Dauletten


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Бай қуатты, ДƏУЛЕТті болайық.
Жарнама және ұсыныстар жөнінде: @YerekentiKZ
Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/QEc88rJUYgl0qEIV

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


🚍Шымкентте сәуір айынан бастап жаңа «Автобус» қосымшасы іске қосылады

Шымкентте қоғамдық көліктерге арналған «Автобус» қосымшасы енгізіледі. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе бұрынғы «i-Kolik» қосымшасына қарағанда әлдеқайда ыңғайлы.

Жаңа қосымша арқылы:
✅ Автобустың қай жерде келе жатқанын көруге болады
✅ Аялдамаға жету уақытын алдын ала білуге мүмкіндік бар

Қолдану үшін:
📲 Қосымшаны жүктеп, тіркелу қажет
💳 Электронды әмиянға ақша салу жеткілікті

Шымкентте бұған дейін қолданылған «Төлем» жүйесі алынып тасталады. Алайда, 1 мамырға дейін ескі карталарды баланстағы ақша біткенше пайдалануға немесе «Автобус» жүйесіне тегін ауыстыруға болады.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


Демалып болдыңыздар ма?) Қалай өтті демалыс күндеріңіз? Аааал, жұмысқа шыққан жандарға сәттілік!✊

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


💸❓Жалақы жетпейді: несиеден қалай құтылуға болады?

Қаржылық қиындықтар мен несиелік қарыздардың артуы – көптеген қазақстандықтар үшін өзекті мәселе. Жалақы көтерілгенімен, инфляцияның әсерінен оның сатып алу қабілеті айтарлықтай өзгерген жоқ. 2024 жылдың IV тоқсанында орташа айлық жалақы 434 982 теңге болғанымен, халықтың несиеге тәуелділігі жоғары күйінде қалды.

💰Қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары:

1. Бюджетті дұрыс жоспарлау.
Ай сайынғы табыс пен шығыстарды талдап, қажетсіз шығындардан бас тарту.

2. Қаржылық мақсаттар қою.
Несие төлеу мерзімін нақтылап, қарыздан арылуға басымдық беру.

3. Артық шығындарды қысқарту.
Пайдаланылмайтын жазылымдардан бас тартып, тиімді сатып алу дағдыларын қалыптастыру.

4. Қосымша табыс көздерін қарастыру.
Фриланс немесе қосымша жұмыс арқылы кірісті арттыру.

5. Жинақтау және инвестициялау.
Пассивті табыс көздерін дамытып, қаржылық қауіпсіздікті күшейту.

6. Несиені қайта қаржыландыру.
Төмен пайыздық мөлшерлемесі бар несиеге ауыстыру арқылы төлем жүктемесін азайту.

7. Артық төлем жасау.
Мүмкіндік болған жағдайда негізгі қарызды мерзімінен бұрын өтеу.

Қаржылық сауаттылықты арттыру және дұрыс жоспарлау – қаржылық тұрақтылыққа жетудің негізгі кілті. Жалақының жеткіліксіздігіне қарамастан, табысты тиімді басқару арқылы қарыздардан арылып, болашақты сенімді ету әркімнің өз қолында.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

38.3k 1 51 94 374

⚜️Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт-береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін! Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі — «Наурыз» мейрамы құтты болсын! 🥳

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

47.6k 1 16 41 452

Қазақстанда жеке деректері таралған азаматтарға өтемақы төлеу мүмкіндігі қарастырылуда

Енді киберсақтандыру жүйесі арқылы жеке деректері таралған азаматтар сақтандыру төлемін алу мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов мәлімдеді.

Басылымның хабарлауынша, ведомство жеке деректердің таралуы, оған жауапты компаниялар және жарияланған деректер туралы ақпаратты қамтитын бірыңғай деректер базасын құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жеке деректері таралған азаматтарға өтемақы беру жүйесі енгізілмек.

📝«Киберсақтандыруды енгізу бастамасын қолға аламыз. Бұл ретте мемлекет жеке деректердің таралуына жол бергендерге салынатын айыппұл мөлшерін ұлғайтпақ. Қазіргі кезде айыппұл мемлекет кірісіне түседі, ал азаматтар ешқандай өтемақы алмайды. Жаңа жүйе жеке деректері үшінші тұлғалардың кінәсінен таралған азаматтарға тікелей сақтандыру төлемін алуға мүмкіндік береді. Бұл маңызды қадам, және халық бұл мүмкіндікті белсенді пайдаланады деп ойлаймын», – деді Руслан Әбдіхалықов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


🚈Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандармен бірге жүретін жолаушыларға пойыз билеттеріне 50% жеңілдік қарастырылмақ

Бұл жеңілдік I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарды және ерекше қажеттілігі бар балаларды ертіп жүрушілерге қатысты болады.

Сонымен қатар, пойызға міну кезінде медициналық анықтамаларды көрсету талабы алынып тасталады. Енді қажетті мәліметтер арнайы деректер базасы арқылы автоматты түрде тексеріледі.

Жаңа ережелер 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енеді.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

42.4k 1 12 26 198

Бойыңыздағы дарыныңызды ашыңыз (психологиялық тест)

Біреулер туа бітті таңғаларлық дауысымен ерекшеленсе, енді бірі ешкімнің қолынан келмейтін суреттер салумен айрықшаланады. Ал сіз өз бойыңызда қандай қабілеттер барын ашқыңыз келсе, біз ұсынған тест көмектесуі мүмкін. Ешқандай логикаға салмай-ақ, жай ғана берілген төрт түйіннен бірін таңдаңыз.

🪢А түйіні

Қызық таңдау. Сіз әмбебап адамсыз. Табиғат сізге барлығын тез игеріп кету қасиетін сыйға тартқан. Сол себепті өзіңізге кез келген хобби түрін таңдап алсаңыз болады. Табандап тұрып алу керек болған жерде ерік-жігеріңіз артып, барлығына үлгеріп жүресіз. Шығармашылық табиғатыңыз бен техникалық ақыл құрылымы бір арнада үйлесім тапқан, сол қырыңызбен елден ерекшесіз. Осы үйлесім кез келген бағытта жеңіске жетуге көмектеседі.

🪢В түйіншегі

Сіз сандармен «сен» деп еркін сөйлесу үшін жаралған жансыз. Сізге кез келген ғылыми бағыт есігін айқара ашады. IT саласында көптеген жетістікке жете аласыз. Жаңа өнертабыс иесі атануыңыз да ғажап емес. Табиғатты сізге берген бір кемшілігі, өз күшіңізге сенбеуіңіз. Бар күмәнді жеңіп, тек алға басуыңыз керек. Сіз болашағымыздың жарық жұлдызысыз, осыны ұмытпаңыз. Тәжірибе жасаудан қорықпаңыз. Бастысы цифрларға «сенім артыңыз», сонда барлығы жақсы болады.

🪢С түйіні

Сіздің жан дүниеңіз бай, қиял әлеміңіз теңіздей терең, адамдарды жетер жеріне жеткізесіз. Өзгелер сіздің айтқаныңызды екі етпейді, сізге сенім артатыны сонша жер түбіне болса да бірге баруға даяр. Адамдарды сөзіңізге сендіріп, дұрыс бағыт бере аласыз. Сіздің ішіңізде нағыз психолог және от ауызды, орақ тілді шешен жатыр. Керемет жазушы, журналист бола аласыз, адамдарға рухани тұрғыда қолдау көрсетуде сізге жететін жан жоқ. Жақындарыңыздың көпшілігі қиындығын сізбен бөлісіп, кеңес алғысы келетінін байқадыңыз ба? Онда біз қателеспеген екенбіз. Себебі олар сізден жан жетекшісінің бейнесін көреді.

🪢D түйіні

Сіз туа бітті көшбасшысыз. Бойыңызда табандылық қасиет жанып тұр. Кез келген мақсатқа дер кезінде жету себебіңіз де осыдан. Ана сүтімен берілген дарыныңыз осы. Ең қиын деген жағдайдың өзін шешіп, барлық жағдайда барынша жетістікпен аяқтайсыз. Одан бөлек сізден ең жақсы елші шығады. Кез келген адамның тілін табу жолын білесіз.
Табиғат берген дарыныңызды пайдаңызға жаратыңыз.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

55.8k 1 67 43 990

🌏Әлем мақалдарынан үзінді:

🔹Кеме суға батып кеткеннен кейін, оны қалай құтқаруға болатынын барлығы біледі.

(с) Жапон мақалы

🔹
Күшіңді білгің келсе, алдыңа үлкен мақсат қой.

(с) Шығыс даналығы

🔹Әмияның қаншалықты қалың болса, әзілдеріңе соншалықты қатты күледі.

(с) Чародин мақалы

🔹Табыс – еңбектен қорықпағанның сыбағасы.

(с) Жапон мақалы

🔹
Қабырғалар тек біздің санамызда ғана бар.

(с) Итальян мақалы

🔹Батпақта жүрген бақаға мұхит туралы айтып әуре болма.

(с) Қытай мақалы

🔹Арыстан болғысы келетін мысық алдымен тышқанға деген тәбетінен айырылуы керек.

(с) Африка мақалы

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

54.7k 1 94 37 445

🛵Мопедіңізді 5 сәуірге дейін тіркеуді ұмытпаңыз

Ішкі істер министрлігі осы мерзімге дейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынатынын ескертеді. Егер құқық бұзушылық анықталса, әкімшілік жаза қолданылады.

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 8 527 мопед ресми тіркелген. Тіркеу рәсімін тұрғылықты жеріңіздегі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) өткізуге болады.

Тіркеу үшін қажет құжаттар:

➡️Жеке куәлік (электронды нұсқасы да жарамды);
➡️Техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
➡️Өтінішті толтыру, мопедті тексеруден өткізу және мемлекеттік нөмір мен тіркеу куәлігін алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет.

Уақытында тіркеліп, жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз!

Алматылықтар, күн жылып, мопедисттер қаптап шығып жатыр ма көшеге?😁

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

53.7k 1 30 26 117

💰Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардан 12 кг алтын тәркіленді

Шымкентте 4 мыңнан астам адамды алдаған «Nazira Gold» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды. Олар өздерін зергерлік бұйымдар сататын компания ретінде таныстырып, салымшыларға ай сайын 20-40% пайда табуға уәде берген. Алайда жаңа қатысушылардың ақшасы ескі салымшыларға төленіп отырған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған. Тінту кезінде 374 миллион теңге қолма-қол ақша мен 300 миллион теңгеден астам бағалы алтын бұйымдар (12 кг) тәркіленді. Қазіргі таңда күдіктілер екі айға қамауға алынып, тергеу жалғасуда.

👀Кім алданды? Салымшылар бар ма?👇

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

56.4k 1 67 345 256

🟥Бүгін – Ұлттық киім күні! Бұл күн – қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған мереке. Бұл күнде халық ұлттық киімдерін киіп, дәстүрлі мәдениетті насихаттауға атсалысады. Қазақтың шапан, камзол, сәукеле, тымақ, тақия сияқты ұлттық киімдері халықтың тарихы мен тұрмысынан сыр шертеді.

Еске салсақ, бұл күнді ресми түрде белгілеу бастамасын Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев көтерген болатын. Ол ұлттық киімді насихаттау арқылы қазақы дәстүр мен мәдениетті жаңғыртуға шақырды.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


🔐Өзгенің ЭЦҚ кілтін заңсыз пайдаланғандарға айыппұл салынады

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану ережелері күшейтілді. 13 наурыздан бастап басқа адамның ЭЦҚ кілтін заңсыз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Айыппұл мөлшері:

➡️Жеке тұлғаларға – 50 АЕК (196 600 теңге)
➡️Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (393 200 теңге)
➡️Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК (589 800 теңге)

Бұрын жауапкершілік тек ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға заңсыз беру және оны қорғау шараларын сақтамаған жағдайда ғана қарастырылса, енді жаңа талаптар бойынша ЭЦҚ-ны рұқсатсыз пайдаланған адамдар да жауапқа тартылады.

Бұл шаралар цифрлық қауіпсіздікті нығайтып, азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтуге бағытталған.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

64.4k 1 40 44 229

✍️Президент жаңа Бюджет кодексіне қол қойды.

🟢Салық-бюджет, ақша-несие және фискалды саясат бірізділікке келтіріледі.

🟢Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі күшейтіліп, бюджет мерзімдері қысқартылды. Бюджет бағдарламалары әкімшілерінің өкілеттігі кеңейтілді.

🟢Мемлекеттік борыш пен кепілдіктер лимитін бекіту құзыреті Парламентке беріледі.

🟢Бюджеттің кіріс бөлігін сапалы жоспарлау және квазимемлекеттік секторға мемлекеттік дивиденд саясаты енгізіледі.

🟢Қор қаражаты тек маңызды жобаларға жұмсалады, бюджеттен тыс пайдалануға тыйым салынады.

🟢Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың борышын бақылау күшейтіледі.

🟢Азаматтардың бюджет қаражатын бөлу процесіне қатысуы заңмен бекітілді.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


⚡️Қазақстанда жол жүру ережелері өзгерді: жаңа айыппұлдар енгізілді

🚑🚓Енді жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермеген жүргізушілерге 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

Сондай-ақ, жүріп келе жатқан көліктен басын шығарғандарға 40 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Жаңа өзгерістер жеңілдетілген тұстарды да қамтиды.
Егер жол-көлік апатына кінәлі жүргізуші адам өліміне себеп болмаса, бұған дейін жарты жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылса, енді 80 мың теңге айыппұлмен шектеле алады.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

84.6k 1 83 102 354

📌Air Astana мен Fly Arystan жолаушыларға жаңа талап енгізді

13 наурыздан бастап Air Astana және Fly Arystan әуе компаниялары электронды темекі мен пауэрбэнктерді тек қол жүгімен алып жүруге рұқсат етеді. Оларды жүкке тапсыруға болмайды, ал батареялар арнайы жүк сөрелерінде сақталуы тиіс.

✈️❌Бортта электронды темекі қолдануға қатаң тыйым салынған.

🔋Батареяларға қойылатын талаптар:

✔️100 Вт-қа дейінгі батареялар – еркін тасымалданады;
✔️100-160 Вт – тек авиакомпанияның рұқсатымен (әр жолаушыға 2 данаға дейін);
160 Вт-тан жоғары немесе белгісіз батареяларды алып жүруге тыйым салынған.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

78.2k 1 32 26 159

📱TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейтеді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, TikTok балалардың онлайн қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа функциялар енгізді.

Енді ата-аналар:
➡️Балаларының қосымшаны қолдану уақытын шектей алады;
➡️Цифрлық детокс үшін арнайы кесте орната алады;
➡️Белгіленген уақытта TikTok-ты пайдалануға рұқсат бере алады немесе бұғаттай алады.

Жаңа «Демалыс» функциясы қосымшаны уақытша бұғаттауға мүмкіндік береді, ал «Отбасылық баптаулар» ата-аналарға балаларының аккаунты туралы толық ақпарат алуға көмектеседі.

Алдағы уақытта балаларға қауымдастық ережелерін бұзатын контент туралы ата-аналарына хабарлау мүмкіндігі қосылмақ.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

73.2k 1 10 58 272

🚕Таксистер үшін жаңа салық режимі енгізіледі

Салық кодексінің жаңа жобасында такси жүргізушілеріне жеңілдетілген салық шарттары қарастырылған.

➡️ҚҚС (НДС) мен басқа салықтар алынбайды.
➡️Жеке табыс салығы – 0%.
➡️Тек 4% бірыңғай төлем төленеді, оған:
✅Зейнетақы жарналары
✅Әлеуметтік аударымдар
✅Медициналық сақтандыру кіреді.

🟢Бұл режимді жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ қолдануға болады.

Яғни, такси жүргізушілері үшін салық жүктемесі өзгеріссіз қалады.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

69k 1 56 102 205

📱Балаларға арналған SIM карта енгізіледі

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы SIM карта іске қосылмақ. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді.

📌Жаңа SIM картаның басты артықшылықтары:

🔹Ата-ана бақылауы – Баланың онлайн әрекеттерін қадағалауға мүмкіндік береді.
🔹Қорғаныс сүзгілері – Зиянды және қажетсіз контенттен қорғайды.
🔹Геолокация қызметі – Баланың орналасқан жерін анықтауға көмектеседі.

Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, бұл бастама байланыс операторларының қолдауымен жүзеге асырылады.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


🕌Күнделікті өмірде әрбір ісімізді дұғамен бастау және аяқтау – сүннет. Таңертең оянғанда, үйден шығарда, ас ішкенде, жұмысқа кіріскенде, қиындыққа тап болғанда немесе қуанышты сәттерде Алланы еске алып, дұға ету – мұсылманның әдеті болуы тиіс. Алла Тағала Құранда: «Егер Менен сұраса, жауап беремін» (Бақара сүресі, 186-аят) деп уәде еткен.

❤️Сондықтан әрдайым дұға жасап жүру – жүрекке тыныштық, өмірге береке, қиындыққа сабыр және ақыретке сауап әкелетін құнды амал.

📌Сіздерге күн сайын қажет болатын таңдаулы 10 дұғаны ұсынамыз:

➡️қабырғаға немесе басқа жерге іліп қоюға ыңғайлы;
➡️заманауи стильде;
➡️арабша транскрипциясы және аудио нұсқасы да бар;
➡️кітап арқалап немесе интернеттен іздеп отырмайсыз, әрқашан көз алдыңызда тұрады. Осылайша сіз дұға етуді ұмытып кетпейсіз.

🎁Сонымен қатар, ауызашарға барсаңыз немесе ауызашарға келген қонақтарға сыйлық ретінде сыйлауға таптырмас дүние.

📷Instagram - парақшаға өтіп, дизайнын көре аласыз: 👇

https://www.instagram.com/musylman_qorgany_dugalary?igsh=eDR4NGV0aXM2cmQ=

‼️Дұғалар жиынтығы саны көп емес, санаулы. Үлгеріп қалыңыз.

Толық ақпарат білу және тапсырыс беру үшін төмендегі ватсап нөміріне жазыңыз👇

📞 wa.me/77071999091
📞 wa.me/77071999091
📞 wa.me/77071999091


🏠Биыл жас ғалымдарға 140 баспана тегін беріледі

Алғаш рет жас ғалымдарға 351 пәтер беріліп, оның 61-і президенттің тікелей тапсырмасымен тегін ұсынылды. Жалпы, биыл 140 пәтер тегін беріледі.

Толығырақ⤵️

https://dauletten.kz/articles/biyl-zhas-galymdarga-140-baspana-tegin-beriledi

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

71.5k 1 48 54 299
Показано 20 последних публикаций.