QAZSPORTTV


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


qazsporttv.kz

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
👧🏻 Криштиану Роналдуды көргенде эмоциясына ерік берген кішкентай жанкүйер

🇵🇹 Еуропа чемпионатының 2-турында Португалия құрамасы қақпашысы Диогу Коштаны алаңға алып шыққан кішкентай қыз Криштиану Роналдуды көргенде эмоциясына ерік берді.

😍 Екі елдің әнұрандары шырқалғаннан кейін Роналду оның бетінен сүйіп, одан сайын қуантты.

📌 Португалия құрамасы плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды. Команда топтық кезеңдегі соңғы ойынын 26 маусым күні Грузияға қарсы өткізеді.


🇰🇿 Әмір Маймұратов Париж Олипиадасының жолдамасына ие болды

🔹 Будапешт (Венгрия) қаласында өткен құзға өрмелеуден іріктеу турнирінде қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов жылдамдық бәсекесі бойынша екінші орын алып, Олимпиада ойындарының лицензиясына қол жеткізді.

✅ Құзға өрмелеу 2020 (2021) жылғы Токио Олимпиадасында бастап енгізілді. Спорт бағдарламасында боулдеринг және жылдамдық санаты бойынша ерлер және әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынады.

📌 Токио Олимпиадасында осы спорт түрінде Ришат Хайбуллин сынға түскен.


🥋 Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Эсмигүл Куюлова (63 келі) Олимпиада ойындарында жекелей сында бақ сынайды

Ол Халықаралық Дзюдо Федерациясының қосымша жолдамасына ие болды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігіннің баспасөз қызметі хабарлады. Осылайша жекелей сында Қазақстан құрамасы атынан қатысатын спортшылардың саны тоғызға жетті. Осыған дейін Эсмигүлдің аралас командалық жарыста қатысатыны белгілі болған.

🇰🇿 Олимпиада ойындарында бақ сынайтын Қазақстан құрамасы

Ерлер:
60 келі - Елдос Сметов
66 келі - Ғұсман Қырғызбаев
73 келі - Данияр Шамшаев
81 келі - Абылайхан Жұбаназар
-100 келі - Нұрлыхан Шархан

Әйелдер:
48 келі - Абиба Абужақынова
63 келі - Эcмигүл Куюлова
+78 келі - Камила Берліқаш

📌Дзюдодан Олимпиадалық турнир 26 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған. Дәл қазір Қазақстан құрамасының еншісінде спорттың 24 түрінен 80 лицензия бар. Парижге баратын спортшылар саны - 70.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🤸‍♂️ Брейкингтен Олимпиадаға қатысатын тұңғыш қазақстандық спортшы

Әмір Зәкіров Будапештте өткен іріктеу турнирінде күміс иеленіп, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Брейкинг спорт түрі ретінде Олимпиада ойындарының бағдарламасына биыл алғаш рет енгізілді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚽️ Футбол

🏆 Еуропа Чемпионаты. 3-тур

🏟 «Дюссельдорф Арена», (Меркур Шпиль Арена), Дюссельдорф

📆 Бүгін ⏰ 23:50 🔴 LIVE

🇦🇱 Албания – Испания 🇪🇸

🖥 «Qazsport» телеарнасында

📌 Испания құрамасы топтық кезеңдегі үшінші ойында жеңіске жете ме?


🔹 Еуропа Чемпионатындағы А тобының қорытынды кестесі

✅ Швейцариямен өткен ойынның соңғы минутында есепті теңестірген Германия 7 ұпай жинап, өз тобында жеңімпаз атанса, екінші орынды Швейцария құрамасы алды.

✅ 29 маусым күні басталатын плей-офф кезеңінде Германия С тобында екінші орын алған командамен ойнаса, Швейцария құрамасының қарсыласы бүгін анықталады. Мурат Якиннің шәкірттері В тобының екінші командасымен ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады.

✅ А тобындағы үшінші орынды Венгрия алды. Марко Россидің командасы Шотландия қақпасына соңғы минутта жеңіс голын соқты. Енді венгриялықтар топтық кезеңнің аяқталғанын күтеді. Егер Венгрия Еуропа Чемпионатының 1/8 финалына шығып жатса, Португалия немесе Е тобының жеңімпазымен кездеседі,


🔹 Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (#41) шөп төсенішіндегі маусымды сәтті бастап, Бирминегем (Ұлыбритания) қаласындағы WTA 250 турнирінде жеңімпаз атанды

✅ Юлия финалда аустралиялық Айла Томляновичті (#190) 6:1, 7:6 (8) есебімен жеңіп, WTA 250 турнирінде жеңіске жетті. Бұл Юлияның мансабындағы үшінші және 2021 жылдан кейінгі алғашқы жүлдесі.

📌 Осы жеңістен кейін Путинцева WTA рейтингінде 24-ші орынға көтерілді. Бұл Путинцеваның спорттық мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.


🔹 Германияда өтіп жатқан Еуропа Чемпионатының үшінші тур ойындары «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінде

📌 Сүйікті командаңызға бізбен бірге жанкүйер болыңыз!


🔆 Қайырлы таң, құрметті көрермен! Дүйсенбі күндеріңіз сәтті өтсін!

📺 Бүгінгі эфир кестесі: ⤵️

05:45 – Әнұран
05:50 – Америка Кубогы – 2024. Топтық кезең. Уругвай – Панама 🔴 LIVE
08:00 – СПОРТты ТАҢда. Таңғы спорттық, ақпараттық, танымдық, ойын-сауық бағдарламасы 🔴 LIVE
10:05 – UEFA EURO 2024. Шотландия – Венгрия ойынының шолуы
10:25 – UEFA EURO-2024. Швейцария, Германия құрамалары
10:55 – UEFA EURO 2024. Еуропа Чемпионаты. Топтық кезең. Швейцария – Германия
13:05 – UEFA EURO 2024. Швейцария – Германия ойынының шолуы
13:25 – UEFA EURO-2024. Словения, Сербия құрамалары
13:50 – UEFA EURO 2024. Еуропа Чемпионаты. Топтық кезең. Словения – Сербия
15:55 – UEFA EURO 2024. Еуропа Чемпионаты ойындарының шолуы
16:30 – UEFA EURO-2024. Шотландия, Венгрия құрамалары
16:55 – UEFA EURO 2024. Еуропа Чемпионаты. Топтық кезең. Шотландия – Венгрия
19:00 – UEFA EURO 2024. Еуропа Чемпионаты ойындарының шолуы
19:35 – Кәсіпқой бокс. Василий Ломаченко – Джордж Камбосос
22:20 – UEFA EURO 2024. Еуропа Чемпионаты ойындарының шолуы
22:55 – UEFA EURO-2024. Албания, Испания құрамалары
23:20 – Матч қарсаңында. Студиялық бағдарлама 🔴 LIVE
23:50 – UEFA EURO 2024. Еуропа Чемпионаты. Топтық кезең. Албания – Испания 🔴 LIVE
02:00 – Әнұран




🔹 Венгрия соңғы минутта гол соғып, А тобында 3 ұпай жинап үшінші орынға көтерілді

1. 🇩🇪 – 7 ұпай
2. 🇨🇭 – 5 ұпай
3. 🇭🇺 – 3 ұпай
4. 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 – 1 ұпай


🔹 Германия есепті теңестірді

✅ Никлас Фюлькруг


🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿🇭🇺 Шотландия – Венгрия ойынында шағын үзіліс орын алды. Венгрия құрамасының ойыншысы Барнабас Варга жарақат алып, алаң сыртында көмек көрсетіліп жатыр


🔹 Екінші тайм басталды

🇨🇭🇩🇪 1:0
🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿🇭🇺 0:0


🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿🇭🇺 Шотландия – Венгрия ойынында 1-тайм аяқталды. Әзірге есеп 0:0.

🇨🇭🇩🇪 Швейцария – Германия арасындағы ойында есеп 1:0. Ойынның 32-минутында Дэн Ндойе есеп ашты

4k 0 1 10 13

🔴 Дәл қазіргі LIVE кесте


🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿🇭🇺 Шотландия – Венгрия арасындағы ойында есеп ашылмады. 0:0

🇨🇭🇩🇪 Швейцария – Германия арасындағы ойында Дэн Ндойе есеп ашып, алға шықты. 1:0


🔹 Еуропа Чемпионаты. Топтық кезең. 3-тур

🏟️ «Штутгарт Арена» (MHP Арена) 📍 Штутгарт

🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия – Венгрия 🇭🇺

✅ Негізгі құрам ойыншылары


🔹 Футбол. Еуропа Чемпионаты 3-тур. Шотландия – Венгрия Қай команда жеңіске жетеді?
Опрос
  •   🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия
  •   🇭🇺 Венгрия
582 голосов


⚽️ Футбол

🏆 Еуропа Чемпионаты. 3-тур

🏟 «Франкфурт Арена» (Дойче Банк Парк) 📍Франкфурт

📆 Бүгін ⏰ 23:50 🔴 LIVE

🇨🇭 Швейцария - Германия 🇩🇪

🖥 «Qazaqstan» ұлттық арнасында

📌 Германия құрамасы А тобында 100% көрсеткішке қол жеткізе ме?

Показано 20 последних публикаций.