Ақтөбе қаласының шетінде орын алған адам өлтіру Өткен жылдың мамыр айының соңында Ақтөбе қаласының шетінде (мал базары ауданында) екі жасөспірімдер тобының арасында суық және атыс қаруын қолданумен төбелес орын алды.
Нәтижесінде
8 жасөспірім атыс және пышақ жарақатын алып, 1 кәмелетке толмаған Ақтөбе қаласының тұрғыны қаза тапты.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, марқұмды автокөлікпен қағып, оған көптеген пышақ жарақаттарын салған.
Осы күні облыстық полиция Департаментімен ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Облыс прокуратурасымен қылмыстық іс бақылауға алынып, процестік прокурорлар тобы тағайындалды.
Полиция қызметкерлерімен жедел түрде қылмысқа қатысы бар
10 тұлға ұсталып, олар уақытша ұстау абақтасына қамалды.
Сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық іс тергеушінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы баяндамасымен прокуратураға келіп түсті.
26.02.2025 жылы облыс прокуратурасымен айыптау актісі жасақталып, іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
#ЗАҢменТӘРТІП Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/951931?lang=kk🌐
https://t.me/GenPrFacebook |
Instagram |
YouTube |
Сайт ГП