🔥 АЛҒАШҚЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ МЕКТЕБІ АЯҚТАЛДЫ!
Сонымен, THE TENGE онлайн қаржылық сауат ашу мектебінің бірінші ағыны тәмамдалды. Курсқа жазылғандар екі түрлі форматта оқуға мүмкіндік алды — офлайн Астана мен Алматыда екі сабақ өтті және біреуі онлайн өтті, оған еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтар қатысты. Модульдерді тыңдап, талдаулар және пікірталастарға басынан соңына дейін белсенділік танытып қатысқан, оқуға уақыт бөлгендердің барлығына алғысым шексіз. Әсіресе үй тапсырмасын уақтылы орындағандарға рахмет!
Мектеп ашылғанда мыңға жуық адам тіркелді. Соңына дейін 833 қатысушы жетті, оның 143-і үй тапсырмаларын толық орындап, соңғы сынақтан өтті. Өкінішке қарай, үй тапсырмасын орындаушылар саны модуль өткен сайын азая түсті. Бірақ мен үмітімді үзбеймін және мектеп тегін болса да (көп адам тегін оқу бағаланбайды, ақылы ету керек деп айтқан еді) мен бұл мектептен кемінде бір адам қажетті ілім-білім жинап алып шықты деп сенемін. Себебі оқушыларымнан жауған жылы лебіздерге қарағанда, біраз адамға бұл сабақтар қаржылық мәдениетін арттыруға демеу болған.
Мектепте біз ақшамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын үйрендік және қаржылық сауаттылықтың не екенін және оның не үшін қажет екенін білдік. Бюджетті санадық, шығындарды талдады, армандарды мақсатқа айналдырдық, әркім өз тәуекел-профилін анықтады, акциялар, облигациялар деген не, қор нарығы қалай жұмыс істейтінін және брокерлер мен биржаның не үшін қажет екенін білді. Барлық теориялық Модульдер Youtube арнасында қолжетімді.
Мен жыл соңына дейін осы курсты тағы да жетілдіруге тырысамын. Келесі курстарды да офлайн және онлайн режимде өткізетін боламын. Сондай-ақ, қаржылық білімі озық аудитория үшін жаңа инвестор курсы болатынын айтқым келеді. Өкінішке қарай, жасөспірімдер мен балаларға арналған жеке курс жасау идеясын кейінге шегеруге тура келіп отыр, өйткені оны қалай және қайда оқытуға болатындығы шешілмеді және балаларға ақпарат тарату мәселесінде, әсіресе жасөспірімдермен онлайн режимде жұмыс жүргізуде заңды шектеулер бар. Сол себепті келесі жылы мен ата-аналар мен мұғалімдерге балалармен және оқушылармен ақша жайлы қалай сөйлесу керектігі туралы арнайы нұсқаулық шығарамын. Мен оны мүмкіндігінше практикалық етуге тырысамын, қажет болған жағдайда мұғалімдер оны сабақта оңай қолдана алатын болады.
Көптеген адамдар мектептегі оқуды ақылы ету керек, сонда үлгерімдері жақсы болады деп айтуда, бірақ оған қарсымын. Мен білім үшін ақша алғым келмейді. Жеке жағдайым білгеніммен тегін бөлісуге мүмкіндік беріп тұрғанша, менің курстарым тегін болады. Сондықтан менің әлеуметтік желілеріме жазылып, келесі мектеп ағындары туралы хабардар болыңыз! Кездескенше!
@FINANCEkaz