Ел аузында


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


🗣️Ел аузындағы елеулі жаңалықтар мен маңызды ақпараттар📰

Жарнама немесе ұсыныстар бойынша: @YerekentiKZ
Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін👉🏻 https://t.me/+xkxeg3id2fQ0NzUy


Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😳Атырау облысының полицейлері жоғалған баланы кәріз құдығынан тауып құтқарып қалды

19 қыркүйек күні сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылы 1993 ж.т тұрғыны хабарласып, 20 минут бұрын үйінен 5 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Полицейлер баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан байқап, шығарып алды.

Баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өткізілді.

Балаларымызға абай болайықшы…

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
💥Әзірбайжан Таулы Қарабахта "антитеррористік операция" басталғанын мәлімдеді.

Желідегі мәліметтерге сәйкес Степанакерт пен Қарабахтың өзге де елді мекендеріне жаппай соққы жасалған. Ал «Баграмян 26» арнасының мәліметінше қазір аймақта байланыс жоқ.

Бақу мұны «антитеррористік шара» деп атады. Әзірбайжан әскері осылайша Арменияның қарулы күштерін Таулы Қарабахтан шығарып, «конституциялық тәртіпті қалпына келтірмек».

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
❗️Видеода балағат сөздер бар: Алматыда курьер пышақ сермеп, адамдарға сес көрсеткен

Желіде тараған видеодан жанжалдасқан адамдардың бірі пышақпен, екіншісі бақша құралымен қаруланғанын көруге болады. Даудың нақты себебі белгісіз.

Полиция бұл деректен кейін 1992 жылы туған азаматтың ұсталғанын мәлімдеді. Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес курьер иттен қорққан соң пышақ алып шығып, адамдарға сес көрсеткен.

Бұл жерде бір шикілік бар сияқты. Жалғыз курьер емес, видеоға түсіріп тұрғандар да бірдеңе жасаған сияқты ғой. Видео толық емес болғасын да түсініксіз

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📹Ақтөбеде ломбардқа жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды.

Бетіне маска киген ер адам қолына тапаншаға ұқсас зат ұстап, ломбардқа қарақшылық шабуыл жасапты. Ол әйелді қорқытып, кассадан 1 миллион теңге ұрлап кеткен. Көп ұзамай 42 жастағы күдікті ұсталды.

Ұрлық түбі - қорлық.

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🤣Астанада зейнеткер өнеркәсіптік альпинисті ұры екен деп ойлап, арқанын кесіп тастаған.

«Апай, неге арқанымды кесіп тастадыңыз? Неге олай жасадыңыз? Енді қалай түсемін?» - дейді ер адам видеода.

Полиция бұл деректі растады. Мәлім болғандай әже альпинисті ұры екен деп ойлаған. Ал ер адам зейнеткерге арыз жазудан бас тартыпты.

Апамыз қорқып кеткен шығар😊

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😡Алматы облысында 8 жасар қызды ұрлап әкетпек болған қаскөй 10 жылға сотталды

Оқиға Қарғалы ауылында болған еді. Ер адам қаршадай қызды мектебіне жеткізіп тастаймын деп қонақ үйге алып бармақ болған.

Сонда қыз жолай өтіп бара жатқан әйелден көмек сұрап үлгерген.

Анасы қаскөйді қатаң жазаға тартуды сұрады. Сот айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Не бәле, азғындар көбейіп кеткен бе?! Мына кісі болмағанда зорлап тастар ма еді кішкентай қызды!😤

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


😭Алматы облысында ер адам екі баласы бар әйелді өлтіріп, кейін үйді өртеп жіберген

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 14 қыркүйекте сағат 23:24-те Іле ауданының Полиция басқармасына Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің біріндегі өрттен кейін К. мен оның екі кәмелетке толмаған (2010 және 2015 ж.) баласының зорлық-зомбылық белгілері көрінетін мәйіттері табылғаны туралы ақпарат түскен.

Қазір күдіктіні анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Адамдар не болып барады?! Құдай сақтасын…

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


"Камызяки" тобының ұйымдастырушылары ресми түрде Қазақстандағы концерттерінің өтпейтінін хабарлады.

Бұл туралы ақпарат VI project event агенттігінің негізін қалаушы Ольга Лидің парақшасында жарияланды.

Еске салсақ, қазақстандықтар Азамат Мусагалиевтің елге келуіне қарсы шығып, петиция жариялаған еді.

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


🚫Украинадағы соғысты қолдаған "Камызяки" тобының Алматыдағы концертіне билеттер сатылымы уақытша тоқтатылды

Бұған дейін жұртшылық "Камызяки" тобының Қазақстанда концерт беруіне қарсылық танытқан еді. Тіпті “Камызякидің” Қазақстанда жоспарланған концерттерін өткізбеу туралы петиция да жарияланған. Топ құрамында этникалық қазақ Азамат Мұсағалиев те бар.

Қазір Kino.kz және Ticketon.kz сайттарында билет алу уақытша мүмкін емес. Тілшіміздің сауалына Kino.kz сервисінің операторы жауап беріп, концерттің болмай қалуы ықтимал екенін жеткізді.

"Бүгінде концерт жайлы нақты ақпарат жоқ. Дегенмен концерт болмай қалуы да мүмкін. Сондықтан билет брондау уақытша тоқтатылды", – деді оператор.

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


💦Астанада түкіргені үшін 1200 адамға 19 миллион теңге айыппұл салынған.

Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, түкіру фактісі Астанадағы базарлардың маңайында жиі кездеседі. Олардың барлығы бейнекамералардың көмегімен анықталыпты.

Түкіргенде абайлаңыздар))

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


😱Шымкентте ер адамның мәйіті битум құйылған бөшкеден табылды.

Оқиға 11 қыркүйекте таңертең «Олакс» ЖШС-да болған. Кәсіпорын бояу материалдары мен полимер өнімдерін дайындайды. Мәйітті алып шығу үшін құтқарушылар тыныс алу аппараты мен альпинистік жіптерді қолданған.

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


❗️Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектепте орамал тағу мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

📝«Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес. Орамал тағу ұлттық дәстүріміз. Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс. Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек.

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылады. ҚМДБ өз құзыреті аясында бұл мәселеге қатысты уәкілетті мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар берді. Мұсылман жамағатының өтініші ескеріліп, оң шешім қабылданады деп үміттенеміз»
, – делінген мүфтият мәлімдемесінде.

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😱Мароккода магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі Марокконың Марракеш қаласынан шығысқа қарай шамамен 72 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпулері елдің солтүстігіндегі Марокко астанасы Рабаттан оңтүстігіндегі Сиди Ифни қаласына дейін сезілгені хабарланды.

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, кем дегенде 93 адам жер сілкінісінің құрбаны болды. 30-дан астам ғимарат қираған. Ауруханалар толып жатыр.

Аллаһ апаттан сақтасын баршамызды🤲

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


😒Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы «қызды ұрды» деп айыпталды.

Бұл туралы зардап шеккен қыз әлеуметтік желіде жазды.

📝«Депутаттардың ұлдары әкесінің тегіне осылай кір келтіреді. Ешбір қыздың Тұрлыханов Әкежан Дәулетұлымен тоғыспайды деп үміттенемін», - деп жазды ол.

Ал Дәулет Тұрлыхановтың өзі ұлының ересек адам екеніне сілтеп, мәселені өздері шешеді деді.

Ол екінші ұлымен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Мәжілісмен бұл жағдайдан бейхабар болғанын, жаңа ғана білгенін айтты.

Ағамызды ұлдары шаршатты-ау әбден🙁

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😁Қазақ еліне +1 қоңырат

🗣Ангола азаматы, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 4-курс студенті Ферейра Элиша президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қазақ тілінде сөйлесті.

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


❄️Елімізде алдағы күндері қар жауады деп күтіледі.

Қазгидромет мәліметінше 5-7 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жаңбырлы, салқын ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында кей жерлерде жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын жауады.

5 қыркүйекте кей жерлерде жаңбыр және қар жауады деп болжанып отыр.

Сіздің өңірде ауа-райы қалай? Қыстың иісі шығып жатыр ма қалай өзі?!)

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


😱Әлеуметтік желіде сотталушыларды азаптау сәтінің видеосы тарады

Журналист Вадим Курамшин Facebook-парақшасында түзету мекемесінде түсірілген видеоны жариялады. Сотталушылардың бірінің бейджигінде белсенді Тимур Дәнебаевтың есімі жазылған.

Кадрдан колония қызметкерінің сотталушымен әңгімелесіп жатқанын көруге болады. Сотталушы дәретхана еденін жуудан бас тартқан көрінеді, бірақ қызметкерлер оны жерге жатқызып ұра бастайды.

Редакция Қылмыстық-атқару жүйесі комиетінен бұл жағдайға қатысты пікір сұраған. Әзірге комитет жауап бермеді.

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


😠Астанада жолаушының көзінше өзін қанағаттандырған ер адам шетел азаматы екені анықталды.

Полиция ер адамды ұстап, үстінен із қозғаған. Нәтижесінде ол 15 тәулікке қамауға алынды. Әрі шетел азаматы болғандықтан жолаушы тасымалдауға оған рұқсат берілмеген екен. Ер адам қамаудан босатылған соң елден кетуі керек.

Шетел болғанда осы ТМД елдерінің азаматы болар?!🤔«Наглый» шетелский азамат екен🙄

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында

24k 0 5 15 98

🫣Алматыда автобуста ер адам жолаушыларды пышақпен қорқытты

Куәгердің айтуынша, оқиға 30 тамыз күні №135 автобуста болған. Ер адам басқа жолаушымен төбелесіп, пышағын суырып алып, адамдарды қорқыта бастаған. Автобус жолаушылары болған оқиғадан қатты шошынған. Олар жүргізушіге есікті аш деп айқайлайды. Аялдамаға келгенде ер адам қоғамдық көліктен түсіп қалған.

Ал полиция автобуста шу шығарған ер адамның психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғанын мәлімдеді.

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🔞😂Астанада такси жүргізушісі жолаушының көзінше өзін қанағаттандырған

Жолаушының сөзінше, жүргізуші айна арқылы артқы жаққа қарап, әрі қарай қозғалысын жалғастыра берген. Бұдан кейін ол такси сервисінің клиенттерді қолдау қызметіне шағым түсіргенін айтады.

Қазір полиция жүргізушіні іздестіріп жатыр екен.

Неше түрлі адамдар бар ғой🤦‍♂️Мына таксист қауіпті негізі…

👉Қызықты әрі маңызды жаңалықтар осында

23k 0 27 37 177
Показано 20 последних публикаций.