Postlar filtri


Школа Абу Ханифы (رحمه الله) dan repost
📝 Преподаватели шариата среди сестёр

Одной из проблем нашей общины является недостаток устазов по шариату среди сестёр в таких шариатских дисциплинах, как акыда, фикх и т.д. Многие сестры начинают учиться, но после брака оставляют обучение из-за занятости детьми и их воспитанием.

Я думаю, эту проблему можно решить, если сестры будут выходить замуж за толибов. В этом случае они смогут получать знания прямо дома. Многие толибы любят преподавать, и я уверен, что они с удовольствием будут обучать своих супруг. Так сестра получит квалифицированного консультанта по шариату, и ей не нужно будет обращаться за консультацией к постороннему мужчине. А умма, в свою очередь, получит хорошую устазу, способную обучать других.

#манхадж


Мын екі сипат бойымызда табылса, құрыдық дей беріңіз…

Ұлы сахаба - Әли (Алла одан разы болсын) ескертеді:

Сендер үшін ең қатты қорқатын екі нәрсе бар.
Үміттің үлкен болуы (яғни, әлі ұзақ өмір сүрем деген үміт) және нәпсі қалауына еру.

Себебі үміттің үлкен болуы - ақыретті ұмыттырса, нәпсі қалауына еру - ақиқаттан тосады


📖 ظاهرة ضعف الإيمان…


Сен қаласаң да, қаламасаң да келетін болашақ!

Луқман хәкім өз ұлына:

Сен өмірге келгеннен-ақ дүниені артыңда қалдырып, ақыретке қарай беттегенсің…
- деген екен.


Ең кемел ризық не?

Имам Шағроуи (Алла оны рақымына алсын) айтады екен:

Мал-мүлік - ризықтың ең төмені.
Денсаулық - ризықтың ең жоғары дәрежесі.
Бала-шағаның тура жолда, салиқалы болулары - ризықтың ең абзал түрі.
Ал Раббының разылығы - ең кемел ризық


Қазақ еліне + 1 керемет туынды!


Nurbol Rakhmatilla dan repost
Құрметті Оқырмандар !
Сүйінші 🥳

ИСТИДРАЖ – Алланың тұзағы.

Аллаға шексіз мақтау мен мадақ болсын! Қасиетті Жұма күні алғашқы еңбегіміз – “Алланың Тұзағы және одан құтылу жолдары” атты кітабымыз оқырманға жол тартты.

Бұл кітапта адамның рухани әлеміне терең үңіліп, Алланың тұзағы деп аталатын сынақтардың сырын түсіндіру мен олардан құтылу жолдары ұсынылған. Көзге көрінбейтін, бірақ жүректі байлайтын сынақтар туралы нақты, түсінікті әрі әсерлі түрде баяндалады.

Өмірінің мәнін іздеген, рухани өсуге ұмтылған әрбір жанға арналған бұл еңбек Алланы тануға, Оның хикметін ұғынуға және тура жолдан таймауға бағыт береді.

🚚Тапсырыс беру үшін✅

Кітап саны шектеулі! Бүгін тапсырыс беріп, рухани әлеміңізді байытыңыз!


Күнәні жек көр, күнәһарды емес…!

Ұлы тұлға - имам Шафиғи (Алла одан разы болсын) шәкіртерінің біріне берген теңдесіз насихатында былай дейді:

1) Уа Юнус, әрбір тартыста жеңуге тырыспа… Себебі, кейде жүрекке жол табу - бедел мен абырой иемденгеннен де абзалырақ.

2) Уа Юнус, өзің тұрғызып, жүріп өткен көпірлерді қиратушы болма… Мүмкін, күндердің бір күні қайтуға мұқтаж болып қаларсың.

3) Қатені жек көр, қателесушіні емес!

4) Бар жан-тәніңмен күнәні жек көр, бірақ, кешіре біл және күнәһарға мейірімді бол…

5) Уа Юнус, сөзді сына да, сөйлеушіні құрметте…

Өйткені біздің мақсатымыз - ауруды жою ғой, ауырып тұрған адамды емес…


حياتنا بعد الموت…


Сынақтарым көбейіп кетті…?

Абуль-Фараж ибн әл-Жәузи (Алла оны рақымына алсын) айтады екен:

Сынақтар - қонақ. Ендеше оны жақсылап күткейсің! Ертең жамандап, жазғырып емес, бәлки алғыстарын жаудырып, мақтап кетулері үшін.

Егер сынақтар болмағанда, қиямет күні банкрот болған күйде келер едік… Ғайыпты білгеніңде, қайғы-мұңды жақсы көрер едің. Аллаға дәйім, тоқтамайтын мақтаулар болсын… Қиындықтар арасында жеңілдіктің келері де мәлім.

Өмір жеңіл болғанда, сабыр жәннәт есіктерінің бірі болмас еді…”

حياتنا بعد الموت


Соңғы сәттің көркем болуы - кездейсоқ нәрсе емес.
Ол - сүрген өміріңнің өте қысқа әрі айқын қорытындысы…
Ән-Набулуси

حياتنا بعد الموت…


Iman turaly aıtshy Ислам dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
В штате Оклахома мусульмане 5 лет добивались разрешения сделать отдельное кладбище. И наконец добились. На следующий день после этого имаму звонит американка (не мусульманка) и просит похоронить там свою маму. Оказывается, мама (китаянка) приехала навестить её, в аэропорту в телефонном справочнике нашла телефон мечети и дочери сказала "если что, звони сюда, это мои братья". На второй день в штатах она умерла во сне. Поэтому дочь позвонила имаму. Имам говорит "ок, ничего не готово, но мы ее похороним у нас". После джума намаза прочитали джаназу, дети и бывший муж этой женщины были в шоке, что столько людей провожали их мать в последний путь. Сын спросил "кто все эти люди?" Имам говорит "мы её братья". Потом дочь протянула имаму бумажку мамы и говорит "что там написано?" Имам заплакал и сказал: "Господи, наставь моих детей на прямой путь". И дети женщины приняли Ислам. Бывший муж говорит "зарезервируйте мне место возле неё, сколько это стоит?" Имам ответил: "это стоит Ля иляха илляЛлах". Он тоже принял ислам.


Мына каналға тіркеліп қойыңыздар. Берер пайдасы, айтар насихаты көп бұл канал иесінің. Еліміздің ғалымдарын…


Сырымбек Әділболатұлы dan repost
Түркия елінде «Жегендей болдым» деп аталатын мешіт бар. Оны бір адам ұнатқан тамағын жегісі келген сайын: «жегендей болдым» деп, сол тамаққа кететін ақшаны жинап, мешіт салған. Осы секілді, қазіргі заманда шәкірттер телефонға қарағысы келген сайын: «көргендей болдым» деп, сол уақытын кітапқа арнаса, қандай жетістікке жетер еді…


Сенің жалғыз жауың - шайтан. Оны басқадан іздеп қайтесің?


Ақша бәрібір кетеді. Сондықтан, оны көбірек сауап алар жаққа бағытта!

Уақыт бәрібір кетеді. Оны пайда әкелетін нәрсеге жұмса!

Энергия бәрібір кетеді. Оны тиісті жерде қолдан!

Өмір бәрібір өтеді. Оны Алла разы болатындай өткіз!


Бөлінбейік…

Сіздермен ұстазымыз шейх Ахмад әл-Фадылдың (Аллаһ оны сақтап, панасына алғай) бір насихатымен бөліскім келеді:

ЕШҚАНДАЙ ЖАМАҒАТҚА ҚОСЫЛЫП, ОНЫҢ ТУЫН КӨТЕРМЕҢДЕР. СЕНДЕРГЕ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕДТІҢ ЖАМАҒАТЫ “АҺЛЮ СУННА УӘЛЬ-ЖАМАҒА” ЖЕТКІЛІКТІ


Үлкен табиғин Абу Сулейман ад-Дарони (Аллаһ оны рақымына алсын) айтады екен:

Кім Аллаһ жайлы дұрыс ойда болып, бірақ, одан қорықпаса (яғни, күнәлі істерін тастамай жүрсе) ендеше ол өзін де, басқаны да алдап жүрген адам” деп.


- Бір ауыз сөзбен дүниенің қадірін айтып бере аласың ба?

- Ұстазымыз шейх Юсуф Хаттар (Аллаһ оны панасына алғай) бірде сабақта былай деп еді:

“Дәретханаға қай аяқпен кіресің? (Яғни, сол аяқпен)
Енді, мешіттен дүниеге қарай қай аяқпен шығасың? (тағы да сол аяқпен)
Осымен дүниенің шама-шарқы белгілі емес пе?”


- Адамда бірі екіншісіне қарама-қайшы екі сипаттың жиналуы мүмкін бе?

- Шейх Муаз Хаууа (Алла оны панасына алғай) айтады:
Байлық пен кедейлік (мұқтаждық) бір уақытта көрініс табатын сипаттардан.

Себебі, сен қанша жерден бай болсаң да, Алланың нығметтеріне кедейсің, оған мұқтажсың.

Сол сияқты, қанша жерден пақыр кедей болсаң да, сен Алламен байсың
” деп…


- Маһр беремін деп, қызды алып ап, ниетінде бермеу болса, не болады екен осы?

- Аллаһ елшісінен
мынандай хадис риуаят етіледі:
Қандай да бір кісі әйеліне маһр белгілеп, уәде берсе… Алайда, Аллаһ оның жүрегінде “бермеймін” деген ниетін көрер болса, ертең қияметте Алламен зинақор күйінде жолығады

📚Ахмад, Табарани



20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.