Құран жайлы лайфхактар


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Ахматов Абдуль-Азиз

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Видеоны сақтап алсаңыздар болады


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Стамбул, Ая-Софияның алды, Жұма намазынан кейін. Олжекеммен естелік💔

Олжекеммен түскен бүкіл видеоларды жинап бір үлкен видео жасап жатырмын, Алла қаласа дайын болғанда сіздерге көрсетемін

Алла сізді өз рахымына алсын Олжекем🤲💔


Соңғы жазбаға оқырман пікірі👇👇

Шынымен! Медреседе оқып жүргенде көп шәкірт: “бітіргеннен кейін не істеймін бәрібір, керек емес, орта ғасырда қалып қойған, т.б” неше түрлі сылтауды айтып шығып кетіп еді. Енді, қалғандарымыз бітірген кезімізде, көздеріндегі өкінішті көріп таң қалғанбыз, барлығы жылап қалды. Оқи салуымыз керек еді, нағыз жан тыныштығы екен ғоой деп! Сондықтан кееез келген Аллаһқа жақындататын қиыншылықтың несі қиыншылық деп соңына дейін жеткізу керек екен!

844 0 7 1 114

Негізі бұл жазбалар көбісі тәжірибеден жазылып жатыр😊🙂


Бір медреседе 1 жыл оқуға шыдамаған шәкірт екінші медреседе жарты жыл оқуға шыдамайды.

Қариларда көп болатын жағдай белгілі бір уақыт оқып 10-15 пара Құран жаттаған соң шәкірт пәпсінің азғыруына еріп немесе ыхласының әлсіреуінен және сыртта жүрген достарының еркін жүргеніне қызығып, ұстазының оқуыңды соңына дейін бітіріп кейін шық деп айтқан насихатын тыңдамай медреседегі оқуын тастап шығып кетіп жатады

Егер осындай жағдай сіздерде де болып жатса, біліңіз сізде әулие емессіз, сізге де сол жағдайдың келуі мүмкін, адам болған соң бірде иман күшейіп бірде нашарлап кетіп жатады, осындай жағдайда нәпсіні емес ұстазды тыңдап, оқуды соңына дейін жеткізуге тырысып кеткен дұрыс.


Күнделікті телефон шұқылайтын (интернетте отырған) уақытыңды Құран жаттауға арнасаң 4-5 жылда қари болып кетесің

Біреулер интернетте көп отырса, біреулер бар уақытын Құран жаттауға арнап көбірек Құран жаттауға тырысып жүр

Таңдау өзіңде…

1k 0 16 1 153

Жоғарыдағы сұрақтарыңызға толық жауап бергендеймін

Құран жаттауға байланысты қойылмай қалған сұрақтарыңыз болса, төменге жазсаңыздар уақыт болғанда жауап беріп отырамын👇👇


Сұрақ:

Ассалаумағалейкум 2.5 пара білем ары қарай жаттаған жақсыма немесе қайталап алу керекпа (қайталамағалы көп болды)
Қайсысы дұрыс?

Жауап:

Уаалейкум ассалам
Жаттаған параларыңызды көп қайталамаған болсаңыз ұмытылып қалады, дұрысы жаттаған параларыңызды бір қайталап пысықтап алсаңыз алға қарай жаттауға ыхласыңыз ашылады және келесі параларды жаттауға жеңіл болады

Алла зейініңізді ашсын🤲😊


وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَۖ وَیُعَلِّمُكُمُ ٱللَّهُۗ وَٱللَّهُ بِكُلِّ شَیۡءٍ عَلِیمࣱ﴿ ٢٨٢ ﴾

Алладан қорқыңдар. Әрі Алла сендерге үйретеді. Сондай-ақ Алла әр нәрсені толық білуші.

Бақара сүресінің 282 ші аятының соңында осылай айтылған

Ұстаздарымыз Құран жаттауда зейінім нашар не істеуім керек деп сұраған шәкірттерге Алладан қорқыңдар яғни Алла бұйырғанын орындап, тиғандарынан тиылыңдар Алла сендерге үйретеді (зейіндеріңді ашып қояды) деп осы аятты айтушы еді

1.3k 0 19 1 118

Әуелі Алладан зейінімізді жақсартуды сұрауды және Алладан Құран жаттауда жеңілдік сұрауды ұмытпаймыз🤲😊

Алла бізге қай істі жеңіл қылса, сол іс бізге жеңіл болары сөзсіз.


Кейбір Құран жаттаушылардың жасайтын бір қателігі бар…

Құран жаттауда санақты 100 немесе 200 ге жеткізуге асығып (көп оқуды айтып тұрмын) тез-тез оқып бітіріп тастайды да бірақ неге 100-200 рет оқып жаттай алмадым деп таң қалады.

Құранды тез жаттау санаққа байланысты емес екенін айтқым келеді. Керісінші саны 100-200 ге жетпесе де, 30-40 санақты асықпай оқып жаттауға тырысу, Құран әріптерін анық шығаруға тырысып, мәдті созу әсіресе мәд табиғиді 2 һәрәкатқа созу, сукунның ақысын толық беру, ғұнналарды орындау тәртилмен (асықпай оқу) әр оқыған сайын бір сөзді жаттап қалуға тырысу міне осы әрекеттер сіздің Құранды тезірек жаттауыңызға жақсы көмектеседі.

Анығын Алла білуші.
Алла зейіндеріңізді ашсын🤲😊

1.2k 0 17 2 117

Сұрақ: Ұстаз менің есте сақтау қабілетім нашарлау болып тұр. 1 аятты 100 рет оқимын. Сосын барып санаққа салып жаттаймын. 3 аяттан қосып 50 реттен оқимын. Бірақ жаттауым қиын болып жатыр. Қандай кеңес бересіз? Әлде кешке жаттағаннан ба? Сіз тәуліктің қай уақытында жаттауға кеңес бересіз?

Жауабы:

а) Сабақты барынша таң ертең жаттаған дұрыс, өйткені мидың ең таза кезі болып жаттауға жеңіл болады. Таң ертеңгі уақытта жұмыс, сабақ т. б. себептермен Құран жаттай алмасаңыз түстен кейін бір мызғып алғаннан кейін жаттап көріңіз, бұлда таңғы уақытта жаттағандай жеңілірек болады. Маңыздысы ұйықтап тұрып мидың тынығып тұрған кезінде жаттасаңыз жеңіл болады.

ә) Құранды жаттауға кірісер бұрын ютубтан өзіңізге дауысы ұнайтын қариды 10-15 рет тыңдап кейін жаттауға кіріссеңіз үнемі тыңдап жүрген таныс аяттарды оқығандай болып жеңілірек жаттайсыз.

б) Құранды бір күнде жаттау шарт емес, өзіңізге Құран жаттауды сәл жеңілдетіңіз де бірінші күні тек 40-50 рет жай оқып шығып екінші күні тағы 40-50 санақпен оқып жаттауға тырысыңыз, бір күнде жаттау шарт емес екі күнде жаттасаңызда маңыздысы Құран жаттауды үзбеуіңіз ең маңыздысы.

Алла зейініңізді ашсын🤲

1.9k 0 11 5 111

“Құран жайлы контент 3.0” қайтадан қолға алып жатырмыз

Инстаграм және телеграмда қолдауларыңыз керек болып тұр, бізге шабыт сіздерге пайдалы контент🔥💯💚😊✅


Жай оқып өтіп кетпей реакциялатып және Құран жаттап жүрген достарыңызға переслать етіп жіберіңіздер😊😍


Құранды жаттау барысында адам өз дауысын естітіндей деңгейде оқуы.

Өйткені адам не оқыған өзі естімесе оны жаттауы қиын болады.

Мысалы: Мен сізге бір сөз, сөйлем айтқанымды сіз жаттауыңыз үшін бірінші оны сіз естуіңіз керек, ал мен ішімде не айтқанымды сіз қалай жаттайсыз егер сіз менің не айтқанымды естімеген болсаңыз😊😍


Жаңа сабақты бірінші оқығаннан тез оқып кету қиын әрине

Бірақ Құранды бетінен тез оқи алатын бауырлар жаңа сабақты жаттау барысында оқу темпіңізді ақырынға ауыстырсаңыз жаттау процесіңізді жеңілдетесіз.

Құранды тез оқыған адам жай оқи алмайды, жай оқыған адам тез оқуға мүмкіншілігі бар.

Жай оқу дегенде тәжуид ережелерін сақтау (орындау) Құран жаттауды жеңілдетеді
Мысалы: сукунның ақысын беріп оқу, ғұнналарды ұстау, мәдтерді созы, шаддаларды анық екі әріп қылып оқу т.б.


Жаңа сабақты жеңіл жаттаудың лайфһактары:

Жаңа сабақты ұстазға оқытып қателерін жөндеп, қаламмен белгілетіп алған соң жаттауға кірісер бұрын ютубтан үлкен қариларды мысалы мен шәкірттеріме Айман Суайдті тыңдап алуды тапсырамын. Тыңдаудың тиімді жолы:
а) 5 рет тек оны тыңдайсыз
б) екінші 5 рет тыңдағанда бірге қосылып оқисыз

Неге былай? Өйткені бірінші тыңдағаннан бірге қосылып оқып кетсеңіз өзіңіздің оқығаныңыздан қатеңіз болса сол қателерді байқамай қаласыз, алдын ала бірнеше рет тыңдап алып кейін бірге қосылып оқысаңыз Құранды қатесіз оқып кетуге мүмкіншілігіңіз жоғары болады.

Бұрын көп тыңдаған сүрелерді жаттау оңай болғанын көбіміз жаттау барысында байқағанбыз. Сол үшін 5-10 рет тыңдап кейін жаттасаңыз оңайырақ жаттайсыз.

Нақтысын Алла білуші

1.4k 0 23 3 121

Өткендегі Құран жаттауға байланысты сұрақтардың ішінде ең көбі санаққа қатысты екен.

Санақ-көп оқуды білдіреді.

Құранды санақпен оқып жаттау көп оқудың белгісі, көп оқылған Құран аяттары (беттері) адамның жадында мықты сақталып қалатыны сөзсіз.

Орта Азия Құран жаттау тәсілінде ұстаздарымыз Құранды санақпен жаттауды не үшін қолданды деген сұраққа көп оқылған сабақ жақсы жатталанып ұзаққа есте тұрады деп санаққа салып яғни шәкірттеріне көп оқуды тапсырма қылып берген. Мысалы 100-200 санаққа салып жатта деп бұйырып отырған.

Кейбір ұстаздар шәкірттің зейіні жақсы екенін пайдаланып 1 күнде 3-4-5 бетке дейін жаттауға береді, шәкірттің зейіні жақсы болғандығы үшін жаттап алуы мүмкін, бірақ аз оқылып жатталынған сабақ тез ұмытылып кетуінде есепке алған дұрыс.

Көп қарилардың зейініне сеніп көп (3-4-5) беттен жаттап Құранды тез жаттап біткенімен кейін Құраның есіңдема деп сұрағанымызда жоқ ұмытып қалдым дегендерін көп естідім (өкінішке орай)

Санақсыз Құран жаттау (зейінінің жақсы екеніне сеніп қалып) жақсы көрінгенімен оны тез ұмытып қалып кейін Құранды толық қайталап, пысықтап шығуда қиналатынын есепке алған дұрыс.

Бұл өз тәжірибемнен алынған кеңестер.
Тәжірибе-білімнің жартысы.

Алла зейіндеріңізді ашсын🤲

1.6k 0 15 9 117

Бүгіңгі тәуелсіздік мейрамы құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын🤲

Показано 20 последних публикаций.