🔹Қазақстан Елшілігі Бакуда өткен Халықаралық ұлттық мәдениеттер фестивалінде елімізді танытты
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі ADA университетінде өткен Халықаралық ұлттық мәдениеттер фестиваліне қатысты. Іс-шараға Әзербайжанда аккредиттелген 39 елдің дипломатиялық корпусының өкілдері атсалысты.
Ашылу салтанатында ADA университетінің проректоры Фариз Исмаилзаде фестиваль 12-ші рет өткізіліп жатқанын және университеттің көпмәдениетті құндылықтары мен оның интернационалдық атмосферасын көрсететінін атап өтті.
Фестиваль шеңберінде 500-ден астам қатысушы бас қосып, елдерінің мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен, тарихымен, дәстүрлерімен және туристік мүмкіндіктерімен танысты.
Қазақстан Елшілігінің стендінде қазақ тағамдары мен тұрмыстық заттар, еліміздің тарихы, ерекше салт-дәстүрлері, көрнекті тұлғалары мен қайраткерлері туралы кітаптар көрсетілді. Іс-шара қонақтары Қазақстанның көрікті жерлерін және жаратылыстағыдай әсем табиғатының суреттерін тамашалай алды. Қазақ стенді іс-шараға қатысушылар мен Әзербайжан БАҚ өкілдері тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды.
Концерттік бағдарлама аясында қонақтарға атақты композитор Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі шертілді, ал фестиваль барысында белгілі күйші Боранқұл Көшмағанбетовтың «Кең жайлау» композициясы шырқалды.