Дінге қызмет тек шариғат ілімін оқумен жүзеге аспайды. Бірақ адамдар шариғат ілімін тоқтаусыз үйреніп жүрулері үшін басқа саладағы кісілер оларға көмек қолын созулары қажет.
Ең кемі өз отбасыңыздан бастаңыз. Екі ұлыңыз болса, біреуі шариғат оқып, ал екіншісі басқа бір салады үлкен жетістікке жетіп, шариғат оқып жүрген бауырын қаржылай қамтамасыз етсін. Сол кезде екеуі де дін жолында жүрген болып саналады иншаа Алла. Және кәсіпте жүрген бауыры, шариғат ілімін оқып жүрген бауырының себебімен ризығына береке кіреді. Оған нақты дәлел бар хадисте.
Жалпы қызметтің түрі көп, әркім өз саласымен қоғамда діннің дамуына өз үлесін қоса алады.
Манчестер Сити, ПСЖ секілді атақты футбол клубтарының президенттері арабтың байлары. Солар Ислам дінінің дағуатына бір кішігірім бөлігін болсын арнағанда, бәлкім әлемнің барлық түкпіріне дейін Исламды насихаттай алар ма едік… Көп нәрсе қаржыға келіп тіреледі ғой.
Дінсіздік пен арсыздыққа миллион емес, миллиардтаған, трилиондаған доллорлар жұмсалып жатыр. Нәтижесінде барлығымыз ұрпағымыз үшін қорқып, сол арсыздық пен жамандыққа еріп кетпейді ме екен деп уайымдап жүрміз. Қашан мұсылмандар дәл сондай қаражатты жұмсап бастайды, сол кезде ғана көптеген жамандыққа төтеп бере алатын шығармыз.
Алла бұл дінді бізсіз-ақ сақтайды. Бірақ біз оған ат салысамыз ба? Маңыздысы осы.