едік. Қатысушылардың көпшілігі АҚШ-та тегін білім алу жолдары, түрлі гранттар, шəкіртақылар мен тағылымдамалар туралы білгісі келетінін айтты.

Бүгін АҚШ-та тегін білім алу жолдары туралы айтамыз.

1. Scholarship (грант)
Грант — университеттің тегін білім алу үшін студентке беретін материалдық көмегі.
Ол үшін университетке өтінім бересіз. Грантқа өтінім бергенде оның мөлшеріне қарау керек. Өйткені берілген грант оқу ақысын түгел жабуға жетпеуі мүмкін.

2. Loans (несие)
Америкада оқуға берілетін несиенің пайыздық көрсеткіші 5–7% шамасында болады. Оны оқу бітірген соң тоғыз айдан кейін он жыл бойы өтеу қажет. Шетелдік студент оқу несиесін алу үшін оған Америка азаматы не сонда екі жыл тұрған адам гарант болуы тиіс. Егер сіз несиені өтемесеңіз, оны сіздің грантыңыз төлеуі тиіс.

3. Assistantship (университетте жұмыс істеу)
Мұндай жұмыстың екі жолы бар:
✔біріншісі профессордың көмекшісі болып орналасып, оның лекцияларына, жүргізген зерттеулеріне көмектесу.
✔екіншісі - университеттегі əкімшілік жұмыстарды істеу. Аптасына 20 сағатқа дейін жұмыс істеуге болады.
Assistantship оқу ақысын толық өтейді. Бірақ оқу үлгерімі нашарлап кетсе, Assistantship мерзімін ұзартпауы мүмкін.

4. Fellowship (зерттеу жұмысы)
Бұл тек PHD студенттеріне арналған. Шəкіртақы университетте қандай да бір зерттеу жүргізіп, оны сол саладағы ұйыммен бөлісу қажет. Шəкіртақы əдетте оқу, тұру жəне жол шығындарын қамтиды.

5. Шəкіртақылық бағдарламалар
Түрлі қорлар немесе мемлекет тарапынан шəкіртақы ұсынылады. Шəкіртақы нақты бір мамандық үшін немесе кез келген университеттің кез келген мамандығында оқу үшін беріледі. Бұған #болашақ #Chevening #daad сияқты шəкіртақыларды кіргізуге болады. Олардың тізімін #шәкіртақылықбағдарлама хештегімен іздеңіз.

6. Демеуші (ұйымдар, мекемелер)
Сіз оқып салада қызметкерді қажет ететін кез келген коммерциялық компания демеуші бола алады. Демеушілік туралы ақпарат компаниялардың сайтында жарияланады.

#америкадаоқу

@opportunitieskz


Жоғары сынып оқушыларына АҚШ-та бір жыл оқуға мүмкіндік беретін FLEX бағдарламасына өтінім беру 15 қазанда аяқталады.

#шəкіртақы


​​Шетелде оқу. 7 қадам

1️⃣ Оқу деңгейін анықтау
Мынадай оқу деңгейлері бар: Bachelor / Master / PhD.
Қаржыландыру көлемі осыған қарай анықталады.

2️⃣ Мамандықты анықтау
Кейбір мамандықтар ұқсас болуы мүмкін: Foreign languages/Linguistics/International Studies, ал кейбір мамандықтар ішінара ғана ұқсас болады: Management/Marketing.

3️⃣ Қай мемлекетте оқитыныңызды шешіп алыңыз.

4️⃣ Университетті таңдаңыз. Қандай университетте оқитыныңыз таңдаған мамандығыңызға байланысты болады.

5️⃣ Қаржыландыру түрін зерттеу:
✔Үкіметтік бағдарламалардың шəкіртақысы;
✔Университеттің шəкіртақысы;
✔Компаниялар мен ұйымдардың шəкіртақысы;
✔Ғылыми жəне академиялық қорлар.

6️⃣ Тілдік жəне академиялық емтихандар тапсыру.
Оқу деңгейі және бағытына қарай GRE/SAT & IELTS/TOEFL емтихандарын тапсыру.

7️⃣ Құжаттарды дайындау жəне өтінімді жолдау.
Таңдаған мамандыққа қарай келесі құжаттар керек болуы мүмкін:

✅Transcripts - біліміңіз туралы нотариус куəландырған құжат
✅Емтихандардың нəтижесі
✅Өтінім (application form)
✅Мотивациялық құжат
✅Ұсыным хат - оқытушылардан / жұмыс берушілерден сұратылады.
✅CV (түйіндеме)

#пайдалыақпарат
#шетелдеоқу

@opportunitieskz


​​UN Population Fund студенттер мен жас мамандарды тағылымдамаға шақырады.

Тәжірибе бағдарламасына үміткерлер конкурстық негізде таңдалады.

Талап:
✔Ағылшын тілін жəне БҰҰ ресми тілдерінің бірін білу қажет.
✔жаңа ортаға тез бейімделу
✔түрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс істеуге қызығу.

Шығынды түгелдей өтейтін шəкіртақы алуға мүмкіндік бар. Бағдарлама ұзақтығы тағлымдамадан өтушімен əңгімелесу кезінде анықталады.

31 желтоқсанға дейін өтінім қабылданады.

#тағылымдама

@opportunitieskz


Достар, қай елдің білім жүйесі туралы білгілеріңіз келеді?

Қай елдің гранттары, шəкіртақылары туралы көбірек жазайық?


​​Стэнфорд университетінде əлеуметтік лидерлерге арналған жазғы тағлымдама өтеді.

Draper Hills Summer Fellows Program - демократия және дамыту саласындағы тағлымдама 2005 жылы құрылған.

Үш аптаға созылатын бағдарлама Стэнфорд университетінде өтеді.

Бағдарламаға заң, саясат, үкімет, жеке кәсіпкерлік, азаматтық қоғам және халықаралық даму саласындағы 25-30 қатысушы таңдалып алынады.

Бағдарлама мына шығындарды көтереді:
✔ тұру
✔ тамақ
✔ АҚШ бойынша жол жүру
✔ қажет болған жағдайда халықаралық рейс.

Тағылымдама 2021 жылғы 18 шілде - 6 тамыз аралығында өтеді.

Өтінімді 2021 жылғы 11 қаңтарға дейін беру қажет.

#тағылымдама

@opportunitieskz


​​IELTS деген не?

International English Language Testing System, яғни қысқаша - шетелде оқу үшін тіл білу деңгейін анықтайтын сынақ. Ағылшын тілді мемлекетте білім алу үшін оқу орнының талабына сай осы екі емтиханның бірін тапсырасыз.

IELTS емтиханын Қазақстандағы Ұлыбритания консулдығында немесе сертификатталған халықаралық мектептерде тапсырады. Бағасы – 64 мың теңге шамасында.

Тесттің үш түрі бар:

✔Academic IELTS (академииялық)
✔General Training IELTS (жалпы)
✔IELTS Life Skills

Academic IELTS сертификаты оқуға түсу үшін, General Training IELTS  Австралия, Канада, Жаңа Зеландия сияқты елдерге жұмысқа тұру үшін керек.

Бірінші күні ауызша, екінші күні жазбаша емтихан тапсырылады.

IELTS тест шамамен 3 сағатқа созылады, 4 модульден тұрады:

✔Listening (40 минут)
✔Reading (60 минут)
✔Writing (60 минут)
✔Speaking (11—14 минут).

Емтиханның қорытындысы екі аптада дайын болады.

Ағылшын тілінің деңгейін TOEFL тесті арқылы да анықтайды.

Бакалавриатта оқу үшін IELTS емтиханынан ең азы 6.0 балл, TOEFL-дан 60 балдан жоғары баға алу керек.

Магистратураға түсу үшін IELTS-тан кем дегенде 7.0 балл, TOEFL-дан 100 балл жинау керек.

АҚШ-та оқығысы келетіндер SAT емтиханын да тапсыра алады. Оны əлемнің 175 елінде тапсыруға болады. Емтиханда ағылшын тілінде мәтін оқу, есеп шығару және жазу деңгейі тексеріледі.

@opportunitieskz


​​British Council ағылшын тілінен IELTS тестіне дайындалғысы келетіндер үшін тегін онлайн-курс ұсынады.

«IELTS Listening» бөліміне дайындалу үшін IELTS мамандары кеңес береді.

Курс үш аптаға созылады. Аптасына үш сағаттан болады.


​​CabarAsia медиа мектебі «Кило Контента» атты марафон бастады.

Марафонның мақсаты - коронавирус пандемиясына байланысты фейктер мен жалған ақпараттар туралы контент жасау.

Конкурстың басты сыйлығы - Лондондағы медиалардың офисіне бару, көру, танысу.

Талап:
✔əлеуметтік желіде аккаунты;
✔Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан не Өзбекстан азаматы;
✔жасы 18-30 аралығында болуы тиіс.

Марафон 5 қазанда басталады.


Online Media School-ға қабылдау 12 қазанға дейін жалғасады. Жіберіп алма!

Курс қазан айында басталады.


​​Бустани атындағы Гарвард шəкіртақысы Harvard Business School екі жылдық курсында МВА бойынша оқуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама:
✔ оқу ақысын төлеу үшін жылына 47 500 $ қаржылай қолдау;
✔ тағылымдамадан өтуге байланысты жол жүру жəне тұру шығындарын қамтиды.

Талап:
✔ академиялық үлгерімі жақсы болуы;
✔ Гарвардтың МВА бағдарламасына қабылданғаны туралы ұсынымы болуы тиіс;
✔ кез келген елдің азаматы қатыса алады.

Дедлайн: 2021 жылдың 31 мамыры.

#шəкіртақы


​​Рейган-Фаселл бағдарламасы журналистер, азаматтық қоғам көшбасшылары мен зерттеушілерді шақырады.

Қатысушылар белгілі бір елде немесе аймақта демократия туралы тәуелсіз зерттеулер жүргізу үшін Вашингтонда, Демократияны қолдау ұлттық қорында (NED) бес ай бойы тұруға мүмкіндік алады. Бағдарламаны АҚШ үкіметі қаржыландырады.

Талап:
✔ ағылшын тілін білу;
✔ зерттеу жүргізу үшін ғылыми дəрежесі бар зерттеушілер;
✔ белсенділер мен журналистер өтінім бере алады.

Бағдарлама жылына екі рет ұйымдастырылады:
🔸күзде (1 қазан мен 28 ақпан аралығында) - дедлайн 31 шілде;
🔹көктемде (1 наурыз бен 31 шілде аралығында) - дедлайн 31 қазан.

#шəкіртақы
#тəжірибеалмасу


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
- Ұлым, "бұл қолыңнан келмейді" деп ешкімнің айтуына жол берме! Тіпті менің айтуыма да жол берме! Жарай ма?
- Жарайды!
- Арманың бар ма, онда оны соңына дейін қорға. Егер адамдар өздері бір нəрсені жасай алмаса, саған да "сенің қолыңнан келмейді" деп айтады. Егер бір нəрсені қаласаң - бар да жаса!

"Бақытқа ұмтылу" фильмінен үзінді.

#persuitofhappiness
#мотивация
#алғаұмтыл

Показано 20 последних публикаций.

29

подписчиков
Статистика канала