ИХИЯ • Толық нұсқа


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Бұл каналда Ерсін Әміре ұстаздың "Ихия Улумиддин" кітабы бойынша өткен дәрістерінің толық нұсқасы жүйелі түрде жарияланып отырады.
Әр дәрістен алынған қысқа уағыздарды @yersin_ihya каналынан тыңдай аласыздар

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций




Кәсіп етудің әдептері

Дінімізде адамның кәсіп жасап, өз нанын өзі тауып жеуі абзал. Адам мұқтаж болмаса да қайыршылыққа салынып, басқаларға қол жаюдан сақтануы тиіс.

Шариғатымыз тек құлшылық жасап дүниені тастап қоюға шақырмайды. Бәлки, дүние мен ахиретті қатар алып жүруді насихаттайды.

Адал кәсіп етіп басқаларға пайдалы болдың маңызы ерекше. Бұл дәрісте кәсіп етуге қатысты аяттар мен хадистер келтірілген.

Толығырақ дәрістен тыңдаңыз👇🏻

📌БӨЛІСУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ




Некеге қатысты әйел адамның міндеттері

- күйеуіне бағыну

- өзінің ар-намысын сақтау

- қажетінен артық нәрсені сұрамау, күйеуін харам табысқа итермеу

- күйеуінің дүниесін сақтау, ұқыптылық таныту

- сыртқа себепсіз көп шықпау

- күйеуіне қиянат жасамау, оны разы ету

- сыртқа әуретін жауып шығу

- намазы мен оразасына берік болу

- күйеуінің ақысын өзінікінен жоғары қою

- шамасына қарай үйдің қызметінде болу

Толығырақ дәрістен тыңдаңыз👇🏻

📌БӨЛІСУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ




Некеге қатысты ер адамның міндеттері

- үйленген кезде той жасау, некесі т
уралы басқаларға білдіру (тойдың адал болуы шарт)

- әйелімен жақсы қарым-қатынаста болу, мінезін көтере білу

- мінезін көтере білумен қатар бірге уақыт өткізу, еркелету, әзілдесу

- әйелдің сөзін сөйлеп шектен шығып кетпеу, орта жолды ұстану

- әйелін қызғану, бірақ шектен шығып орынсыз сөздерге еріп, аңдымау

- отбасыға ақша жұмсағанда орта жолды ұстану, шектен шығып ысыраптық етпеу немесе тым сараң болмау

- әйеліне намаз, дәрет, хайыз және тағы басқа діни үкімдерді үйрету керек (өзі білмесе ұстаздардан үйренуіне жағдай жасау)

- бірнеше әйелі болса бәрімен теңдей қарым-қатынас жасау

Толығырақ дәрістен тыңдаңыз👇🏻

📌БӨЛІСУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ




Неке қиюдың әдептері📌

1. Қыздың уәлиінің болуы(әкесі/ағасы/інісі)
2. Қыздың разылығы
3. Екі куәгердің болуы
4. "Қабыл алдым", "Тидім" деген сөздерді айтып қуаттау
5. Неке құтпасы оқылып, уағыз насихат жүргізілуі

Құда түспес бұрын:

- қызға бұрын құда түскен ешкім болмауы керек, болған жағдайда ол кісіге қыздың "жоқ" деп жауап бергенін күту керек.
- некеден бұрын қызды көру
- неке қиюға ізгі адамдардың қатысуы

Жар таңдауда мән беретін нәрселер:

- үйленетін адамның рұқсат етілген болуы(қыз тек мұсылманға шыға алады. Ер адамға мұсылман немесе әһл-кітап қыздарын алуына рұқсат)
- болашақ жардың діні мен тақуалығына баса мән беру
- бет-әлпетінің ұнамды болуы, көңілінен шығуы
- маңызды нәрселер туралы жасырмау: дерті не ауруы болуы, бірінші әйелі болуы т.б.
- мәһрдің аз болуы

📌БӨЛІСУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ




Некенің кейбір пайдалы туралы алдыңғы дәрісте бастап айтылған болатын.

Некенің пайдалары:
- Перзент сүю
- Пайғамбарымыздың үмметін көбейту
- Дұға етер салиқалы ұрпақ
- Өзін жауапкершілікке тәрбиелеу
- Үй жұмыстарынан босау
- Ойы реттеліп, жаны тынышталу
- Рух пен тәннің демалуы

Некенің жауапкершілігін түсінбеген жағдайда адам басына келетін зияндар да бар.

Некенің зияндары:
- Адал кәсіп етпеу. Отбасыны асыраймын деп харам кәсіпке ұрыну
- Әйелі мен бала-шағасына дінді үйретіп, дұрыс тәрбие бермеген адамның ахиретте есебі ауыр болады
- Бала-шағасының дініне кедергі болуы. Адам отбасы асыраймын деп жүгіріп, Аллаға құлшылық етуден тосылып қалуы мүмкін.

Адам некеге ниет етерде өзінің жағдайына, жауапкершілікті арқалауға қаншалықты дайын екеніне қарау керек.

📌БӨЛІСУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ




Неке әдебі туралы бөлім📌

Құранда Алла Тағала бірнеше жерде үйленуге, некеге қызықтырады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: "Үйлену - менің сүннетім. Кім үйленуден бас тартса, менен емес" дейді.

"Кімнің шамасы келсе үйленсін. Ол көзін, зинадан сақтауына көмектеседі. Үйленуге шамасы келмесе ораза тұтсын"

Келесі дәрістер некенің әдебі, пайдасы туралы болмақ

📌БӨЛІСУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ




Қонақ күтудің басқа да әдептері

- қонаққа тағамды кешіктірмей алып келу
- 1-2 адамға бола, бәрін күттіріп тамақты кешіктірмеу
- қонаққа алдымен жеміс-жидек берген абзал
- ысырапқа салынбау, артылып қалмайтындай мөлшермен істеу
- қонақты сыртқы есікке дейін шығарып салу

Қонаққа қатысты әдептер
- көңілінен бірнәрсе шықпаса, көз жұмып, көркем мінезділік таныту
- үйдің немесе үй иесінің кемшіл тұстарын басқаларға айтып, таратпау
- кетерде үй иесінен рұқсат сұрап шығу


📌БӨЛІСУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ




Қонақ күтуге қатысты әдептер

Қонақ күту - мұсылманның сипаты. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде "Үйінде қонақ күтпейтін адамда қайыр жоқ" дейді.

- Қонақ шақырудың алғашқы әдебі - тақуа, Алладан қорқатын ізгі кісілерді шақыру. Ондай жандар берекесімен келеді.

Тек байлар мен жоғары шенділерді шақырып, кедейлерді тастап қою - әдепсіздік.

- Екіншіден, туысқандарды шақыруды ұмытпау. Жақсы мәмілеге, қонақ етуге ең лайықты туысқандар.

- Қонақ шақырғанда өз дүниесін, байлығын көрсетуді ниет ету дұрыс емес. Алла разылығы үшін бауырларына құрмет көрсету ниетімен шақыру керек.

Қонаққа бару әдептері📌

- Шақырған жерге бару - бекітілген сүннет.

- Шақырған адамды бай немесе кедей деп бөлмеу.

Қонаққа барудың басқа да әдептерін дәрістен тыңдаңыз

📌БӨЛІСУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ




Қонақ шақыру және тамақ беру әдебі📌

Бұл дәрісте біреуге ас беру, бауырларын қонаққа шақырудың әдептері туралы айтылады.

• Мұсылманның бауырларын құрметтеп, дастархан жаюы ізгі, сауапты істерден болып табылады.

Қонаққа шақыру, қонақ болу әдептері мынадай 👇🏻

• Біреудің үйінде тамақ піскен уақытын арнайы күтіп тұрып, шақырмаса да кіріп бару әдепсіздік болып табылады.

Ал әдейі ниет етпестен, тамақ уақытына түсіп қалса, әбестігі жоқ.

• Үйге қонақ келгенде адам өзін қинап жоқ нәрсені беруге тырыспау керек. Қонақ келді деп қарызданып, әуреленудің қажеті жоқ. Келген қонақ та қанағат етіп, үй иесін сыйлауы керек.

• Келген адамнан "тамақ жейсің бе?" деп сұрамау. Қонаққа сұрамай ас беру керек. Ол ия, жоқ деп айтуға қысылады. Сол үшін бұлай айтпаған дұрыс.

Басқа әдептер туралы толығырақ дәрістен тыңдаңыз 👇🏻

📌БӨЛІСУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ




Тамақ жеу әдептері📌

Біріншіден, тамақтың адал болуы. Адал жолмен тауып, жеуге рұқсат етілген ас болуы керек. Халал ас жеу - парыз әрі әдеп болып саналады.

Екіншіден, тамақтың алдын қол жуу.

Үшіншіден, тамақ жегенде әдеп сақтап отыру. Жатып, шалқайып жеуге болмайды.

Төртіншіден, тамақ жегенде жақсы ниетте болу. Осы тамақ арқылы күш-қуат жинап, Аллаға құлшылық жасайын деп ізгі ниет етсеңіз, тамақ ішкеніңіз сауапқа айналады.

Бесіншіден, тамақты тойып жемеу.

Алтыншыдан, бар тамақты қанағат тұту. Азық болар тамағыңыз болса, одан тәттісін, дәмдісін іздеуге тырыспаған дұрыс. Бар тамақты шүкір етіп жеу керек

Басқа да тамақ жеудің әдептері туралы дәрістен тыңдап, пайда алыңыз.

📌БӨЛІСУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
@yersin_ihya2 | ИХИЯ ДӘРІСТЕРІ

Показано 20 последних публикаций.

2 194

подписчиков
Статистика канала