❗️Мәскеуде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің бастығы генерал Игорь Кириллов өлтірілді
ТАСС агенттігі жедел қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, 17 желтоқсанға қараған түні Рязань даңғылындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында жарылыс болғанын хабарлады. Екі адам қаза тапты.
Қауіпсіздік күштеріне жақын ресейлік Mash және "112" телеграм арналары жарылыс салдарынан Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің бастығы генерал-лейтенант Игорь Кириллов, сондай-ақ оның жүргізушісі қаза тапты деп мәлімдеді.
Кейінірек Тергеу комитеті жарылыс кезінде генерал Игорь Кириллов пен оның көмекшісі қаза тапқанын растады. Жарылғыш құрылғы скутердің астына қойылды, деп нақтылады ведомстводағылар.
16 желтоқсанда Украинаның қауіпсіздік қызметі Игорь Кирилловқа қарсы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Украина тергеуінің мәліметінше, генералдың бұйрығымен Ресей-Украина соғысы басталғаннан бері Ресей Федерациясының Қарулы күштері химиялық оқ-дәрілерді 4,8 мыңнан астам рет қолданған.
Игорь Кириллов 2022 жылдан бастап Ресей Қорғаныс министрлігінің брифингтерін өткізді, онда ол басқалармен қатар Украинадағы "америкалық биозертханалар" туралы айтты.
Сурет: Mash
📱 t.me/askerenews