Дастан Құрманбаев dan repost
Бірде халифа Харун Рашидтің құзырында бір жігіт иненің тесігінен жіпті қадап өткізетін өнерін көрсетеді. Сонда Харун Рашид: «Мына адамға жүз динар беріңдер және жүз дүре соғыңдар», – дейді. Уәзірлері түсінбей: «Не үшін?» – деп таңырқайды. Харун Рашид: «Көрсеткен өнері үшін жүз динар беріңдер. Ақылы мен уақытын босқа жұмсағаны үшін жүз дүре соғыңдар», – деген екен.