Үшбу хат


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Сезім, гендер жəне драма эпистолярлық жанрда

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


Қадірлі Д. Сіздің тілектеріңіздің орындалғаны қуантты. Тіпті соңғы рет вокзалда қоштасып тұрып жылағаныма ұялып кеттім. Сол кезде қимастықтан гөрі алаңдаушылық басым болған еді. Сіз туған жеріңізді сағынып, көңіліңіз алып-ұшып тұрды. Жүрегіңіз толған махаббаттың жауабы бола ма, сіздің ақ көңіл, пәк пейіліңіз самарқау түсінбестікке соғылып мұқалмай ма, мен сияқты сізді түсініп, жақсы көретін адам бола ма деген ойлар бар еді. Бекер алаңдаппын. Жақсы көрсең - босат деуші еді ғой. Жақсы көремін сізді. Әлеуметтік желіден жадыраған жүзіңізді жиі көремін. Босаттым сізді.


Білесіз бе, екі жыл бұрынғы жазбадағы тілектерім орындалды ғой.


Бұл менің алғашқы махаббатым емес. Соңғы емес деп үміттенемін. Бірақ ендігәрі сүюге ниетім болғанымен, мүмкіндігім келмейтін сияқты. Барынша сақтауға тырыстым. Бірақ уысымнан сусып аққан судың тамшылары ғана қалды. Оның өзі кеуіп, алақанымдағы сызықтарда ғана ылғалы қалған сияқты. Содан да өкінішті. Сезім, махаббат, жұп, отбасы үшін тек тірі адам мен әлеуметтік-заңи қатынастар жеткіліксіз. Жалыны өшіп, қызарған шоқтары көмескілене бастаған күл сияқтымын... Айтыңызшы бәрі жақсы болады деп...


Не жаңалық? Вокзал. Сағыныш. Күнделікті күйбең тірлік. Жалғыздық. Сағыныш. Кездейсоқ таныстық. Үміт. Ғашықсыздық. Жалғыздық. Сағыныш. Күйбең тірлік. Сәлеммен С.А.


Айтпақшы, қателеспеген секілдімін.


Амансыз ба?!
Ол кісінің ондай тренингтен өтпегеніне бек сенімдімін.
Ыдыс туралы жақсы айттыңыз. Жаратылысым солай ма, сол ыдыс үнемі толып тұрады екен :)
Жұмыспен алмастыру қажет шығар. Үнемі жабырқаулы да қабағы қату, суық қаладағы өмірден соң мұнда келіп, бір ағытылған да шығар мүмкін. Жә, өмір көрсетер.
Сізде не болып жатыр, құрметтім?


Құрметті Д.А.
Адам жүрегі ыдыс сияқты елестейді өзіме. Ешқашан бос болмайды. Кейде махаббатқа толы болса, махаббаты суалған соң орнын басқа адами сезімдер басуы мүмкін. Біреуде адами, біреуде пендеуи. Сізді бекерге жақсы көрмеймін ғой. Осындай болмысыңыз үшін. Әлсізге қамқорлық жасауға бейімділік еркектерге тән. Кейде әйелдер мұны пайдаланып та жатады 🤭 Білсеңіз ғой "Еркектерді қалай қолға түсіру керек" деген тренингтерде не айтатынын)))
Бірақ әлгі сезіміңіз уақытша деп үміттенемін. Әлде қызғаныш па бұл...


Құрметті С.А.
Жиырма күннен бері ғана таныс, тіпті жақсы танымайтын да адамға шын ниетпен беріліп, шын көмектескің келіп, өз өміріңе кіргізгің келетін сезімді не деп атайды?!
Жоқ, махаббат емес, махаббат уақытпен сыналғанда ғана махаббат болады. Қамқорлық деуге де келмейді. Бір, қызық сезім өзі.
Өткергенсіз ба осындайды?


Сəлем.Д.А.
Оңтүстіктегі бала туралы айтпаған, ойламаған адам жоқ шығар. Осы дүрбелең басында жұрттың бəрі "анасы қайда! Не қарап жүр?" деп ашуланды. Əкесі туралы тым-тырыс. Əкесі қайда еді деген сөз естімедім. Қалай ол сонда? Бала ғана емес, ана, жар да емес, қоғамның өзі əке рөлін сызып тастады ма? Сəлеммен С.А.


С.А.
Сезім, махаббат дегеннің соңы - жыныстық қатынас емес па енді. Əйелдер драмаға тым құмар.
Қарапайым инстинктті сақтап қалған еркектер ғана ау деймін.


Құрметті С.А.
Келісемін. Толығымен. Жыныстық қатынас қой айтып отырғаныңыз?! Еркек өз əйелін басқа біреумен қатынасы бар деп күдіктенсе: Маған сенің оған деген махаббатың бар ма, жоқ па бəрібір, сен омен болдың ба?@,-деп сұрайды екен.
Əйел керісінше. Əлде дұрыс түсінбедім бе ойыңызды?


Марк Агеев "Роман с кокаином" кітабында бір фраза бар еді. Ғашық еркекке барлық əйелдер - əйелдер, тек сүйікті əйелі ғана ол үшін - адам. Ал ғашық əйел үшін барлық еркектер - адамдар, тек сүйікті еркегі - еркек. Келісесіз бе?


Сәлем, қымбатты Д.А.
Еркектер үшін сезім деген не? Тек жыныстық құштарлық, эгосын қанағаттандыру ма? Біз әйелдер сезімді толық бастан кешіріп, жүректен өткізіп, бастан кешіріп бір-ақ жібереміз. Эмоция бар. Ал еркектер үшін бәрі жылдам, оңай, қарапайым сияқты. Кейде тіпті сенбеймін сезімдеріне. Жоқ серенада, қарс айрылған жүрек, қорс-қорс өлең шумақтары керек емес. Жалпы, не ойлайды, қандай реакция болады, қалай басынан кешіреді. Сол туралы айтып бере аласыз ба?
Құрметпен С.А.


Қызық бұл өмір. Кейде сəл ғана кездейсоқ жағдай үшін өмірің күрт өзгеріп кетеді. Ал кейде басыңды тауға да, тасқа да ұрасың. Дым өзгермейді.
Тұрмысқа шығатын кез. Тойға үш күн қалды. Той көйлек ілініп тұр, шақыру билеттері баяғыда таратылған, туған-туыс тойға киетін көйлек іздеп жүр. Мен сүйген, бірақ опасыздық жасап қош айтысқан жігітім келді. Тұрмысқа шықпашы деген əңгіме айтып. Іштей кешірдім. Бірақ сыр бере алмадым. Əке-шешеме не деймін, шақыру билетіне бірге түскен адамға не деймін. Ол кезде тойға кредит алады. Кредитті қойшы, тойға келетін жұртқа не деп айтады деп ойлап тұрмын. Бірақ жүрегімнің түбінен бір үн жыламсырап, жалбарынып "алып қашып кетші, алып кетші мені алысқа" дейді. Ол оны естімеді, сезбеді. Екі күннен соң мен біреудің жары атанып кете бардым.
Жоқ, өкінбеймін ештеңеге. Ажырасу кездейсоқ жағдай демес едім. Бірақ бар бір жындылар екі күн бірге тұрып ажырасып кеткен))
Бір рет болған дүние əрқашан болады деп ойлаймын. Ұрыс керіс пе, өмір бойы əңгіртаяққа мойынсұн немесе екінші рет болдыруға еш мүмкіндік берме. Опасыздық па, сатқындыққа үйрен немесе ешқашан кешірме. Біреулер көнгіш. Біреулер иілмейді. Ондай проблема барлық отбасыда болады деп ойлаймын. Тек адамдар құндылықтарды əрқалай бағалайды. Айырма мынада. Біреу үшін су ол бір жұтым су, ал кей адам тек бір шелек суды су санайды.


Құрметтім. Жоқ, орыстардағы уважаемая емес, кəдімгі ҚҰРМЕТТІМ!
Латын үшін уайымдамай ақ қойыңызшы.
Жалпы, ер мен əйелдің ажырасуы қызық процес өзі. Екі жақ та қарсы тараптан бір қимыл күтеді. Жақсы ма, жаман ба, өзінің келесі қимылы сол тараптың қимылына байланысты. Кейде, ол қимылдар адамның күлкісін келтіретіндей қимылдар болады. Эмм, кеңестік фильм болды, атын ұмытып тұрмын, жатақханада жарты жүректерді бір-бірімен табыстыратын əйел туралы.
Алдында табыстырған қызды күйеуі қайтадан жатақханаға алып келеді. Табыстырушының неге деген сұрағына күйеуі: "Азанда жұмыртқа, кешке жұмыртқа, бүйте берсек тауық болып кететін шығармыз?!",- деген довод айтады. Фильмнің соңына қарай екеуі табысады əлбетте.
Бар ғой, адамдардың ажырасуы кейде болмайтын нəрселерге байланысты ия? Қалай ойлайсыз?


Qai'yrly tu'n, qymbattym, o qudai'ym. Hat jazy'dy toqtatam bylai'...


Қайырлы таң, қымбаттым.
Тұрмыстағы келіншектерге қызығатын жалғыз ғана себеп бар. Жоқ ол ай сайын келетін жалақы, тегін сантехник немесе электрик емес, инстаграмға той-томалақтан салатын сурет үшін де емес. Кластастармен кездесуіне ертіп бару не ессіз секс үшін де емес. Сонда не дейсіз ғой? Таңертең бірге ояну. Жай ғана ояну. Жатқан жеріңе әкелген кофе, таңғы кекс сияқты жүрек айнытар стереотиптер үшін емес. Сөзбен жеткізе алмайын. Адам үйқыдан оянғанда нағыз өз иісімен оянады. Ол иіс түбіт орамал сияқты тұмшалап тұрады сені. Көзіңді ашпастан сүйікті адамыңа аунап барып, тұнған иісіне танауыңды салған күшті ғой. Бірақ қосағың сүйікті болса...


Қымбатты, Д.А.
Менде бəрі ТА-МА-ША))
Қайырлы түн


Құрметті СА.
Соңғы уақытта пендиауи тірліктермен уақыт болмай, сізге хат жазуды да ұмытыппын. Кешірім өтінемін.
Шынында да, еркектер жемтік. Мен мойындаймын. Өнері сол - оны өздері жемтік ретінде ұсынады. Құрылған қақпанға өздері түсіп, өздерін аңшы санайтын, ең ақымақ нəрсе - еркек шығар, мүмкін.
Жалпы көңіл-күйім жақсы, сіздің əр айтқан сөзіңізбен келісіп отырғанымнан байқаған шығарсыз :)
Сізде не жаңалық?


Қамбатты Д.А.
Шынтуайтында сіздің алғашқы махаббатыңыздың эпопеясын талай өз аузыңыздан естігем. Бұл сұрақтың ішінде менің білмейтін жауабым біреу ғана еді. Меніңше сіз маған емес, өзіңізге жауап беруге дайын емессіз. Ал шешіндіруге келер болсақ... һм, егер қаласам баяғыда эпистоляр жанрынан эротика жанрына өтер едік. Тек менің нысанамда басқа жануар.
Бірақ əдетте еркектер өзінің аңшы емес, жемтік екенін ешқашан мойындамайды ə

Показано 20 последних публикаций.

18

подписчиков
Статистика канала