📌ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында нематериалдық мәдени мұраны сақтау және қорғау мәселелері қарастырылып, арнайы заң жобасын әзірлеу бастамасы көтерілді. Іс-шараға Парламентариз институтының бас маманы Сәулен Нұржан қатысты.
🔹Депутат Ерболат Сатыбалдиннің айтуынша, заң жобасы ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қорғауды көздеп, оларды қорлауға жол бермеу шараларын қамтуы қажет. Оған мысал ретінде қоғамда үлкен резонанс тудырған, киіз үйде ашық киіммен билеген қыздардың бейнежазбасын атады.
🔹Сонымен қатар, бұл мәселелерді реттеуге жауапты мемлекеттік органдарды нақтылау қажеттігін атап өтті.
🔹Ұлттық мәдени мұра – қоғам құндылығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мәдени мұраны сақтау мен дамыту жөнінде бірнеше рет басымдықтар белгілеп, оның маңыздылығын атап өткен болатын. Биыл Қазақстан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне «салбұрын» және «беташар» дәстүрлерін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
🔹Заң жобасының негізгі міндеттері
Алдағы заң жобасы ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қорғау және насихаттауды мақсат етеді. Оның басты бағыттары:
🔹Материалдық емес мәдени мұра ұғымын айқындап, оны қорғау тетіктерін енгізу;
Қоғамда мәдени құндылықтарға құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру;
Халықаралық тәжірибе негізінде ұлттық мұраны сақтау бойынша тиімді механизмдерді енгізу;
Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларын қарастыру.
Қоғамды кеңінен тарту жоспарлануда
Ұлттық мәдени мұраны қорғау жөніндегі шаралар қоғамның белсенді қатысуын талап етеді. Заң жобасын әзірлеу барысында мемлекеттік органдар, сарапшылар, ғалымдар және азаматтық қоғам өкілдері жұмылдырылатын болады.
Бұл бастама ұлттық мәдениеттің сақталуына және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге айтарлықтай үлес қосады.

«Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың қоғамдағы орнын нақты анықтап, оларды дәріптейтін адамдардың мәртебесін бекітуіміз керек. Осындай әрекеттерге қатысты жауапкершілікті заңнамалық деңгейде қарастыру маңызды», – деп атап өтті депутат.