Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🏥«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында амбулатория ашылды
📣Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласына қарасты Кендірлі ауылында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жаңа амбулатория пайдалануға берілді.
⚡️Ғимараттың ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасы Темір Мусаев, Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейт Қайнарбаев, қалалық мәслихат депутаттары, ақ халатты абзал жандар мен ауыл тұрғындары қатысты.
🗣Өз кезегінде, Темір Мусаев дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, сапалы әрі жедел медициналық көмек алуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Осылайша, жаңа ғимараттың лентасын Кендірлі ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожабай Есімов пен ардагер дәрігер Құдайберген Жалымбетов кесті. Ашылу салтанатына қатысушылар амбулаторияның мүмкіндігімен танысып, жұмысына сәттілік тіледі.
📌Айта кетейік, аталған амбулаторияның жалпы ауданы – 5100 шаршы метр. Онда бір ауысымда 50 адам қабылдау мүмкіндігі бар. Медициналық мекемеде диспансерлеу, профилактикалық қарап-тексерулер мен ерте диагностика бойынша қызметтер көрсетіледі.