Тіл кеспек жоқ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: не указана


Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.y Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq outube.com/@tilkespekjoq

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


⚡️Тоқаев вейп сатуға және таратуға тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл норма ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Тәжікстан гуманитарлық көмек жіберді

Тәжікстан су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы Қазақстан халқына бастапқы қажетті заттардан тұратын 3 500 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

20 сәуірде жүк Түркістан облысының Сарыағаш қаласына жеткізіліп, Қазақстанға тапсырылады.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев адвокаттарды қоғамдық талқылаудан аулақ болуға шақырды.

Ол Facebook парақшасында адвокаттар мен заңгерлік қоғамдастықтың өзге өкілдерінен Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіндегі әріптестерінің жұмысын бағаламауды сұрады.

Бұл әрекеттер кәсіби кодексінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Әр нәрсенің шегі болуы керек. Әрбір адвокат адвокаттық беделін ойлауы керек, — деді ол.


Telegram ~ Instagram ~ Facebook


⚡️ Бишімбаев пен Байжановтың ісін қарап жатқан судьяны қорқыту деректері тіркелді

Астана полициясы судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


«Алматы Су» басшысының орынбасары ұсталды

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу, оның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралар қолданудың жолын кесу жұмыстары ерекше бақылауда. Осылайша, Алматы қалалық департаменті осы жұмыс аясында «Алматы Су» МКК бас директорының орынбасарын ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысымен әшкереледі, — делінген хабарламада.


Антикордың айтуынша, «Алматы Су» басшысының орынбасары «жергілікті кәсіпкерден бұрын келісілген 345 миллион теңгенің 75 миллион теңгесін орындалған жұмыстардың актісіне қол қою және мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шарттар бойынша қаражатты төлеу үшін алған».

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды

Бұл туралы «Ақорда» хабарлады.

Сапар кезінде жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады, — делінген хабарда.


Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Жайық өзенінде су деңгейі шамамен 8 метрге жетті

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдай жөніндегі штаб хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, қаладағы Бәйтерек ауданындағы Январцево ауылында Жайық өзені 8.84 метрге жеткен.

Январцево ауылы — Ресейден келетін топан суды бірінші болып қарсы алатын елді мекен. Ауыл тұрғындары қазір үй айналасына топырақ үйіп, қорған жасап бекініп жатыр.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Астана. Суретке қандай атау қоясыз?💬👇🏻

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қазақ тілін «мамбеттер тілі» деп атаған Алматы тұрғыны Элина Лю 2 жылға сотталды

Сот Элина Люды араздықты қоздырғаны үшін кінәлі деп тапты. Ол қазақ тілін «мамбеттер тілі» деп атап, бұл тілде ауылдан келгендер сөйлейтінін айтқан.

Сотталушы видеода Алматыдағы кептеліске байланысты келушілерді де ұнатпайтынын мойындаған.

Әлеуметтік желіні бақылайтын жедел уәкіл алауыздық белгілерін көріп, рапорт жазған. Ол екі жыл жазасын ең төменгі қауіпсіздік колониясында өтейтін болды. Ал баласы әжесіне беріледі.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Қазақстанның 3 облысы орман өртіне дайын емес

Бұл туралы үкіметте өткен өрт қаупі кезеңіне дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды.  

Экология министрлігі 158 мемлекеттік орман иеленушіні тексерген. Нәтижесінде «Семей орманы» резерваты, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары өрт қаупі жоғары кезеңге толық дайын емес екені анықталды, — делінді кеңесте.


Еске салайық, былтыр «Семей Орманы» резерватын 100 мың гектарға дейін өрт шарпыған еді. Өрт салдарынан 15 адам қаза тапты.

Жыл сайын Қазақстанда мыңнан астам орман және дала өрті, 4 мыңнан аса табиғи өрт тіркеледі.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Қазақстан тұрғындары су тасқынын тікелей эфирде көре алады

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Енді әрбір азамат онлайн-трансляцияны пайдалана отырып, Орал, Атырау және Қостанай қалаларындағы су тасқынына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жағдайды жергілікті жерлерде тексере алады. Белсенді азаматтарға, компанияларға, төтенше жағдайлар қызметі мен әкімдік қызметкерлеріне қарғын суға дайындық жұмыстары үшін алғыс айтамыз, — деді Бағдат Мусин.


Бөгеттер мен бекіністер құрылысының барлық барысын бейнебақылау камералары арқылы нақты уақыт режимінде бақылауға болады.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Қазақстанда су тасқынынан 7 адам қаза тапқан

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.

Бірнеше өңірде қайғылы оқиға тіркелді. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр, — деді ол.


Ол Абай облысы Аягөз ауданында тракторда отырып суға кеткен екі адамды да атап өтті.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Су тасқынынан құтқарылған адам саны 117 мыңнан асты

Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Қазақстанда су тасқыны басталғалы 117 мыңнан астам адам (44 мыңға жуығы — бала) қауіпсіз жерге көшірілді. Эвакуация орталығында жеті мыңға жуық адам (3166-сы — бала) шоғырланған, — делінген хабарламада.


ТЖМ мәліметінше, 18 мыңнан астам адам үйіне оралды.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Қырғызстанда TikTok желісі көп қолданушыда ашылмай тұр

Бұл туралы «Kloop.kg» хабарлады.

Еске салайық, Қырғызстан цифрлық даму министрлігі жанындағы байланысты реттеу қызметі байланыс операторларына TikTok желісін шектеуге байланысты хат жолдаған еді.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


«Масс-медиа туралы» заң жобасының қандай көлеңкелі тұсы бар?

Қаңтарда парламент мәжілісінің депутаттары «Масс медиа туралы» заң жобасына бірнеше өзгеріс енгізуді ұсынды.

Ол ұсыныста аккредитациясы жоқ шетелдік БАҚ пен оның журналистерінің жұмысына тыйым салу, «заң талаптарын бұзған» шетелдік БАҚ-тың жұмысын сот шешімінсіз-ақ тоқтатып қою қарастырылған.

Депутаттар ұсынған өзгертулер күшіне енсе, сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда» шетелдік ақпарат құралдарының өкілдіктері мен олардың журналистеріне аккредитация бермеу құқығына ие болады.

Бұл өзгеріс аккредитация алмаған шетел ақпарат құралдары мен журналистеріне кәсіби қызметімен айналысуына тыйым салады.

Бұл ұсыныс «Азаттық» радиосының 30-дан астам тілшісіне аккредитация бермей жатқан сәтте ұсынылды. Сарапшылар «Бұл сәйкестік емес» дейді.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Мәжіліс дау тудырған «Масс-медиа туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады.

Заңға қандай өзгеріс енеді?

• Жаңа заң талабы бойынша, 2025 жылдан бастап қазақша теле-радиобағдарламалар мен отандық өнімдер көлемі кемінде 55%, 2027 жылдан бастап 60% болуы тиіс.

• Отандық арналарда шетелдік бағдарламаларды қайталап көрсету апта сайынғы хабар тарату көлемінде 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарады.

• Сонымен қатар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктеріне мемлекеттік теле-радиоарналар өнімінің қоғамдық көлікте таратылуын қамтамасыз ету және бақылау құзыреті жүктеледі.

• Баспасөз картасы туралы норма масс-медиа туралы заңнан алынып тасталды

• БАҚ өтініштеріне жауап беру мерзімі бес жұмыс күніне дейін қысқартылды. Журналистер ақпарат иесімен телефон арқылы, жазбаша немесе электрондық құжат нысанында ауызша сұрау салу арқылы байланысуға құқылы.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Су тасқыны қаупі төніп тұрғанда Атырауда 55 млн теңгеге бәйге өткізілмек болған

Бұл туралы «Ақжайық» басылымы хабарлады.

16 сәуірде облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы ат бәйгесін ұйымдастыру және өткізу лотының күшін жойды. Лоттың күшін жоюға қоғамдағы сыни пікірлер себеп болған.

Еске салайық, Атырау тұрғындары тасқынға қарсы дайындалып жатыр. Облыста 7 сәуірден бастап төтенше жағдай енгізілген.

Қазгидромет Атырауда 20-25 сәуір аралығында мол су келеді деп болжам жасаған. Су деңгейінің биіктігі 6 метрге дейін жетуі мүмкін.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бұл — Солтүстiк Қазақстан облысы, Бескөл ауылындағы жағдай

Ауыл тұрғындары су тасқынына өздері дайындалып жатыр.

📹: Bishkul Sity

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Ресейдің Орынбор облысында су тасқыны кезінде бес адам қаза болды

Бұл туралы «Важные истории» басылымы хабарлады.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook


Қырғызстан TikTok желісіне тыйым салуы мүмкін

Қырғызстан цифрлық даму министрлігі жанындағы байланысты реттеу қызметі байланыс операторларына TikTok желісін шектеуге байланысты хат жолдады.

ҰҚМК хатында TikTok желісінде «контентке цензура қою жүйесі жоғы», атап айтқанда мәселе «балалардың ақпараттық кеңістігі жөнінде болып отырғаны» жазылған.

18 сәуірге дейін әлеуметтік желіге шектеу қою тапсырылған.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook

Показано 20 последних публикаций.