SDU University Official


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Образование


✨Since 1996
🚀Арманыңа анық бас!

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций


SDU университетінде SPT олимпиадасының ІІ кезеңі өтті✨

Талапкерлерге арналған SPT олимпиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көптеген үміткерлердің басын қосты. Олимпиада бағдарламасы бойынша 13:30-ға дейін қатысушылар тестілеуден өтті.

Тестілеуден кейін үміткерлер үшін RED HALL залында арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында SDU ректоры Алимжан Игенбаев құттықтау сөз сөйледі.

Олимпиадаға келген ата-аналар да назардан тыс қалмады. Олар үшін профориентолог Омарбек Нурбавлиев пен психолог Ақерке Есенбекова өзекті тақырыптарда тренингтер өткізді.

Шара соңында түрлі ойындар мен сыйлықтар таратылып, қатысушылар жағымды әсермен тарасты. SPT олимпиадасы талапкерлерге өз білімдерін сынауға мүмкіндік беріп қана қоймай, SDU университетінің оқу ортасын жақынырақ таныстыруға бағытталды.


Құрметті SDU қауымдастығы!

Бүгін – жүрек жылуы мен риясыз ризашылықтың мерекесі✨✨

Бізбен бірге болғандарыңыз үшін МЫҢ АЛҒЫС❤️

Өмірімізге шуақ шашқан ата-анамызға, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға, қолдау көрсеткен достарымызға, әр сәтте жанымыздан табылатын жақындарға алғыс айтайық!

Алғыс айту мерекесі құтты болсын❤️

#Көктем
#алғысайтукүні


АҚПАН айы SDU үшін жағымды жаңалықтарға толы болды 📊

Ең басты жаңалықтарға шолу жасап өтсек:

🌐SDU университетінде “Қазақ тілі және әдебиеті” білім беру бағдарламасының 20 жылдығына орай түлектер форумы өтті.

🌐Магистранттарымыз SDU Business School және ҚазҰМУ бірлескен MBA бағдарламасын сәтті аяқтады.

🌐SDU University мен Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институты ынтымақтастық орнатып, меморандумға қол қойды.

🌐SDU Extension School "Winter School 2025" семинарын өткізді. Курсқа SDU профессорларымен қатар Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ және Моңғолия елдерінің білікті мамандары спикер болып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

🌐Республикаға белгілі БАҚ өкілдерінің басын қосқан «Жасанды интеллект және қазақ медиасының трансформациясы» атты дөңгелек үстел өтті.

🌐Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінде заманауи аударма құрылғыларымен жабдықталған Interpretation Lab зертханасы іске қосылды.

🌐Әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан студенттердің басын біріктірген ауқымды Hult Prize шарасы өтті.

🌐Ақпан айының соңғы аптасын INCLUSION WEEK 2025 шарасы қорытындылады. Бұл апталық инклюзивті орта қалыстастыру жолындағы маңызды қадам бола білді.

#news✉️
#Ақпанайы


📚Ерекше оқырмандарға арналған жаңа мүмкіндіктер

Бүгін SDU кітапханасында көру қабілеті бұзылыстары бар оқырмандар үшін арнайы жабдықталған орынның ашылу рәсімі өтті. Бұл бастама инклюзивті білім беруді дамыту және баршаға тең мүмкіндік жасау мақсатында жүзеге асырылды.📖

Жаңа аймақ заманауи компьютермен жабдықталған, ол арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы көз жанарында ақауы бар адамдарға ақпаратты қолжетімді етеді. Сонымен қатар, тұсаукесер барысында Брайль қарпімен жазылған кітаптар да таныстырылды.

Бұл кітаптар ерекше оқырмандардың білім алуына, әдеби шығармалармен танысуына және ғылыми ізденістерін жалғастыруына жол ашады✍️

Бұл бастама көру қабілетінде бұзылыстары бар оқырмандардың білімге қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. ✨

#инклюзияапталығы


🇰🇿🇺🇿SDU University мен Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институты ынтымақтастық орнатты

SDU Халықаралық қатынастар офисінің директоры Бейбіт Дюсюпов пен Педагогика және гуманитарлық ғылымдар
факультетінің оқытушысы Азат Қали Самарқанд қаласына сапар шегіп, көне шаһарда орналасқан Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институтымен ынтымақтастық орнатып қайтты. Өзара келісім нәтижесінде
меморандумға қол қойылды✍️

Екі ЖОО арасындағы бұл әріптестік білім беру сапасын арттырып қана қоймай, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен академиялық алмасу бағдарламаларын дамытуға жол ашады.


Бұл келісім екі ел арасындағы білім саласындағы байланыстарды нығайтып, заманауи педагогикалық
тәжірибелерді жетілдіруге
ықпал ететін маңызды қадам болып табылады🤝

#ынтымақтастық
#меморандум


Дәл қазір SDU қабырғасында Vision клубының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп жатыр✨

Мейірімділікке үндейтін шараға өз үлесіңді қосып үлгер🩷🫂

#Vision
#қайырымдылықжәрмеңкесі


Біздің магистранттар SDU Business School және ҚазҰМУ бірлескен MBA бағдарламасын сәтті аяқтады🎓

«Денсаулық сақтау саласындағы EMBA менеджменті» бағдарламасы SDU University және ҚАЗҰМУ университінің білім беру бағдарламалары бірлесіп қос диплом алуға мүмкіндік береді.

MBA – бұл жаңа мүмкіндіктерге, үнемі өсуге және шекарасыз болашаққа жол!


Біз түлектерімізді осы маңызды жетістіктерімен құттықтаймыз Жаңа белестерді бағындыра беріңіздер💙

****

Наши магистранты успешно завершили совместную MBA-программу SDU Business School и КазНМУ🎓

EMBA Менеджмент в
здравоохранении предоставляет возможность совместного обучения по образовательным программам SDU University
и КАЗНМУ им. С.Д. Асфендиярова и получения двух равноценных дипломов.

MBA — это путь к новым
возможностям, постоянному развитию и безграничному будущему!


Поздравляем наших
выпускников с этим значимым достижением! Пусть впереди вас ждут еще более высокие вершины💙



Показано 8 последних публикаций.