Orken Kenzhebek Live


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Блоги


Обо мне и об остальном. Самокритика и самоирония приветствуется. Качественный бред. Теплый плед.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


😥 Сосын қазіргі Ресей, бұрынғы СССР-дің адам шығынына алаңдамайтынын білген кезде одан әрі қорқасың. Кезінде немістің сақылдаған бір пулеметіне қисық таяқ ұстаған екі адамды айдатып жатып, соғыста жеңді емес пе? Немістің оғы таусылғанша адамын фарш қып тураудан шаршамады. Путиннің «Зачем на мир, если в нем нет России?» деген сөзі естеріңізде шығар?

😥 Егер қиын қылсаңдар, атом бомбыларын жіберуден еш тайынбаймыз деп ашық айтқаны.. Кімнің жүйкесі бірінші сыр беріп, «қызыл кнопканы» басады – біздің шілдеде той жасаймыз, қазанда Камри аламыз деген жоспарымыз да жоқ қой, демек. Кімнің сценарийінде бізге қандай рөл берілгенін бір Құдай біледі. Алапат өртттің қасында әзірге аман тұрған құрғақ шөмеле шөп сияқтымыз. Ұшқын тимесін.. Ойым шашырап кетті, айып етпеңіздер. Түңілу емес бұл. Тек қауіп


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😥 Алғашқы бейне – бірнеше сағат бұрын Мәскеудегі сауда орталығының ішінде болған терактіден. «Пикник» деген топтың концерті деп 6200 адам билет алып келген. Қазір кемінде 100 адам өліп, жүздегені ауыр жараланды деген ақпарат келіп жатыр. Екінші бейне – Кристофер Ноланның «Довод» фильміндегі алғашқы сахна. Сценарий бойынша Киев операсына террористердің шабуылдауы етін бұл. Алғашқы бейне мен осы сахна екеуінің ұқсастығы бірден басыма сақ ете қалғаны.. Өміріміз кино, киномыз өмір болып кетті ме, Құдай сақтасын(

😥 Бұл терактіден соң Ресейдің Украинамен соғысында жаңа кезең басталатыны сөзсіз. Себебі, экс-президенті Медведев апыл-ғұпыл «бұған Киев режимінің қатысы бар болса, аямаймыз, қанға-қан, жанға-жан» деп жазып үлгерді. Әрі 8 наурызда Ресейдегі АҚШ және Британия елшіліктерінің «жақында экстремистер теракті жасайды» деп мәлімдеп, өз азаматттарын сақтандырғаны бар. «Олар қайдан біле қалды, демек, қатысы бар» деп байланыстырар, кім білсін..


Apple Vision Pro дей ме, қазір адамның назарын алып тұрған ең сәнді гаджетті сынап көрдім. Кисең шешкісіз. Алдағы 5-10 жылда мына әшкилерсіз жыныстық қатынас жасау, спортпен айналысу, демалу мүмкін болмай қалады-ау) Қорқынышты әрі ынтықтырушы. Әй, Әппл-ай, қан сигізеді ғой сапасымен…


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


“Швейцарияның әдемі фотоларын салшы” дегендер көп болған соң, ескі каналыма қан жүгіртіп қояйын осылай






Швейцарияның сұлу табиғатынан 4-5 фото салған едім, біраз оқырманым Телеграмға да салсаңыз деп өтінген еді. Жарайды) Куәгер болыңыз!




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Қазақстандағы Lexus компаниясының шақыруымен Сібірдің маржаны - Байкөл көліне, Lexus Adventure Camp шарасына барып қайтқан едім. Содан алған әсерімді бес минутқа жетер-жетпес бейнеге сыйғызған едім. Видеографияға да баяғыдан қызығамын ғой, бірақ басы-аяғы бар бейнені тек осы жолы түсіре алдым-ау деймін. Солай ма?)


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Былтыр орыстың аузы дуалы, қалтасы долларлы деген бір-екі ұстазының алдынан өттім. Жаман қорқытады екен-ей. Жаныңды иманыңнан айыра жаздайды, астапыралла.. Бір тренер былай деді: келер жылдан бастап роботқа адаммен қатар құқық беріледі ал. Мысалы үйіңізде шыр айналып жүретін әлгі дөңгелек шаңсорғыш бар ғой, соның астынан суы ма, майы ма, ағып кетті делік. Әлде Сіз белгілеген он метрге жетпей, қырсығып жатып алды бір қуыста. Қазір құйрығынан теуіп қалсаңыз да, тоқ бермей, «аштан» қатырсаңыз да, ешкім ештеңе демейді. Ал келер жылдан бастап әлгі шаңсорғышты соғып қалсаңыз, 15 минуттан кейін есігіңізді полиция тоқылдатып кеп тұрады. Себебі ол интернет арқылы тып-тыныш қана жергілікті полицейге «маған жәбір көрсетті» деп арыз жазып жібереді. Сенімен бірдей құқық онда да бар. Сол лекциядан кейін үйдегі шаңсорғышымның керісінше мен шаңын үріп кеттім ғой)

Бірақ технология деген қорқынышты болмау керек еді ғой. Түп идеясында. Мысалы картаңды алмай-ақ, телефоныңды терминалға жанап төлей салатын NFC төлем тамаша емес пе? Бізге ол Apple Pay күйінде таныс боп қалды. Енді бүгіннен бастап тұңғыш рет Samsung Pay сервисі іске қосылды. Елімізде. Қуаныштысы дейміз бе, Samsung Pay тек Halyk Bank клиентері үшін ресми тестілеуін бастады. Бұл салтанаттың құрметіне Halyk Bank әлгі Samsung Pay арқылы төленген әр төлемнің 10%-ін қайтарып беремін деп отыр. Самсунгыңыз, дұрысы Самсоныңызды сервиске қалай қосып аламын десеңіз, мына жерде нұсқауы тұр:⠀https://halykbank.kz/samsung. Айтпақшы, Самсон Пэйдің Apple Pay-ден бір артықшылығын айтпаса болмайды. Ол тек жаңа терминалдармен емес, картаңның магнит жолағын тигізбесең істемейтін ескі терминалдармен де тіл табыса береді.

Halyk Bank та осылайша әлемдік трендтердің төбесінде жүргісі келіп жатыр. Бәсеке ғой. Ендеше, Samsung Pay арқылы алғашқы бонустарыңызды жинауға ұмтылыңыз! ... деген сөйлемді жазбасам, мұның қай жері жарнама деп ойлап қаларсыздар тағы)



Показано 14 последних публикаций.