#Шайлоо #Кафка
Мәжілістің жаңа негізгі құрамынан туындаған сезімдеріңізге орай, қазақтың біртуар Кафкасы, күндетуар балтабегі Нұрберген Мақымның мына әңгімесін жадыларыңда жаңғыртуды сөлекет көрмедім.
Нұрберген Мақым. КӨҢІЛСІЗ КҮЗГІ ЭТЮД
Қазанның ортасынан ауардағы бір түсте мизамның кеш шуағын медет көріп, таң бозара ауданға кеткен шалының түстігін сәкіге әзірлемек ниетіне кемпіршуаққа қыздырайын деген дәмесін қосып, әдепкі мимырт тірлігімен жүрген кемпір, өткен күзде салқын тигізіп, содан жазылмаған белін бір боқтап қойып, самаурын салды.
— Тап шешең! – деп, сөйлей келген шалының ашулы кейпіне, кемпірі, аса бір алаңдай қоймады. Жай ғана:
— Тыныштық па, Әбеке? – деді.
— Бүйткен тыныштығының шешесін! Одан да соғыс болғаны жақсы еді…
Ржев түбінде оң аяғын тастап келген шалының бұл сөзінен бір сұмдықтың болғанын сезген кемпірі шын абыржыды.
— Айтсаңызшы енді, не болғанын?
— Ой, ана селсәбеттегі Жұмабайдың баласы да… Боғын боталы інгендей бұлдап, шұлғаудан шыққан шуаш неме… – деді де, етікшең үйге кіріп кетті.
— Е, соған бола ма?! Иттің боғы дәрі болса дарияға тышады деген емес пе, тәйірі. Соған бола ашуланасыз ба? – деп, кемпірінің самаурынға үстеме отын салып жатқаны сол еді, тарс еткен дыбыс шықты да, кемпірдің миы жез самаурынға жабысып қалды. Шолақ қосауыздың келесі оғын өзіне арнады, шал…