Тимурдан Инфо | it&tech


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Технологии


✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.
📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Технологии
Статистика
Фильтр публикаций


AI, AI яғни жасанды интеллект, жасанды интеллект деп қақсап кеттік қой. Бірақ…

API-дан тарту сенімсіз және тұрақсыз архитектураға айналып, лог жасау, кэш жасау, rag жасау, мәліметтер қорын дұрыстап жалғау, админка мен фронтты адам сияқты жасау шаруалары шетінен шыға бастағанда… Оған devops тірліктері llmops деген қойдың терісін жамылып келгенде…

Адамдар “атаңа нәлет, жасанды интеллект. Бір сенімен жұмыс бітпейді екен ғой” деп қайтадан софтвар инжинирңді оқуға ұмтылады деген ойдамын.

Әрине, бәлкім бұрынғыдай монолит жазбас, шаруаның көп бөлігін ллм-ге апи арқылы лақтыра салар. Бірақ бәрібір… “Учи матчасть” деген өзекті болатыны сөзсіз.




Репост из: Aman world
Aman World подкаст

Ал, алғашқы монолог подкастымды жазып, youtube каналыма салып қойдым. Сіздерге ұнап жатса, алда тағы 2-3 тақырыпта подкаст жазып, артынан қонақтар шақырып, IT туралы қазақша біраз нәрселерді әңгімелеу ойда бар.

Қолдап қойыңыздар. Лайк басып, коммент қалдырып.

https://youtu.be/3HqELpR7koY?si=GK9CN1bw86TGsF8x


Репост из: Hacker Taraz | Ақпараттық қауіпсіздік
Сәлеметсіз бе! 👋 Qazaq IT Tech командасы жаңа тегін үш кезеңдік QazaqStars жобасына қатысуға шақырады!

🌟 Жобаның негізгі кезеңдері:

1️⃣ Тіркелу және танысу кезеңі

Жобаға Қазақстанның кез келген өңірінен қатысуға болады. Тіркелгеннен кейін, сіздің почтаңызға  жабық Telegram чатына қосылатын шақыру сілтемесі жіберіледі. Бұл кезеңде белсенділік танытпаған немесе байланыссыз қалған қатысушылар келесі кезеңге өтпейді.

2️⃣ IT әлемі және Python тілін меңгеру
Бұл кезеңде IT саласының негіздерімен танысып, Python бағдарламалау тілін үйренесіз. Қатысушыларға телеграм-бот жасау, скрипттер жазу, есептер шығару сияқты практикалық тапсырмалар беріледі. Әрбір тапсырмаға ұпайлар беріледі, және нәтижелер арнайы жүйеде есептеледі. Ең белсенді және жоғары ұпай жинаған қатысушылар келесі кезеңге өтеді.

3️⃣ Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
Бұл кезеңде оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік саласы үйретіледі. Жүйелердің жұмыс істеу принциптері, олардың осалдықтарын анықтау және қорғау тәсілдері түсіндіріледі. Әртүрлі бұзу(взлом) әдістері үйретіледі. Осы кезең күрделі әрі қиын болады. Соңына дейін қалған оқушыларға сыйлықтар мен сертификаттар табысталады.

🔗 Тіркелу үшін немесе толық ақпарат алу үшін сайтқа өтіңіз

👨🏻‍💻 Жоба IT саласына енді қадам басып жатқан адамдарға арналған. Сізде IT саласында опыт болса, бұл жоба сізге арналмаған.

📅 Орын шектеулі — тек 100 қатысушы қабылданады!

Жобаға қатысып, өзіңізді IT әлемінде дамытудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!


Вакансия Backend Golang Developer (remote, full time)
Компания: Sagi

Какие задачи предстоит решать:
- Разработка веб-сервисов и микросервисов
- Разработка новых и поддержка существующих сервисов
- Участие в разработке архитектурных решений
- Покрытие кода unit и интеграционными тестами
- Поддерживать production так, чтобы бизнес мог быть спокоен

Требования к кандидатам:
- Знание и опыт работы с Go. Знание ООП, структур данных и алгоритмов, других фундаментальных понятий из сферы ИТ
- полное понимание протокола HTTP и парадигмы REST.Умение проектировать RESTful API учитывая нагрузку и требования безопасности
- Необходим опыт работы с микросервисами
- Опыт написания тестов и тестируемого кода
- Опытный пользователь Linux
- Уверенное владение Git
- Опыт работы с SQL/NoSQL базами и опыт администрирования. (MongoDB, MySQL и Redis)(понимание индексов, работы транзакций)
- Опыт работы с многопоточным и асинхронным программированием (goroutines, очереди сообщений RabbitMQ, Redis Pub/Sub)
- Умение собирать метрики и настраивать мониторинг работы своих сервисов (prometheus, statsd, grafana);
- Опыт работы с контейнерами (docker, docker-compose).
- Опыт в Kubernetes;
- Настраивать CI/CD (мы используем Gitlab)

Будет плюсом:
- Знание Elasticsearch или SOLR
- Опыт отладки и оптимизации комплексных приложений
- Опыт работы с GRPC/Protobuf
- Опыт работы с go-micro
- Знание и опыт построения DevOps-инфраструктуры
- Опыт с облачными платформами (Digitalocean)
- Опыт с AI/ML/DS

Резюме: yes@sagibonus.com
@jaksyes


Ал мынау - Google қалай ақшаны табатыны туралы.

“Қуардықтақтың көкесін түйе соғанда көресің” демекші, қызықтың көкесі ChatGPT Seach Ad қосылғанда болатын сияқты🤔

Қалай ойлайсыздар?


ChatGPT Search

OpenAI енді Google-дің нарығына бұзып-жарып кірді.

Қазіргі заман өте қызық қой. Google компаниясы трансформер архитектурасының негізін қалап, генератив жасанды интеллекті зерттеуді алғаш қолға алса да OpenAI компаниясының шаңын жұтып қала жаздады. Апыл-ғұпыл Bard деп, Gemini деп конверсейшн чат һәм генератив ЖИ жасаудан қуушы рөлінде келеді.

Ал OpenAI болса, генератив ЖИ сферасы өз алдына, мызғымас Google-дің Іздеу жүйесі сияқты бизнес-моделіне аяқ басты.

Америкалық ақпарат көздері: “Гугл ЖИ жасағаннан, OpenAI іздеу жүйесін іске қосқаны оңайырақ болған сияқты” деп жатыр. Қызық, ә?

Бәрі ештеңе емес, Google оңайлықпен өлмес OpenAI далада қалмас. Менің жаным ашып отырғаны: Perplexity. Жігіттерге қиындау болатын сияқты. Меніңше, ауыр соққы.


Республика күнімен, егемендік алған күнімізбен құттықтаймын! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿


Ал мынау Дата аналитиканв меңгере бастаған питончиктерге арналады;))


Мен сияқты AWS-тың қаптаған сервисінен басы қатып, біреуін қолдандым деп ойлап, удай қымбат екінші сервисін қосып жіберіп, соңында мыңдаған доллар қарыз боп қалғандарға арналған шпаргалка.

Ненің не екенін біліп жүргейсіздер;))


Репост из: Narikbi LIVE
Жанәділ Талдыбаев: әлем оқушыларын IT оқытатын 100 млн стартап / Narikbi LIVE #101

Бүгінгі шығарылым қонағы Codiplay халықаралық стартапының негізін қалаушы - Жанәділ Талдыбаев.

Codiplay - бұл әлемнің 13 елінде 300 астам мектептерде жұмыс істеп жатқан, оқушылардың IT сауаттылығын көтеретін платформа.

4 жыл бұрын ғана басталған бұл компания қазіргі күні $100 млн valuation (оценка), қазіргі тартып жатқан инвестициясы $20 млн.

Жанәділ бұл идеяның қалай келгені, ақша жоқ болып тұра, ковид кезінде пәтері мен көлігін сатып компанияны бастағанын баяндап берді. Одан бөлек Корей мемлекетіндегі мединица саласындағы бизнесін талдап, бұл елді де талқылап шықтық.

Одан бөлек еліміздің өңірлерінде қалай білім сапасын арттыруға болатынын да айтып шықтық. Қысқасы, бұл эпизод әлемді өзгерткісі келетін адамның қандай жол өтіп шығуы керек жайлы деп ойлаймын.

https://youtu.be/GoB7TfVUP-A


Репост из: dope söz
Бүгінгі қонағымыз программист және подкастер Нәрікби Мақсұтпен Еуропадағы өмір, IT индустрия, жасанды интеллект пен отандық мамандардың потенциалы туралы тілдестік.
Сонымен қатар Алматыдағы транспорт пен қауіпсіздік, қара әзіл және колониализмді де талқыладық.

Тамашалаңыз!

https://youtu.be/xupb_NanPMY


Репост из: DSML KZ Новости
Исследование Kolesa Group 3.0

Kolesa Group провели третье исследование казахстанского рынка data-профессий.

Выяснилось, что профессия повзрослела с 2021 года: в сравнении с результатами прошлого исследования специалистов 26-30 лет стало больше на 15%. Доля специалистов в Алматы и Астане выросла на 6%. За три года вырос и общий стаж работы аналитиков, специалистов с опытом от 3 до 5 лет выросло с 38% до 49%.

Зарплаты:
• Data Science — 825 000 тенге, медиана — 1 099 576 тенге;
• Data Analysis — 650 000 тенге, медиана — 857 485 тенге;
• BI — 650 000 тенге, медиана — 726 639 тенге;
• DWH — 824 000 тенге, медиана — 1 081 145 тенге;
• ML — 1 350 000 тенге, медиана — 1 600 769 тенге;
• Прочее — 925 000 тенге, медиана — 929 180 тенге.

За последние три года средняя заработная плата увеличилась примерно на 40%. Количество аналитиков, работающих в финтех-компаниях, возросло на 17%. Удаленная работа (42%) больше ценится среди респондентов, чем корпоративная культура компании (35%).

Также как и ранее, для нашего сообщества были предоставлены сырые данные


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Түсінгендер түсінді;))

Жалпы, әлемдік мемдерді білетін адамдар бар ма екен? Қазақша контент жасай бергеннің бір жаманы, аудитория мем қалжыңдарын ұқпай отырады. Содан ештеңе істей алмайсың;))

Өйткені:

1) Контекст түсінбеген соң ерінбей жасаған контентің өтпей қалады
2) “Бұл не? Мағынасы қандай?” деп барлық жерге жазып шығады.
3) Әрқайсына мемді түсіндіріп жазып отыру қызық та емес, уақыт та алады. Ал жауап бермесең, “Жауап бермейсің” деп адамдар быт-шыт ренжиді;))

Не істесек болады екен, ә?🤔


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Сенсация!!!

Адамзат тарихында тұңғыш рет! Space X компаниясы Super Heavy зымыран тасығышын әуеден тікелей ұстап алып, тұғырына қондырды!!!


Шынымды айтайын...

Жасанды интеллект дамып жатқаны қуантады. Бірақ...

Бірдеңе істеуге деген көңіл-күйіңді құртып, демотивайия жасайды екен, кәдімгідей.

Осыдан бір жыл бұрын, АҚШ-та жүргенде, Neural Networks деген сабақтан берген профессор айтып еді, "Қазір біздің саладағы ғалымдар бірнеше жылғы зерттеулері құрдымға кетіп, енді не істерлерін білмей абдырап қалып жатыр" деп. Жалпы логикалық жағынан түсінгенмін. Бірақ, физикалық тұрғыдан, тәніммен түсінбеген едім. "Зерттеулерін сәл бұрып жіберіп, басқа да бағыт бойынша жасай берсе болмай ма?" деп.

Сөйтсем, дәл қазір адамзат тарихында болмаған революциялық өзгерістер мен жаңалықтар болып жатыр. Соны сезінгендеріңізді қалайын, қазекем. Бұрын-соңды мұндай болмаған ешқашан. Иә, ешқашан болмаған.

Ойлап қараңыз, бұрын R&D өнімдері сол жабық лабораторияда ғасырлар бойы, жылдар бойы көміліп жата беретін. Нақты өнім күйінде, нақты өнім күйін қоя бер, тіпті жарыққа да шықпайтын. Ал қазір...

Қазір мынау OpenAI, Anthropic, Meta AI Research (fair) дегендер тіпті Google мен Apple сияқтылардың да есін тандырып, өкшелерін езіп жіберді. Енді ше? Тура мағынада күні кеше R&D бір дүние жасаса, ертесі күні паблик релиз жасалып жатыр.

NLP зерттеу жасап жатсың ба, CV зерттеу жасап жатсың ба, бәрібір. Өзіңше бірдеңе ойластырып жатсаң, ертесі күні open source күйінде Github-та жатыр. Бұл не деген алапат өзі?... Таң қаласың.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
BREAKING 🚨: ChatGPT is working on the Voice Clips Sharing feature for MacOS (and likely it will be available on iOS as well).
The new sharing button opens a pop-up, featuring the OpenAI sphere and a share button.


Дүниеде жек көретінім npm install мен brew install.

Өмірі бітпейтін бірдеңені қондырады да жатады, қондырады да жатады:))

Сондықтан, әрдайым клауд қызметті қолданғанды ұнатамын. Бірақ, кейде локал істеуге тура келеді. Амал жоқ сосын... Отырасың күтіп.




Шетелдіктер айта береді

Тыңдамаңыздар.

Естеріңізде болса, 2022 соңында қазіргі жасанды интеллект хайпы басталды. Оған себепші болған OpenAI компаниясының ChatGPT деген чатботы еді.

Арада 3-4 ай өткенде бесіктен белі шықпаған ChatGPT 100.000.000 қолданушыға жеткен жағдай Кремний алқабын бей-жай қалдырмады. Содан мүйізі қарағайдай ғалымдар мен ғалым еместер жиналып, “Жасанды интеллектің дамуын тоқтату тұру керек!” деген үндеу жариялайды.

Әрине, олардың айтқанын ешкім құлаққа ілмесе де бұл ситуация да біраз полемикаға арқау болады.

Әңгіменің қызығы…

“Жасанды интеллектің дамуын тежеу керек” дегендердің ішіндегі ең ғалым емесі Илон Маск іле-шала Groc.AI деген генератив жасанды интеллектісін жариялап, екінші жағынан Neuralink деп аталатын адамға чип имплант жасайтын компаниясындағы жетістіктер мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлайды.

Ал “Жасанды интеллектің дамуын тежеу керек” дегендердің ішіндегі ең ғалымы, “Жасанды интеллектің өкіл әкесі аталатын” Джефри Хинтон дәл сол уақытта өз зерттеуін тоқтатпастан, жалғастыра беру арқылы - бүгін Нобель силығын алды. Оның жасағаны: физика саласында жасанды интеллект арқылы машинаны үйрету әдістерін қолдану.

Бұны не үшін айтып отырмын?

Өйткені, осы уақытқа дейін ЖИ туралы қанша сұқбат бердім. Барлық жерде біздің қазақ журналистері “Америкалық ғалымдар ЖИ зиян деп қарсы шығып жатыр ғой?” деген сұрақ қоя береді. Сөйткен “америкалық ғалымдарыңыз” әні…

Көрдіңіздер ме?

Сондықтан, “зиян екен, пәлен екен, анау анадай деді, мынау мынадай деді” демеңіздер. Технология шықты ма? Кеш болмай тұрып қолдану керек. Қолданбасаңыздар да болады. Бірақ, түбінде бәрібір мәжбүр боласыздар. Сол кезде алданып қалғандарыңызды ұғасыздар.

Әсіресе, “Илон Маск солай деді” демеңіздер. Илон Маск жақсы кәсіпкер, ерекше ойлау жүйесінің иесі болар. Бірақ ғылым саласы мен академиялық ортада оның ешбір сөзі дәрі емес.

Показано 20 последних публикаций.